Knigionline.co » Казахские книги » Акбилек / Ақбілек

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов

Книга «Акбилек / Ақбілек» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман описывает реальные события о неспокойных временах казахского аула, их традициях и быте, отношении между собой, подробно описан непростой жизненный путь Акбилек. Это один из первых казахских романов, описывающих жизнь сельчан во время революции. Одной из главных проблем, поднятых в романе, является неравенство женщин.

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Он беске келгенде Шабанбайдың қойып бақтым. О бір құдайдың атқаны! Өліп бара жатырмын десең, қойға бір тайын мінгізбейді. Ат отынан қалады дейді, алып қалмайды. Қой өрерде жылқышы келе қоймайды. Жатарда байлап қояйын десең, қоңыр өгізшені сиыр мүйіздеп, мұрнын жырады, таңертең сиыр өрмей тұрып ол сасықты қамалап ұстау тағы бір қырсық.

Бір күні балалардың ойнағанына бүйірім қызып, төңбекшіп ұйқым келмей, не де болса, құдайдың салғанын керермін деп, тұра сала ойынға мен де бардым. Қара құлақ ойнағанда, мен ит, Балабек қасқыр болып, Рақымжанның Айша деген қызын өзек жаққа апарып тастады. Мен шабаланып қуып барсам, қызды іздеген үлкен қара құлақ өзекте бұғып жатыр екен. Дүние-ай, мен де қара құлақ болар ма едім! – деп зығырланам. Ертең түсте қойды бұлақ басына жусатып, өгізімді тұсап қойып, жарлауытқа арқамды сүйеп отырсам, көзім ілініп кетіпті. Бір мезетте бетімді күйдіріп жібергендей, бірдеме басымнан орай шым ете түсті. Шошып кеттім. Жынды кісіше, шыбын-шіркей боп, лағып барам. Артыма қарасам көк айғырын апыраңдатып, қамшысын білеп, Шабанбай қуып келеді екен. Қалай бұлтарсам да қоймады, қашағанға төселіп қалған арам қатқыр қойсын ба, аттың бауырына алып жүріп, ал борсылдат, ал сой. Бақсам, ұйықтап қалғаным болмаса, қой қасқырдан аман екен.

Өшімді қалай алам деп аузымды басып жүр едім. Ахметтің қойшысы да байына ызалы екен. Екеуміз бірігіп, Шабанбайдан екі сек, Ахметтен бір марқа, бір тұсақты сойып, бұлаққа тығып қойып, бір айдай азық қылдық. Суға салған етте дәм болмайды екен. Бірақ ұрлығымыз шығып қалды. Оны айтып жүрген өзіміздің қойшылар. Естай деген бір жарамсақ таз қойшы бар еді. Байына жағынам деп, сол иттің бүлдіргені. Шабанбай екі қой, екі киім ақымды шығарда бермей қалды.

Қалай Бәдіғұлдың жылқысын бақтым, солай көзім ашыла бастады. Қашағанды жалғыз ұстаймын. Асауды жалғыз үйретемін. Күзетке жалғыз барамын. Боранда жылқы бағамын. Аязбен, асаумен, қараңғы ұзақ түнмен, ұрымен, қасқырмен, қауіп-қатермен алыспай адам — адам болмайды екен. Желден жаралған желге мінбей, адамға желік бітпейді екен. Жылқы бақтым — күлкі бақтым. Алыс-жақын, қатер ойыншық болды. Жылқы бақтым, кісі болдым.

Енді мені әйел де менсінетін болды. Енді менің атым да, киімім де түзелді. Кедей жатақтың келіншектеріне ет, май беріп, көңіл қостым. Кейде қасқыр жеді қылып, жабағы тайлап, соғым да беріп жүрдім. Жылқы бағып жүріп, қалың беріп қатын алдым. Бұралқы жылқы қағыстырып, ен-таңбасын бұзып, пайда-бақыршылық қылудың тәсілін де білдім. Қатын алғанда ораза ашарым да болды.

Жылқы жұттан кейін енді есікке жүргім келмеді. Неде болса, алыс жерді де бір көрейін деп, барақотқа жұмыс қылуға жалдандым. Ертіс ағып, Өскемен, Зайсан, Семей сияқты қалаларды да көрдім. Азын-аулақ орыстың тілін де үйрендім. Орыспен араласып, орыс тілін үйренген соң, кеудеме нан піскендей, өзіме-өзім әлдеқандай көріндім. Өзім – бір тұрған заңмын. Орыспен де, қазақпен де сөйлесе кетемін. Елде жүрсем де, қалаға барсам да өлмейтін тәріздімін. Адам болған, ел билегендердің менен түк артық жері жоқ. Олар білген өтірік, өсек, ұрлық-қарлық, сұмдықты мен де білемін. Олар сөйлеген сөзді мен де сөйлей аламын. Қайта мен «Какой шорт, как жы, не жоли, ни емеш праба...» деп орысшаны араластыра соғып жіберуге өмірім келді. Алыса кетсе, бір, кісіден таяқ жемеймін. Барақотта жүргенде ершікпен он пұтқа шейін көтеріп жүрдік. Араздаса кетсе, кісінің бір малын жетелеп кетуге жараймын. Енді менің ел адамынан қорғалайтын нем бар? Мен неден тайсалам. Жалғыз кемдігім қағаз танымайтыным ғой. Мендейлер толып жатыр ғой. Әттең дүние! Қолым хат білсе, Күршін өзенін теріс ағызар ма едім, қайтер едім...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий