Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Муани-Лунганың жасы әлі елуге жетпеген, бірақ түріне қарағанда оны сексенде деуге боларлық еді. Корольдің басында қабылан тырнағын қадап, бір уыс ақ жүн жапсырған бөрік сияқты бірдеңе бар. Бұл Казонде әміршісінің «тәжі» еді. Беліне бөкен терісінен тігіп, інжумен кестелеген екі белдемше байлапты. Корольдің төсі шым-шытырық мәнерлермен кестеленген. Бұл, тұқым қуалаған корольдіктің белгісі еді. Егер бұл куәлікке иланатын болсақ, Муани-Лунганың ата-бабасынан қалған қара шаңырағы талай ғасырдың шаңын жұтқан. Корольдің жіліншігінде, білегінде жезден жасалған білезіктер қозғалса болды, сылдыр қағады. Аяғында қонышының аузын сарымен көмкерген лакейлер киетін етік. Альвец бұл етікті корольге бұдан жиырма жыл бұрын сыйлыққа берген-ді. Корольдің сол қолында тұтқасын күміспен қаптаған таяқ, оң қолында сабын инжумен өрнектеген желпуіш. Әміршінің сәнді киімінің түрі: итальян майрампаздарының шалбары сияқты, қырық құрау түрлі түсті матадан тігілген шұп-шұбар қолшатыр көтерген, мойнында Бенедикт сорлының үлкейткіш әйнегі салақтап жүр, мұрнының ұшына қойып жүретін көзілдірігін де киіп алған, бар болғаны осы-ақ. Үлкейткіш әйнек пен көзілдірік Баттың қалтасынан табылып, бұл заттарды Альвец ұлы мәртебелі корольге сыйлық етіп еді.

Айнала төңірегі жүз миль келетін тұтас бір аймақ елді жалғыз билеп отырған негр патшасының түр-сипаты міне осындай.

Муани-Лунга өзінің корольдік дәрежеге ие болуын тұп-тура құдайдың өзі берген бақыт деп түсінетін. Қарамағындағы бұқарасының бұған шек келтіруге батылдық еткендері болса, мұның шындығын құдайдың өзінен барып сұраңдар дейтұғын. Муани-Лунга өзін құдай тектес адаммын деп жариялап, қарапайым адамдардың өмір сүрулеріне қажетті заттардан аулақпын дейтұғын. Ол, ас жемей-ақ қояр едім, ұнатқандықтан жеймін, ішімдікті де ішпес едім, халықтың өздері әкеліп береді, олардың ықласын халас ету, әрине ұят қой, сондықтан амалсыз ішемін, дейтұғын жарықтық. Расын айтсақ, мәртебелі тақсырдың арақтан аузы құрғамайтын, оның ішкеніндей пенде баласы ішіп көрмеген шығар. Корольдік министрлер мүлдем ем қонбайтын маскүнем болғанымен, әміршісіне қарағанда, олар анағұрлым айық адамдар сияқты. Ұлы мәртебелі король тырнағына дейін спирттеліп қалған кісі. Ол күн сайын помбе сырасын, әсіресе арзан бағалы «ямай ромын» сімірумен болатын, ал корольдік қоймадағы ішімдік қорының ортайып қалған олқысын Альвец толтырып тұратын-ды.

Муани-Лунганың гаремінде кәрі-жасы аралас түрлі дәрежедегі сан алуан әйелдері тұратұғын. Солардың көпшілігі корольге еріп бір күні базар алаңына келеді. Ханым атағына ие болған король бәйбішесі Муана қырықты орталаған қартаң әйел. Оның басында тор көзді шұбар орамал, үстінде шөптен тоқыған белдемшесі бар, онысын моншақ қадап сәндеген болыпты. Сирағы, мойны мен білегі сіресіп тұрған моншақ алқа, сыйғанынша білезік кигізіпті. Таспалап өрген сансыз бұрымсымағы бала мысықтың құйрығындай селтеңдеп құртымдай ғана шүршиген бетін көмкеріп тұр. Қысқасы, король ханымын нақ албастының өзі десе болар еді. Ұлы мәртебелі тақсырдың басқа әйелдері патшасының әмірін күтіп, міндеттерін дереу орындауға әзірленіп бәйбішенің артында келе жатыр. Егер король отыратын болса, әйелдерінің біреуі төрт тағандап тұра қалады да, корольге жанды орындық бола қалады, енді біреуі жерге жата кетіп аяғының астына төселген кілем бола кетеді.

Король әйелдерінен кейінгі қатарда Муани-Лунганың министрлері, әскер бастықтары мен сиқыршылары келе жатыр, өздерінің әміршісі сияқты олар да мас, аяқ басуға шамалары жоқ. Бұл жабайылардың бірден көзге түсерлік белгілері бар, бәрінің де бір-бір дене мүшелері кеміс: біреуінің бір құлағы жоқ — шұнақ, біреуінің мұрны пұшық, енді біреуінің қолы шолақ, тағы біреулері соқыр. Олардың ішінде он екі мүшесі түгел бірде-біреуі жоқ. Мұның мәнісі, Казонденің заң шығарушысы жазалаудың екі-ақ түрін біледі екен. Біреуі өлім жазасы да, екіншісі дене мүшелерінің бірін жою, алайда жазаның түрі Муани-Лунганың көңіл-күйіне байланысты көрінеді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий