Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Томдардың тілегі қабыл болды. Олардың төртеуі де бір қолға сатылды. Бұл базарда осы төртеуіне алушы көбейіп еді. Уджиджилік бірнеше саудагерлер бұларға таласып керісіп те қалды. Хозе-Антонио Альвец бұған қуанып алақанын уқалаған. Американдардың бағасы көтерілді. Бұдан бұрын Казонде базарынан ұшырамаған мұндай қайратты құлдарға бірсыпыра саудагерлер таласып тіптен төбелесіп қала жаздады. Альвец бұларды қайдан түсіріп алғанын әрине, айтқан жоқ, американдық төрт негр жергілікті тілді білмегендіктен ешнәрсе түсіндіріп айта да алмаған.

Ақырында бұларды бір бай араб саудагері сатып алды. Жаңа қожайын бұларды бірнеше күннен соң Танганьика көліне жөнелтпек болған, саудагердің көздеген мақсаты, ол жерден Занзибар факториясына аттандыру еді.

Бұлар межелеген жерге тірі жете ала ма? Өйткені Томдар Орталық Африканың бықып жатқан аурулы да ең қатерлі өлкелерін аралап мың жарым миль жол жүрулері керек.

Мұндай ұзақ жолға кәрі Томның халі жетер ме екен немесе бұл азапты көтере алмай, Нан сияқтанып жолда өле ме?..

Дегенмен, төрт дос бірінен бірі айрылмады. Осы қуаныштың арқасында белдерін басқан ауыр шынжыр жеңілейіп кеткендей болды.

Бұлардың жаңа қожайыны — араб өзінің сатып алған еріксіздерін бөлек баракқа апарып қаматты. Ол Занзибар базарына сатып мол пайда түсіремін деп үміттенген «товарларын» аман сақтаудың қамын жасады.

Томды, Батты, Остин мен Актеонды сол сағатында базар алаңынан алып кетті. Сондықтан да бұлар Казонде жәрмеңкесінің күтпеген уақиғамен аяқталғанын көрген жоқ және білмеді де.

Он бірінші тарау

КОРОЛЬ ПУНШАСЫ95

Түстен кейін сағат төрттің кезінде үлкен көшенің арғы басынан гүмпілдеген барабанның, сылдырлаған цимбалдың, тағы басқа африкалық музыка құралдарының үні естіле бастады. Бұл уақыт базардың әбден қызып болған кезі еді. Саудаға әбден елігіп алған саудагерлердің шаңқылдаған ащы дауыстары жарым күндік таласқа, төбелес пен айқай-шуға қарлығар емес, жалығатын да түрі жоқ.

Алушы жағы әбден қызып алған, бағаны бірінен бірі асырып беріп, құлдарды топ-тобымен алып жатыр. Қарап тұрсаң Лондон биржасының қызған күндеріндегі жалдаптар саудасынан ешбір айырмасы жоқ.

Бірақ әлгі кенет естілген дөрекі концерттің үні аяқталмаған сауда келісімінің бәрін кейінге қалдыртты, айқайшылардың да үндері өшіп тыныстай қалды.

Казонде королі Ұлы мәртебелі Муани-Лунга базарды аралап көргісі келіпті. Оның қасында өзінің әйелдері мен «мемлекет чиновниктерінен», солдаттар мен құлдардан құралған нөкерлері болыпты. Альвец пен тағы басқа құл саудагерлері асығып-үсігіп Муани-Лунганың алдынан шықты. Маскүнем патшаның жарамсақ сөздерді жаны сүйетінін құл саудагерлері жақсы білетін-ді, сондықтан да олар патшасынан тәтті сөздерді аяған жоқ.

Король китандасы базар алаңының ортасына келіп тоқтады, сол сәтте оншақты қызметкер қолтықтап мәртебелі корольге жер бастырды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий