Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин
-
Название:Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:242
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».
Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги
Бұл кітаптың жастарды тәрбиелеу үшін мағынасында шексіз зор болашақ... Кітап бек дикхатпен жазылған уақиғалардың беріректе өзің көрген, басыңнан кешіргендеріңе бүтін суреттерін ішіне алған тарихи бір әсер. Революция әрекеті тарихи түріндегі бір кітап болумен бірге, жарым әдеби де бір әсер болып шыққан».
Көкшетауда ағарту қызметінде жүрген, төңкеріске қатысқан азаматтармен сабақтас болған Нәписә есімді татар қызы: «Сіздің кітабыңыздың тілі өте бай, өте түсінікті екен. Жақсы жазылған екен», — деп, Көкшетау «Алашордасының» әрекеттерін, адамдарының толық түрлерін жазып берді.
Омбыда Колчак түрмесінде азап тартқан, одан соң 1919 жылғы декабрь көтерілісінде, көтеріліс жасаушылар түрмеден босатылып, сол күнгі аз ғана көтерілісшілердің, Колчактың қалың әскерімен атысып шайқасқанында болған Рахматуллин деген жігіт (ноғай жігіт) Қарақалпақтан маған жазған хатында: «Тар жол, тайғақ кешу» деген кітабыңызды оқығанымда Колчак түрмесінде отырғанымыздағы залымның көрсеткен бейнеттері көз алдыма түсіп, көзімнен екі-үш рет жас шықты», — дейді. Рахматуллин сол желтоқсандағы көтерілістің оқиғаларын толық қылып жазып және түрмедегі оқиғаларды және сондағы «Алашорда» балапандарының мен білмейтін сұмдықтарын жазып отыр.
Семей округінің бір жас талабы, Жүсіпбек Уәлитұлы деген жігіт (жаңағы Рахматуллин да, Уәлитұлы да мен танымайтын жігіттер), маған жазған хатында:
«Сіздің әдебиетте жасқаншақтық, мүгедектік, мұратшылдық дегеннен түк жоқ, сіз төңкеріс азабын тартқандықтан, жазған сөздеріңіз адамды неғұрлым ерлікке, төзімділікке, талапшылыққа ұмтылтады. Сол себепті, сіздің әдебиет әсерлі...» — дейді. Ташкендегі Қазақ орман техникумында оқитын «мыс» деп қол қойып бір танымал емес жігіт жазады:
«Тар жол, тайғақ кешуді» оқып шықтым. Тілек орындалды... Көп білім, көп өнеге!.. Өткен тарих. Қызықты, әсерлі тарих көрдім» дейді де, өлең жазады, оның үзіндісі төмендегідей:
«Мен көрдім — шындықпенен және тарих,
Өзінше еңбекші елге болған азық,
Ішінде жанға тамақ болып жатыр,
Егер де еңбекші жас алса қазып.
Мен көрдім — өткен күнді бір кітаптан,
Екі тап бір-біріне қылыш шапқан.
Еңбекші ел қолдың күші, найза ұшымен
Іздеген бостандығын сонда тапқан.
Мен көрдім — жалшы үшін кім жан қиды
Жалшыға кім азаптың шоғын үйді...» —
дейді.
Бұл соңғы екеуі еңбекші тап оқушыларынан. Ал енді жұмыскерлерден Нілді, Екібастұз заводтарында істеген Нұрша Бижанұлы деген кісі «Тар жолды» оқып: «Бауырым, кітабыңды оқып бітіргенше жөнді ұйқы көрмедім! Жарайды... жарайды!.. басқа не жазайын. Шын жүрекпен жолдастық қолымды созып, қолыңды қыстым!» — деп жазады.
«Риддер» заводының жұмыскері Қасым Шынтайұлы «Тар жолды» оқып шығып: «Сізді шын жаныммен артық, шын жолдас деп санаймын!», — деп жазады. «Қарсақпай» заводында істейтін, бұрын «Спасск» заводында жұмыскер болған жолдас Нұрман: «Тар жол, тайғақ кешу» уақытында ат жалын тартып мінген, өзімше қазақтың төңкерісшілдер штабының бір мүшесі, жолдас Сәкен! «Қызыл сұңқарларыңды» Қарсақпайдағы бауырларыңның арасына бір қойдық... Өзің Қарсақпайға бір келіп, бауырларыңмен танысып кетерсің»... — деп өтінеді.
«Риддер» заводының жұмыскерлерінің бір бастығы Шаймерден Оспанұлы «жұмыскер жолдастарымның атынан» деп жазған хатында:
«Осы хат арқылы сізге ескертемін: «Тар жол, тайғақ кешудің» «аяғын бастырып шығарамын» деген едіңіз, бұл кітап әлі күнге шыққан жоқ. Сол уағдаңызды орындап, аяғын тездетіп шығаруыңызды жұмыскерлер атынан сұранамын. Себебі: маған өте шын көңілден тапсырушылар болған еді...» — дейді.
Бұл хаттар маған «мінгерсінгендердің» пікірлерінен әлдеқайда бағалы.
Сынаймын деген адамның аузына ешкім қақпақ бола алмайды. Бірақ сында былғамай сынасын, сын шын Маркс жолымен жазылған жолдастық сын болсын. Сынның мақсаты кекеу, боқтау емес, керек жерінде ондай сынға жол жоқ. Арам ойлы сынды, таптық дұшпан ғана қолданады, «Өстісем көрінермін» деген нашар пиғылды «білімпаздар» істейді.