Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов
-
Название:Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:117
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.
Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги
Бәлкім, таланы солай жазылғасын көне беретін шығар. Шарасыздық та - шерменделік. Бірақ басқа түскеннің бәрін көрсең де, көнгенің қалай? Осы қазақ неге көнгіш? Аштыққа көнуге болар, ал бірақ қорлыққа көнген қасиет пе? Ел намысы үшін ерлері еңсе көтеріп, ұран айқайлап шыққан кезі болған ба? Көненің көзі ғой деп қариялардан жөн сұраған кезі болды. Қанша жасаса да олардың осы өмірден түйген зәредей де сабағы болмапты.
Арғы-бергі заманнан ауыз толтырып айтар жақсылық таба алмағасын олар өз елінің тірлігін ұзақ - сонарға сап, баяғы заманда өткен даңғой батырын, сасық байын, қызыл тілін безеген биін мақтап, жөн сұраған кейінгі ұрпаққа тірліктің жолын қиындата түседі. Енді бірде көп біледі деген қариялардың езі келешектің қамын ойлаудан гөрі кейінгі жағына жалтақтап, алға талпынған жастардың үміт - арманын қайырып әкеп көне заманның сүрлеуіне сала береді. Көне заманды көксеп отырып, кейде көзін жұмып, қолын алысқа сермеп, Қап тауының аржағында жатқан қалың ел бар, бақыт, байлық, ғашық жар, һор қызы - бәрі сонда деп, осы өмірден көрем бе деген қызықты да қиындатып жібереді.
Еламан солдатқа алғанға өкінбеді. Осы жолы ол қариялар айтатын сол Қап тауының ар жақ, бер жағын көріп қайтты. Әсіресе, Кавказ тауын жайлаған кішкентай елдердің тірлігі оған кеп ой салды; ұйықтап жатқан кеще ойға тас тиіп оятқандай болды; сонан бері өз басының қайғысын ел қасіреті жеңіп, шерлі жүрек сыздап қайтты. Ата-бабаларының бір ісіне ырза емес. Үстіне кісі кіргізбейтіндей, кең далаға сыймай, мал жайып жатқаннан не ұтты? Талай заманнан жер дауы жегідей жеп, алауыздық асқынған. Соның арқасында ит -құсқа таланып күн кешіп келеді. Кеше де өздерінен он есе күші аз жауға қарсы тұра алмады. Таланды. Тоналды. Алдағы уақытта елі қанша таланбақ?!.
− Апыр - ай, бір қайғыңнан бір қайғың асып түсіп, тіпті қайғыруға да мұрсаңды келтірмей барады ау! Ыстық ұяң - аулыңның сиқы мынау. Мен қимайтын не қалды? Бәсе, не қалды? - деп Еламан, кенет ұйқыдан оянғандай еңсесін көтеріп алды.
Қарындасындай болған кешегі кінәсіз жан есіне түсті. Өкініші мен өксігі көп өмірдің ендігі қалған қуанышындай еді - ау!
Еламан түрегелді. Жаралы дене толықсып бара жатқасын таяққа сүйеніп қалды. Көзінде жас. кетіп бара жатты да артына тағы бір қайырылды. Үлкен қорымның шет жағындағы он қабірдің жанынан жақында пайда болған он бірінші қабірге көзі түсті.
- Кешір! Үлгіре алмадым.
Ендігі тірлік жөнін ойлағанда есіне қайта - қайта Шалқар түсті. Ондағы орыстардың тірлік қарекетін әлі де дұрыстап біле қойған жоқ; тек бір аңғарғаны: үлкен елдің арманы да үлкен. Патшасын құлатса да, халық бойындағы ыза әлі басылмай, дауыл алдындағы ұлы теңізше ісініп, шарасынан шығып жатқан қаһарлы бір күшті сезгені бар. Еламан таяққа сүйенген бойын тіктеді. Бір тәуекелге бел буғандай. Қайтпек керек, не көрсе де ендігі жерде дүниенің тауқыметін солармен бірге көреді. Ел - жұртымен қоштасып, алдын кештете Шалқарға бет қойды. Күзгі жел кешке қарай шұғыл суытты. Ала бұлтты аспан сең жүзген теңіз бетіндей, сапырылысып, жөңкіп көшіп жатты. Бұ да бұның дәл қазіргі өз көңіліндей ұйқы - тұйқы. Шамасы, сірә, мына аспанның да қары, жауыны, қара нөсерімен бірге осындай ала бұлтты ызғырық шағы да болатыны ғой. Апыр - ай, бұлт екеш бұлт та соның біріне тоқтамай, толастамай, кең аспаннан жол тауып, үздіксіз көшіп жатады екен-ау!
ТҮСІНІК
«Қан мен тер» трилогиясының ең алғашқы кітабы «Ымырт» деген атпен 1961 жылы, 2-кітабы «Сергелдең» деген атпен 1964 жылы, 3-кітабы «Күйреу» деген атпен 1970 жылы жеке-жеке кітаптар болып баспадан шыққан болатын.
М.Әуезовтің өзі көзі тірісінде үлкен үміт артқан санаулы шәкірттерінің бірі Ә. Нұрпейісовтің осы шығармасы Кеңес дәуірі тұсында қазақ сөз өнерінің еншісіне айналған роман жанрының ең ірі туындылардың бірі ретінде бағаланды. Сол баға жазушыны 1974 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері атандырды. Осыдан кейін - ақ романның халықаралық деңгейдегі бағы жанып жүре берді.