Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Құнарлы жерден алынған ең жақсы деген азық-түліктердің бәрі багарға салынған. Онда күріш те сатылады. ол жақта күріштен аса мол өнім алады. Майыс өсімдігін жеті-сегіз айда үш орады, жерге бір дән сепсе, екі жүз дән өнім алады, бұл базада маис та, әйгілі кайен бұрышынан да ащы бұрыштар бар, маниок пен пальма майы да сонда. Mал базарының кең алаңына жүздеген ешкі, шошқа, жүнсіз тұқымды қой айдап әкелген, мұнда сойылғаны, тірісі аралас толып жатқан құстар мен балық келтірілген. Балшықтан күйдіріп жасалған әртүрлі заттардың жалтыраған бояуын көз шағылады. Базар алаңында әртүрлі ішімдіктердің аттарын айқайлап айтып шырылдап жүрген балалар да бар. Олар банан шарабын, помбе тұндырмасы деп аталатын күшті шарап пен малафу—банан мен балды судан жасаған сыра тәрізді ішімдіктер сатады.

Бірақ Казонде базарындағы ең басты товар піл сүйегі мен мата еді; матаның түрлері, Массачузеттегі Салемскин фабрикасында тоқылатын боялмаған меткаль, мақтадай тоқылған мерикен және каник деген көк мата, солғын-көк, кереге көз сохар, қызыл жиекті мата, Сурат жібегі диули - бұлар жасыл, қызыл, сары түсті болады, кейде алтын зер мен кестелеген жібектер де кездеседі.

Казонде базарына піл сүйектері Орталық Африкадағы акториялардың бәрінен келтіріліп, сол арадан Хартумға, Занзибарға, Натальға жөнелтіледі.

Европа базарларын, әсіресе Англияның базарларын қамтамасыз етуге жыл сайын бес жүз мың килограмм піл сүйегі керек, оны табу үшін қанша піл өлтірілетінін көз алдыңа елестетуге дәтің шыдамайды.

Тек бір ғана Англияның өндіріс орындарын қанағаттандыру үшін жыл сайын қырық мың піл94 өлтіруді керек қылады.

Орта есеппен алғанда пілдің бір жұп азу тісі жиырма сегіз қадақ, алайда жүз алпыс қадақ, тіптен одан да басым келетін кейбір ірілері де болады.

Сатушылар мен алушылар саудаласып өзара келісімге келгенде, қалай есеп айырысады? Олар ақшаның қай түрін пайдаланады? Ал құл саудагерлерінің бірден-бір бағалы заты құл екені мәлім. Жергілікті халықтар Венеция фабрикасында істеліп шығатын шыны моншақты ақша орнына пайдаланады, олар ақ моншақты — качоколо, қара моншақты — бұлбұл, қызыл моншақты — сикундереч деп атайды. Он қатар моншақтан жасалған алқаны фундо дейді. Олардың фундо дегені баға жеткісіз мол қазына. Ливингстон, Камерон мен Стенли Африканың алыс түкпірін зерттеуге баpa жатып моншақ ақшадан көп алып кеткен.

Сондай-ақ шыны моншақтармен қатар Африка базарларында виуанга — шығыс жағалауларында болатын ұлудың қабыршағы да ақша орнына жүреді. Бұлар ұсақ ақша ретінде пайдаланылады. Адам жейтін рулар үшін адамның тісі де бағалы зат. Казонде базарынан адам тісінен алқа таққан сол жақтың кейбір адамдарын да көруге болады, бұл адам мойнына таққан тістің иесін өзі жеген деп ұғыну керек. Соңғы жылдары ақшаның бұл түрі пайдаланудан қала бастады.

Жәрмеңке күндеріндегі базар алаңының түрі осындай. Түс әлетінде айқай-шу әдеттен тыс күшейіп, жалпы толқушылық басталады. Товарларын өткізе алмай сатушылар безектесе, қымбат сұрайсың деп алушылар да бажылдайды. Даурыққан тобырдың әр жерінен төбелес шығады, бірақ бұларды ешкім арашалап айырмайды.

Түстен кейін Альвец өзінің базарға салатын еріксіздерін алаңға шығаруға бұйырды. Топырлап жүрген базар халқына бірден екі мыңға жуық адам қосылды. Бұл тірі товарлардың көпшілігі бірнеше ай барактарда қамаулы жатқан сорлылар еді. Көп уақыт тыныш жатқан демалыс пен қанағаттана ішіп-жеген ас бұл топтағы «товарлардың» ажарын кіргізіп, өздерінің базардағы бағасын жоғары көтертті. Жаңа келгендердің халі басқаша еді. Бұлар ұзақ сапардан әбден шалдығып болдырған, реңдері аурудан тұрған сияқты. Егер Альвец жаңа келген еріксіздер тобын тағы бірер ай бақса, оларды жоғары бағаға сататынында сөз жоқ. Бірақ құл алушы адамдар соншама көп болғандықтан, құл саудагері бұларды асырап шығынданбай-ақ сол күйінде сатып жіберуге ұйғарды.

Бұл жағдай Том мен оның үш жолдасы үшін барып тұрған бақытсыздық болды. Бұларды хавильдарлар айдап әкеліп базардағы толып тұрған еріксіздер тобына қосты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий