Knigionline.co » Казахские книги » Акбилек / Ақбілек

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов

Книга «Акбилек / Ақбілек» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман описывает реальные события о неспокойных временах казахского аула, их традициях и быте, отношении между собой, подробно описан непростой жизненный путь Акбилек. Это один из первых казахских романов, описывающих жизнь сельчан во время революции. Одной из главных проблем, поднятых в романе, является неравенство женщин.

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мұның шыққаны алдарына ер тоқым үйіп, мылтықтарды мосылап қойған, қатар тігілген ұлылы, кішілі, жыртығы, бүтіні аралас жеті қостың бірден соңғысы екен. Төрт құбыладан бірдей ерейіп-серейіп, үстіне төніп тұрған ақар-шақар тауларға, тауға біткен үйірім-үйірім сабалақ жүнді орманға да, тау басында қалықтап жайылып жүрген бүркітке де, тауға тырмыса жайылып, жатқан құмырсқадай жылқыға да, қостан аулағырақ өзек қуалай, шыққан шоқ-шоқ бұтаға да Ақбілектің көзі тоқтап тұра алмай, сырғанап келіп, жер ошақ басындағы қазақтың қара құманына, қара астауына жыртық орыстың шөмішіне тоқтады. Жаудың қолына түскен әлде қай сорлының астауы, шөміші екен. Сорлы шөміш! Мен де сенің сыңарың ғой дегендей, мұңдасқандай, көзіне тағы жас алды.

Талдың тасасына түсейін деп, шеткі қостың артынан жаңа аса беріп еді, қос далдасында мылтығына сүйеніп, қақиып тұрған бір орыс жалт қарап:

— Стой! — деп ақырып қалды.

Дауыс жер астынан шыққандай, селк етіп, зәресі зәндемге кетті; жығылып барып оңалды. Сүйткенше болмады, артынан бір орыс жүгіріп келіп, құшақтай көтеріп қосқа ала жөнелді. Ақбілектің көзі шарасынан шықты. Құшақтаған орыс аймалап қосқа алып кіргенде, тағы екі орыс бастарын көтеріп, керіліп-созылып, көздерін уқалап, Ақбілекке қарап, күле сөйлеп, шылымдарын орай бастады. Алып келген манағы қолын артып жатқан жирен орыс екен. Ақбілекті аш белінен жібермей, қысып, бетіне таман ауызына ұмтылып еді, Ақбілек теріс қарап, бұлқынып сүйгізбеді. Өзге орыстар жирен орысты мазақтағандай, қарқ-қарқ күлісті. Олар күліп жарқылдап отырғанда, төрде жатқан ұзын бойлы, аққұба, қара мұрт орыс оянып, қырынан жатып, Ақбілекке көз салды. Ол өзгелеріндей сөйлескен де, күлген де жоқ. Құба шыңға құлаш ұрған жез қанат бидайықтай, талмау көзін талықсыта, терең қиялға шомылды.

Көп күліп жатқанда, біреу сазарып отырса, оның жаны жұмбақ қой. Көп мұңайып отырғанда, біреу күліп отырса, оның ажары да көңілді бұрмақ қой. Жұмбақ нәрсе адамды құштар қылмақ қой. Қарқылдасқан, қайғысыз, қамсыз көп орыс ортасындағы қара мұрттың лебі де Ақбілекке жұмбақ боп көрінді. Әлде өзіне бастас қылғысы келді ме, немесе одан бір жылы сөз күтті ме, болмаса әйелге біткен жеңсіқойлық мұны да жеңді ме, әйтеуір қапаста қапаланып, жалынарға жан таба алмай отырған Ақбілектің көзі еріксіз қара мұртқа түсті.

Қара мұрт Ақбілектің жан жарасын әлде көзінен оқып білді ме, әлде бір басқа сезім кернеді ме, кім білсін жирен сүйем деп тағы кезеніп, Ақбілек сырт беріп тыжырынып еді, ашуланған адамша анаған ажырая қарап, бірдеме деп шорт кесті. Жирен орыс та қыңбады, ежірейіп, басын сілкіп, бірдеме деп тастады. Бірақ енді қайта сүюге қызға ұмтылмады. Өзгелері үндемей шылымдарын тартып болып, тысқа шығып кеткенде, қара мұрт Ақбілекке жылы қарап, бір күрсінді де, жирен орысқа әлгідей емес, жайраңдап, сөйлей бастады. Алғашқы кезде нәресте шақырғандай, алақанын қармай, мойнын бұлғай, көзін тұнжырата, ернін шошайта сөйлеп, жирен орыс басын шайқап болмаған соң, иығын қысып, көзін тікірейте, ернін кезерте, ызбарлана сөйледі. Арыс-ұрыс еткен иттерше бірін-бірі қауып алғандай болды. Келте-келте жауаптасып, жұдырықтарын білесіп, қара мұрт өңі сұрланып шығып кетті. Ол кеткен соң жирен орыс та құшырланып, күңкілдеп, боқтаған іспетті болды да, тысқа шықты.

Өзге қостар да тұрса керек: далада шүлдірлескен сөздер молайып, жаңылдай бастады. Кейбір орыстар Ақбілек отырған қосқа келіп: «Кзымке...»— деп мойындарын қисайта, шағыр, шегір көздерімен тесіп жібергендей Ақбілекке үңіле қарасып, ыржиысып, бірдеме десіп кетіп қалды. Ақбілек олардың бетіне тура қарай алмады, кіріп келгенде ғана немесе түрткенде ғана көзінің құйрығы түсті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий