Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Жануарлар - ай, қырылады - ау... Қырылады - ау енді! Су беті жылқыдан көрінбеді. Есі шыққан жылқылар құрықтай мойнын созып пыр-пырлап өзектің арғы бетіне барды да, тұмсығы жарға тірелгесін жалт беріп кейін қарай салды. Қайтар жолда кәрі - құртаң аттар, буаз биелер әлсіреп, өз денесін өзі ауырлағандай су түбіне бата бастады. Құлын, тайлар Қандыөзектің қатты ағысына шыдамай, су ішінде басы қылтылдап ығып бара жатып, жаны ышқына шыңғырып кісінегенде Тәңірбергеннің төбе құйқасы шымырлап кетті. Бұл өзі анада болыс ағасы өлгенде де көзіне жас алмаған зәті қатты жігіт еді; көз алдында суға кетіп қырылған жылқыларды көргенде шыдап тұра алмай, ат басын асығыс бұра берді. Ақ арғымақ ит тұмсығы батпайтын биік қар қамысты кеудесімен омыраулап жарып келеді. Қапелімде аттың омырауын, тұмсығын, құрықтай ұзын мойнын нар қамыстың сойы тілгілеп қызыл ала қан ғып тастаған-ды. Аяң басқан сайын арғымақ таңым астында дір-дір етеді. Жас бала білегіндей нар қамыс жан-жағынан шыпыртып сабалап, маса - сона талап тұла бойы шиедей болған мырза ат үстінде отыра алмай, олай бір, бұлай бір бұрылып, тақа болмағасын басын зегірен бешпеттің жағасына тығып, жол еркін ақ арғымаққа беріп, ат жалын құшып жатып алды. Тәңірберген қалың қамысқа ілгері леп кірсе де, ана жақта жау шапқан халықтың улаған - шулағаны емес, ана жолы Қалау қолға түсірген түрікпен жігітінің шырқыраған жан даусындай; қол - аяғын қыл шылбырмен байлап, жапан түзде қалдырған жігіттің дәл бір Тәңіріден ажал тілеп, шыр - шырлаған жалынышты үніндей. Тәңірберген құлағын баса жаздады. Атын тебініп, қамыс арасына тереңдеп кіре түсті.

Өрт етек алған сайын қамыс ішіндегі жан-жануардың есі шықты, қайыру бермей, құлындай шырқырап қамыс арасынан үйір - үйірімен қашып шыға бастады. Жөнеуіт ханның жігіттері қуып әлек болмай, қарауылға іліккенін атып құлата берді.

Қой, ешкі, қатын - бала аяқ астында қалды. Қамыс іші қара қошқыл түтін. Біреуді біреу көрмей, ана қыздан, әке баладан айырылып, ызы - шу халық өрт астынан жүгіріп шығып жатыр. Үсті-басын өрт шалған, бет-аузы күлді күйелеш кісілер өрт ішінен жүгіріп шыққанда қарсы алдында мылтығын кезеген түсі суық түрікпендер тұр еді. Сеңсең құрайыш астынан шүңірек көздері зәр шаша қадалады. Ат үстінен мылтықтарын кезеп, өрттен шыққан кісілерді айдап әкеп бір араға иіріп жатты...

Қолға түскен кісілерде ес - түс жоқ. Жөнеуіт ханның жігіттеріне қарсыласпай, айдаған жаққа топырлап жүріп келеді. Алғашқы лектің ішінде Әли, Қалау, Төлеу, Дос бар. Судыр Ахмет сүріне берді.

Алты-жеті түрікпен жар басындағы балықшылар аулынан бір қора кісіні айдап шықты. «Мал - мүлкіміз жоқ, бізді қайтер дейсің», - деген оймен, бұлар үйлерінен қозғалмай отырып қалған-ды. Қамысқа тығылған халықтай емес, әзір бұлардың қыры жығыла қоймаған. Үсті-басы бүтін. Мөңке, Рза, Құлтума қатар келе жатқан-ды. Бұлардың үстіне қамыс арасынан шыққан бір қора әйелді айдап әкелді. Рза Айғаншаны алыстан таныды. Әлгі бір қарбаласта орамалын жоғалтып апты. Қалың қара шашы бұрқырап, қыз жүзін жауып кеткен. Үстінде қызыл шегі бар ақ шыт көйлек.

Шамасы, құрбашы болу керек, басқаларынан гөрі өзгешелеу киінген бір түрікпен анадайдан ақ арғымағын ойқастатып кеп Айғаншамен қатарласты... Ат үстінен еңкейіп әлдене деп тіл қатып еді, Айғанша үндемеді.

− Құдай - ай, қор болдың - ау! - деді Рза өзінің дәрменсіздігіне күйініп.

− Бізді қайтер екен, ә? - деді Құлтума балдағымен шойнаңдап ырғып басып.

− Кім білсін?..

− Атар ма екен?

− Атса ататын шығар.

Құлтума сүрініп кетті. Осыдан кейін буыны дірілдеп, аяғын баса алмай балдағы тайып кете бергесін Рза оны қолтығынан алды. Түрікпендер әйелдерді асықтырып, қамшы сілтеп қуалай жөнелді. Рза Төлеудің екі әйелін көрді. Кішкентай қызы ере алмағасын Кенжекей қолына көтеріп алды. Айғанша көппен бірге жүгіре түсті де, кенет тоқтай қап, кейінгі жақта келе жатқан Әлизаны сүйемелдеді. Мөңкенің жөргектегі баласын етегіне салып алған кәрі әйел жүгіре алмай, алқынып аяғын әзер басып келе жатыр екен.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий