Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сағынған исполком жүрекке, көзге сондай ыстық. Исполкомға кірдік. Қабырғаларда ілулі Лениннің, Троцкийдің суреттері жапсырулы және түрлі жалынды сөзді суреттер тұр. Исполкомның төрағасы Қабылбек Сармолдаұлы отырған бөлмесіне кірдік. Тесіле қараймын. Алдында үстеліне қарсы отырған бір-екі орыспен сөйлесіп отыр. Біз кейінірек тұрған орындыққа отырдық. Исполкомның төрағасы Сармолдаұлының аузына, бетіне қадалып, сөздерін қадала тыңдап отырмын. Орыстар ақша бөлімдерінің басқарушылары тәрізді, әлі ұмытқам жоқ. Орыс қызметкерлер жұрттан ақша алып, ақша беру ретін қалай тәртіпке қою жөнін сұрап отырды. Сармолдаұлы кәдімгідей ақыл, жөн айтып отырды. Бір түрлі сүйініп кеттім. Жап-жас жігіт, қазақ большевик, уездік исполкомның бастығы! Кәдімгідей жөн айтып, әмір айтып отыр. Бұл уездің совет үкіметінің ең басында отырған қазақ большевиктерін менің ең бірінші көрген кісім. Бұған едәуір қуандым.

Бізді ертіп келген әскерлік жігіт Қабылбектің қазына кісілеріне айтып отырған сөзін бөліп, құлағына күбірлеп бізді айтты. Қабылбек те дереу үйіріле қалды. Қазына кісілерін қоя берді. Исполкомның бір қазақ мүшесін шақыртып алып, бізді күтуге, жататын, тұратын жайларымызды реттеуге соған тапсырды. Кенен іс қылдық. Әр қызметтегі жігіттердің күнде біреуі қонаққа алып жүрді. Бір қырғыз, бір ноғай, бір өзбек жігіттері де қонаққа шақырып сыйлады. Жататын үйіміз сол Әулиеата қаласындағы Қалмағамбет деген аз ғана оқыған арғындікі болды. Қалмағамбет бізді үйіне өзі ертіп апарды. Судыраған екпінді кісі қазақша «ағайын-бауыр» тартып күтіп, асты-үстімізге түсіп сыйлап жатыр.

Сол Әулиеатаның бір-екі мұғаліміне «Жас қазақ марсельезасы» деген өлеңімді көшіріп бердім. Әнін салып бердім. Мұғалімдер қуанып «Жас қазақ марсельезасын» жырлап кетті...

Газет, телеграмма хабарын бас алмай оқып жатырмын. Колчактың, Деникиннің быт-шыт болып жатқан хабарларын оқып, жүрек лепірді.

Шоқайұлы «Қоқанды билеп» қоқайып жүргенде, оны естімей жатқан Түркістан еңбекші табының қазақ азаматтары қозғалып, большевик жолына кіре бастап, уездік совет үкіметінің бастығы жас қазақ большевик болып іс басқарып отырғанға көңілім толып еді. Енді, «Барлық Түркістан совет республикасының бастығы да қазақ, большевик Тұрар Рысқұлұлы деген жігіт» деп есіткен соң көңіл онан сайын толды. Республиканың қазақ большевиктерінен болған ең бірінші бастығы! «Алашорда» ділмарлары қазақ большевиктерін газеттері арқылы сөккенде: «Қаңғырған, қағылған, соғылған, елден шыққан бірен-саран бұзықтар, қулар, большевик бола қалғансып...» — деп, балағаттаушы еді. Жоқ, «Алашорда-еке», қағылған, соғылған емеспіз!.. Біз бірен-саран да емеспіз!.. Дұрыстық — біздің түскен жолымызда! Сондықтан біздің санымыз күн сайын көбеюлі. Көпшілік те бізде, күш те бізде!» — деген ойлар кірді. Әлгі оязды және барлық аймақ — республиканы басқарып отырған жас қазақ большевиктерін көріп көңіл толғанда, көңіл осы, жоғарғы ойлармен толды. Кешікпей Колчактың қолға түскенін жариялаған телеграммалар келді. Жүрек лепіріп, қайтуға талпындым. Қабылбек Сармолдаұлы «қызметке қал» деп көп жабысты. Партияның мұсылман бюросының (мұс. бюро) кең алқа мәжілісіне салып, бюро атынан менің қызметке қалуыма ұсыныс қылды. Мен бюроға Ақмоланың шабыншылық көрген ауыл халдерін айтып, баяндама қылып, мені қайтаруларын өтінген соң, ақырында, көнді. Қабылбек енді жіберетін болған соң, ұсыныс қылып, мұс. бюро маған күш көмек қылып, едәуір ақша мен жолшыбай Ақмолаға шейін үгіт, баяндама жасап отыруға мандат беретін болып, қаулы жасасты.

Қабылбектен ертеңіне мұсылман бюро атынан және исполкомның билеу бөлімі атынан мандаттар алып және ақша алып, елге тарататын екі қоржын үгіт-жобалар басылған кітапшалар алып, екі милиция алып, лаумен Ақмолаға қайттық.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий