Knigionline.co » Казахские книги » Акбилек / Ақбілек

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов

Книга «Акбилек / Ақбілек» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман описывает реальные события о неспокойных временах казахского аула, их традициях и быте, отношении между собой, подробно описан непростой жизненный путь Акбилек. Это один из первых казахских романов, описывающих жизнь сельчан во время революции. Одной из главных проблем, поднятых в романе, является неравенство женщин.

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Ағатай-ай! – деді біреу ышқына сыбырлап.

— Ақбілекпісің?— деді әлгі адам біліп қойғандай.

— Мен едім, құтқар, ағатай! — деп апанның ернеуіне таман өрмелеп еді;

— Құтқарам. Бұқ. Жата тұр,— деді де, қазақ қалбаңдап жоқ болды.

Екі қолы алдына созулы Ақбілек қалшиып қалды.

Әлгі адам жүгіріп барып тоқтағандай, ат ышқынғандай, үзеңгіге аяқ салғандай, тебінгі тырс еткендей болды. Атына мініп келейін деген екен ғой, енді ажалдан құтылдым ғой. Жасаған-ай! Тәуба, дей беріп еді, дүбірлеген аттың тықыры жақындамай, теріс айналып кеткен тәрізді болды. Қолы әлі жәрдем тілеуде, жарылқаушы періште келетіндей, дәмелене күтсе де, тықыр алыстап, дүбірлетіп шауып кетті. Қолдары сылқ ете түсті, аяғы тайғанап кетті, сырғанап түпсіз зынданға түсіп бара жатқандай көрінді...

Ауыл жақтағы иттердің манағы шабаланғаны жоқ, анда-санда сақ қаншықтың безілдеген, жас күшіктің шәуілдеген әлсіз дауысын төбеттердің күңіренген ұзын сарыны басып тұрғандай. Сүйтіп тұрғанда, бірдеме ысқырғандай болды. Ауылдан иттерді шабаландырған аттың дүрсілі тауға қарай кетті. Ит даусы алыстап барып, қайта жақындап, абалады. Ажал да абалады. Дүрсіл ауылға қайтып келді. Күбір-күбір адам даусы естілген тәрізденді. Ақбілектің жүрегі зырқ ете түсті. Зырқ етпей қайтсін, тықыр шықты. Жүрегімнің дүрсілі болғай еді деп, қолын кеудесіне басып еді — тас, тас емес-ау темір, темір емес — ажал шықыр еткендей, құйқа тамыры шымыр етті. Апан көр сияқтанды. Өйткені тажалдай түсі суық, саудыраған үш адам келіп қалды. Ақбілек бала қамаған лаққа ұқсап, апанды айнала жүгіріп, өкпесін соққан торғайдай торға ілінді. Сонда да есінен танбады:

— Апатай-ай! – деген жан дауысы таудың тасына барып шақ еткендей болды. Мейірімсіз темір қолдар алып ұрып, аузын басып жатса да, қолды кейін сермеп, басын жұлқып, үзіліп, өзеуреген ащы айғайы апатайының құлағына сап етті. Жонына шойын тағалағандай, апасы сіресіп қалса да, елемей, шыңғырған дауысқа қарай үкідей ұшып келеді. Қызын бүркітше бүріп, илеп жатқан екі орысты анасы екпінімен келіп игеріп тастап, балапанын басқан ана құстай, баласын бас салды. Олай сүйреп, бұлай жұлқып, қызды анасының құшағынан ала алмаған соң, орыстар мылтық дүмін жұмсады. Жанына мылтық батқанда, анасы қызын тастай беріп, алыса кетті. Апыр-топыр екі орысты екі алып ұрып, бірінің үстіне бірін илектеп жатқанда, үшінші орыс тайқып шегіне берді. Босанысымен қашуға оңтайланған Ақбілек апанның ернеуіне жете түсіп, анасының қалып бара жатқанын көріл, қайта апанға түскенде, анасы қызына қарсы ұмтылды. Сол кезде бос қалған орыс анасын жауырын ортадан басып салды.

— Алла!— деп ана құлады.

Үш орыс қызды көтеріп, ойбайлатып алды да жөнелді.

«Апатайлаған» айғайы жерді, көкті жұлып Ақбілек зарлап, аттардың дүрсілі тауды дүсірлетіп, абалап иттер қуып бара жатқанда:

— Қайдашы, қайдалап, төтеден бір топ кісі қуып ала жөнелді.

— Аттаншы! Аттан!

Жер де айғай, көк те айғай. Тау күңгірлеп, тас шықырлайды.

Қуғыншылардың қарасын көріп, қыз өңгергенді қоя беріп, екі орыс аттарын тежей, мылтықтарын кезей бастады. Екі атты есік пен төрдей жерге келіп қалды. Тау сатыр-сұтыр етті. Қуғыншының біреуі, қиялай шауып, атының жалын құша жығылуы-ақ мұң екен, арттағылары азан-қазан, ұйқы-тұйқы түсе қалды.

Манағы ала атты кім? Қыз алып қашқан орыстар кім? Бұларды қуам деп оққа ұшқан кім? Олардың кім екенін біз айтайық па? Өздеріне сөйлетейік пе?

Кәне, осыны дауысқа саламын. Біз айтайық дегендерің қолдарыңды көтер біреу, екеу... жоқ. Өздері сөйлесін дегендерің қол көтер... төртеу, бесеу... өзіммен көпшілік. Сонымен сөз өздеріне берілетін болды.

БЕКБОЛАТ

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий