Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тәңірбергеннің ақылымен жас қыз, сұлу келіншектердің үсті - басына ескі - құсқыларды кигізіп, беті - қолдарын жумай күлді - күйелештеген. Биыл ел қораға кіре ұзатылғалы бұғағынан үзіліп отырған Тәңірбергеннің сұлу балдызы бар еді. Қазір оны тану қиын. Үстіне сауыншы әйелдің киімін кигізіп, қарына шелек іліп, әлем-жәлем қып қазан-аяқ жақтан шығармай қойды. Бұрын мұндай киім киіп көрмеген ерке қыз өзінің қазіргі қораш қалпына бойы үйренбей, көрінгеннен қысылады. Әсіресе,құрбылары алдында басқадан бұрын өзі ұялып бітті.

Өзінің осы бір мүшкіл халін мысқылдағандай, кісі - қара алдында қылымсып, қысылған бойын қайда тығарын білмей қалады.

Жағаға келгелі бай ауылда дамыл жоқ: ұзатылатын қыз жасауы мен бай үйдің асыл бұйымдарын киізге орап, тең-теңімен қамыс арасына тығып жатыр. Олар осылай екі күн сабылды. Үшінші күні Жөнеуіт ханнан хабар болмай кеткесін көп кісі қорыққанды қойды. Теңіз жағасының маса, сонасы талап мазасы кеткен жұрт алғашқы күндері бой тасалаған қамыс арасынан шықты. Қырға үйренген малдар ойдың шөбінен отын ала алмай, жүдей бастады. Тілеуқабақ байы мал ажарынан қысы-жазы көз алмай, қоңы сәл қисайса да жаны шығып кететін шаруашыл кісі еді. Ол кең жайлауға асықты. Күйеу баласының әлде де бір-екі күн ерулеп күте тұрайық деген сақтығын құлағына ілмеді. Күн шығар - шықпаста үй ішін оятты. Қамысқа тыққан теңдерді әкеліп түйелерге артып, абыр - сабыр боп жатқан үстіне Жөнеуіт ханның жігіттері сау ете қалды. Әрдайым қамсыз отырғанда осылай үстінен бұйқыт баса қап дән татқан кезенді жау осы жолы да дағырадай бөріктері қауқиып жабындыдан шыға-шыға келді. Сол бойда аттарына тақым басын, қиқу сап қаптап кетті. Қамсыз отырған ауылдың ер-азаматына ес жиғызбай, ағызып келе жатып ақ семсері жарқылдап, үсті - үстіне мылтық атып, үш ауыл у-шу болды. Жігіттер белдеуде тұрған аттарына міне алмады. Қатын - балалар дүние мүлікті тастай қашты. Үш ауыл тайлы -таяғымен қамысқа тығылды. Әли бастаған Тілеуқабақ жігіттері жер қайысқан малды жан -жағынан қиқулап қуып апарып, Қандыөзектің алқымындағы қалың қамысқа тықты. Үстіне кісі - қара кіргенде қамыс ішінде сыңсыған маса, сона ду етіп бірден жабыла кетті. Малды да, жанды да қапелімде қан-жоса ғып сойып тастады. Маса, сона шаққан жылқылар Шұрқырап кісінеп, сиырлар өкіріп, құйрығын шаншып қамыс арасынан қашып шығып жатыр. Қойлар маңырап, түйелер боздап, иттер ұлып, бала - шағалар жылап, қамыс іші қапелімде у-шу, азан - қазан болды да кетті.

Қатын-бала мен мал - мүлікпен ешкімнің жұмысы болмай, әркім өз басын қайттап бет-бетіне босып кеткен, Судыр Ахмет те осы көптің ішінде шекпенімен басын бүркеп апты; қара аттың қолтығына кіріп, жанын қоярға жер таппай зарлап жүр. Маса шаққан сайын баж етіп ыршып түседі.

− Ойбай!.. Ойбай, жарып кетті, - деп сарнап, шекпеннің шалғайымен желпіп отырды да, қары талғасын: - Құдайы құрғыр - ай, түрікпеннің оғы да осы сары масаның тұмсығындай болар. Қамыс арасынан шығайықшы, - деп жалынады.

Осы кезде өрт бұрқ етті. Түрікпендер кісі бойынан асатын ну қамысқа кіруге қорқып, жел жағынан өрт жіберген-ді. Тұнып тұрған қамыс от тиген бойда лау етіп, өрт ие бермей гүрілдеп ала жөнелді. Қызыл жалын аспанға шапшып, будақтаған қара қошқыл түтін, сытыр-сытыр, пышыр - пышыр жанған қамыс, мал - жан дем ала алмай тұншыға бастады.

− Ойбай, қырылдың!

− Өлдік!

− Өрт!

Қамыс арасы ұйқы - тұйқы. У-шу, азан - қазан. Жан сауғалап өрттен қашқан кісілер кімнің қайда кеткенін білмеді. Тәңірберген де осы бұлаң - таланда қасындағы жігіттерден көз жазып қалған-ды. Өрт иісін сезгесін - ақ сиырлар өкіріп, жылқылар құлын, тайларын араларына алып жаны ышқынып жүйткіп жосып жүрді де, бір кезде бар тобымен дүсірлеп кеп Қандыөзекке қойып кетті. Суы терең, ағысы қатты өзектің екі беті тік жар еді. Тәңірберген Қандыөзекке мінбелеп тоқтады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий