Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

«Шалқамнан көкке қарап, жұлдыз санап жаттым» деген сөзді де Төреқұлов өрескел көреді. Баяғыда, Қожанасырдың мүриттері: «Ой, найсап, жұлдыз санама, жаман болады!» — деп ұрсушы еді. «Неге жаман болады?» — деп сұрай алмаушы едік... Төреқұлов та жұлдыз санағанға шамданып, «Сәкен-ау, жұлдыз нешеу екен? — дейді. Бұл сұрауды оқығанда, менің есіме қу тілді бір Қожаның сөзі түсті. Қожа салпаң құлақ көк есекке мініп кеп тұрса, біреу «Қожеке, аспандағы жұлдыздың саны нешеу?» — депті. Сонда, қу Қожа: «Аспандағы жұлдыздың саны мына есектің түгінің санымен бірдей, нанбасаң санап көр», — депті.

Төреқұлов сынында «француз жұртының мақалы» деп, «сұлу әйел қанша сұлу болса да, бойындағы барынан басқаны бере алмайды» деген дейді.

Біз Төреқұловтай Николайдың француз тілін оқытқан жақсы школдарынан оқыған жоқпыз, сондықтан француздың тілін де білмейміз, ендеше жаңағыдай мақалы бар-жоғын да білмейміз. Егер ондай мақалы бар болса, француздың іріген, бұзылған қанағыш табының аузынан шыққан шірік мақалы болу керек. «Әйел қанша сұлу болса да, бойындағы барынан басқаны бере алмайды» деген барып тұрған боғауыз сөз емес пе?

Жарайды, Тереқұловты қоялық, жауабымның басындағы — «бұйымды кімдерге арнасаң, соның берер бағасы қымбат» деген сөзімізге оралалық, «Тар жолды» Төреқұловтардан басқалардың қандай бағалауын айталық. «Сәкен өзін-өзі мақтапты» демес үшін, бұл арада марксизм жолбасшыларының өз сыншыларына қайырған жауаптарынан үлгі келтірейік. Маркстың «Капиталы» кітап болып шыққанда Германияның пролетариатқа дұшпан сыншылары шулап жамандаған, әсіресе кітаптың тіл мүсінін, жазу тәсілін жамандаған. Оларға жауап ретінде Маркс «Капиталды» мақтағандардың қысқаша сөздерін былай деп жариялаған: «Өз жазғандарымның кемшіліктерін мен кімнен болса да артық білемін. Әйтсе де, Германияның оттаған шуылдақтарының рахаттануы үшін ағылшын мен орыс сыншыларының сөздерін келтірейін. Ағылшынның «Сатердей ревию» деген, менің саяси бағытыма қосылмайтын журналында:

«Маркстың жазу тәсілі құрғақ шаруашылық мәселелерінің өзіне бір түрлі көркемдік береді», — деген. «Петербург ведомствосы» деген газет «Маркстың жазу тәсілі жалпыға түсінікті, анық, өте жанды, бұл ретте Маркс, немістің тілі көмескі, сырдаң, жабайы адамдардың басын ауыртатын жазушыларының көбіне ұқсамайды», — деген. Және Блок деген адам: «Бұл еңбегімен Маркс өзінің ең ірі зертшіл ақылдың бірі екенін көрсетті», — деген, деп жауап жариялаған.

Бұл арада ескерте кететін бір сөз: кейбір тез өзгергіш «жағымпаздар» біздің әдебиет майданындағы дұрыс деген пікірлерімізді, Маркс ғылымына жетік ғалымдардың сөздерімен дәлелдегенімізді жайлы көрмейтін сияқты.

«Біздің жазушыларымызда бар нашар әдет — сынасақ-ақ болғаны, тас-талқаны шығады. Өздерінше теория шығарады, мен былай жазып едім деп қисын табады, Маркс қисынын алып. Плехановтан дәлел келтіреді. Осындай мінез Сәкен мен Сәбитте бар...» — дейді Төреқұлов.

Оларды ниетінше, біз дұрыс болсын, теріс болсын «сын жаздым» дегендердің сөздерін талғамай қабыл алып, үндемей қол қусырып, бүлкілдей беруге тиіспіз. Олардың ниетінше, бізге Маркс пен Плехановтың сөздерін дәлел қылу сөкет. Тек олардың жандарына жағатын міншілердің сөздері ғана талассыз пәтуа, шүбәсыз дәлел болуға тиіс. Міншілердің өздерінің міндерін айтуға жарамайтын сияқты.

Кез келген үкіметке бір сұрқылтай болған жазымпаздар қанша жайсызданса да біз тиісті жерлерінде, білгенімізше, Маркс біліміне жетік адамдардың сөздерін дәлел етуге тырысамыз, үлгі ұсынуға тырысамыз.

Былтыр Қызылордада пікір таластырғанда Ахмет Байтұрсынов «Маркс айтты екен деп, мен тоқтай алмаймын» деген еді. «Әйел теңдігі» журналына жазған бір хатында Бөкейханұлы «Маркс «білімді болмыс билейді» деген екен», — деп Марксты мазақтамақ болған еді. Маркс пен Плехановтарды пәтуа қыла сөйлеу, бірсыпыра ұшқырсыған жазымпаздарға осылайша жақпайтынын білеміз...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий