Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн
-
Название:Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:173
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…
Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги
Корольдің қызмет жөніндегі жақын адамдары болмашы ғана кінәсі үшін кеміс болып денесіне мәңгілік дақ түсіріп алады екен.
Аудан басшылары тегісінен қызыл көкірекше киеді Бастарына зебра терісінен қалпақ киіп, қолдарына өз өкіметінің белгісі — ұзын бамбук таяқ ұстайды.
Солдаттары өткір қайралған пышақ, садақ, әдемі оюлаған пальма сойылдарымен қаруланған, олардың шабуылға да, қорғанысқа да қолданатын бірден-бір қарулары осы ғана. Мундир дегеніңіз атымен жоқ, ұлы мәртебелі королі солдат мундиріңе шығынданғысы келмесе керек.
Салтанатпен келе жатқан корольдің екі жағын сарай сиқыршылары мен музыканттар қоршаған. (Олардың сиқыршы дегені — бақсы, құшнаштар.) Ол кезде емшілік міндетін сиқыршылар атқарады екен. Африкалық жабайылар сиқыршылардың күп-сүбін керемет деп иланатын. Дегенмен басқа сарай адамдары сияқты сиқыршылардың да көпшілігі майып. Шамасы олардың берген дәрісінен ешқандай шипа болмаған соң, корольдің қаһары келіп, сиқыршыларына да өзі білетін жазаны қолданса керек.
Музыканттар — еркек, әйелі аралас — барабан соғып, дарылдауық тартып шу көтерді. Барабан соғатын таяқтарының бір басына кішігірім қауақ байлап алған. Қысқасы, у-шудан құлақ тұнарлық.
Король нөкерлері корольдік ту көтеріп келе жатыр. Жауынгерлер, Муани-Лунгадан жеңілген іргелес елдердің рәсемдерінің бас сүйектерін найзаға шаншып алған. Корольді базар алаңындағылар жаппай шуласа құттықтап қарсы алды. Керуен күзетіп келген солдаттар мылтықтарын аспанға атып құрмет көрсетті, бірақ мылтық даусы ызаланған топтың айқай-шуына сіңіп жоқ болды. Хавильдарлар корольдің аяғына жығылып жатыр.
Альвец алға шығып, корольге үлкен қалбыр темекі ұсынды, Казондеде темекіні «рахат шөбі» деп атайды. Альвецтің бұл сыйлығы дәл уақытында берілген тарту болды, өйткені сол кезде Муани-Лунга не де болса құмар тарқататын бірдеңеге зауқы шауып, ертеден бері көңілі көтерілмей, тұла бойы құрыстап жүрген.
Альвецтің артынан Коимбра, Ибн-Хамис тағы басқа құл саудагерлері Казонденің құдіретті әміршісіне шын берілгендіктерін білдіріп сәлем берді.
«Мархаба!»—деп айқайлады арабтар, алақанымен беттерін сипап, сосын екі қолын төсіне айқастырып бастарын иді. Орталық Африканың жергілікті арабтарының тілінде «мархаба» — «хош келдіңіз» деген мағынада. Уджиджилік будандар қол шапалақтап, бастары жерге жеткенше иіліп құлдық ұрды.
Бірақ Муани-Лунга өзінің алдында жер өбіп жалпылдап жүргендерге қараған да жоқ. Басқан жерін ойып жіберердей-ақ, аяғын алшаңдай басып жүре берді. Сол қалпымен базар алаңын бір айналып, базарға салынған құлдарды көріп шықты. Мынаны сарайға апарыңдар деп көңіліне ұнаған кейбір құлдарды меншіктей сала ма деп құл саудагерлері корольден қорықса, мына қанішер жауыздың қолына түсіп қалмағай едік деп құлдар одан да бетер қорқуда еді.
Негоро Альвецтен бір адым қалмай еріп, король алдына құл саудагерімен бірге барды. Олар жергілікті тілде сөйлесіп келе жатыр, сөйлесті деген тек құр аты ғана, король сиырша мөңірей адам түсінгісіз әлденені былдырлай береді. Казонде әміршісі бар арағын сол күні ішіп сарыққан еді, енді соның орнын толтыра гөр деп Альвецке жалынған сөздеріне ғана түсінуге болады.
— Король Лунга Казонде базарының сый қонағы ғой!— деп даурықты Альвец.
— Кеңірдегім кеуіп барады! — деп жұлқынды король.
- Жәрмеңке пайдасынан король өз үлесін алады! — деп үстеді Альвец.
— О, шіркін, жұтатын бірдеңе болар ма еді! — деп тамсанып король арманын міңгірлей берді.
— Достым Негоро ұзақ уақыт жоғалып кетіп, ақырында аман-есен корольмен дүз көріскеніне аса қуанышты!..
— Жұтатын бірдеңе бересіңдер ме, жоқ па? — деп ақырды маскүнем патша, оның аузынан былай да арақ исі мүңкіп тұрған.
— Помбе берейік пе, әлде бал шарабын келтірейік пе, король қайсысын ұнатар екен? — деп сұрады Муани-Лунганың қандай арақты сүйсініп ішетінін жақсы білетін жәдігөй саудагер.
— Жоқ... жоқ! — Король айқайлап жіберді.— Отты су беріңдер! Отты судың әрбір тамшысы үшін мен достым Альвецке...