Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Оны істете ме? Екі бірдей ағасы бар. Ар жағын зерттесең - піл табан Тәңірберген жатыр. Аңдысса - алады, алысса - жығады.

− Мен де жалғыз емеспін ғой.

− Сондағы арқа тірерің кім?

− Сен ше? Сенің де төңірегіңде біраз тобыр бар емес пе?

Мөңке кәдімгідей назырқап, жер шұқып отыр.

− Ой, қарағым - ай! Саған пана бола алатын менде не қауқар қалды? Тым құрыса баяғыдай қысылшаңда қара ағаштай иықтасып тұра қалатын іргең бүтін болса екен. Қасымда Кәлен де жоқ. Менен не сұрайсың? Мен де теңіз жағасынан қызыл қанат шабақ алып жеп жүрген кәрі қарабаймын.

− Мөңке аға, назырқамашы, еңсеңді көтерші.

− Иығыңнан басып тұрса, еңсең қалай көтерілер?..

− Қаладан ала келген... қаруым бар еді...

− Ол қайда?

− Осы арадан бір күншілік жерде тығулы жатыр. Қолға тисе қантөгіс боп кете ме деп қорқып едім. Оған мыналар қойды ма?.. «Өлермен болсаң отқа түс», - деп шаптан түртіп, намысыңды шұқып отырып алды ғой.

Мөңке Еламанның осы қазір неден де тайынбайтын түрін байқады.

− Абайлау керек.

− Енді тайсақтайтын ештеңе қалмады.

− Шырағым-ау, сен осы не деп отырсын?

− Мөңке аға, жігіттерді жи. Қорлыққа көнгенше, өлгеннің өзі артық. Ендігі жерге күшке күш керсетіп, төбелессе төбелесеміз. Әйтеуір бір жанға есе жібермейміз.

− Мейлің білсін. Бір есептен осының да дұрыс шығар. Ашулы жігіт үйге кірместен тұп -тура промсолға тартты. Айғаншамен сөйлесіп, алдынан өтіп алғысы келді. Қыз көнсе де, көнбесе де, осы бүгін күн кештете атқа қонбақ. Иесіз қорада қалдырып кеткен мылтықты әкеліп, ау - құралдан айырылған ызалы жандарды бір қимылға бастауға бел байлады. «Сендермен сонан кейін сөйлескен дұрыс болар», - деді ішінен.

Промсолға тақай бергенде арт жақтан адамның үрей ұшқандай жаман дауыс шықты. Еламан шошып, артына жалт қарап еді. Судыр Ахмет... Астында қара ат. Киіз қалпақ көзіне түсіп кеткен. Боз шекпеннің етегі далақтап, шауып келеді. «Мұны Шалқарға кетті деп еді ғой? Әлде сонан қайтқан беті ме? Даусы қандай жаман», - деп ойлағанша болмай, Судыр Ахмет нар қараны борбайлап, тұсынан шауып өтті.

− Аттан!.. Аттан!.. Жау... Жау!..

Еламанның жүрегі мұздай болды. Үйден ашуға булығып шықса да, ол енді не ілгері жүрерін, не келген ізбен кейін қайтарын білмей, екі ойлы боп тұрған үстіне бір топ жігіт жүгіріп келді. Бұлар да естері шығып кеткен.

− Елаға, Судырақтың айтқаны рас болды. Ұлықұм бойындағы ауылдарды жау шауыпты.

− Жа - у? Не қылған жау?

− Түрікпендер. Қазақтан кек аламыз деп шығыпты. Қазіргі беті тым қатты дейді.

− Өтірік болар, шыққан жері сенімсіз екен, - деді біреу. Бұның шындығына Еламан шүбә келтірмеді. Кейінгі кезде Тәңірбергеннің жігіттері Жөнеуіт ханның Текежәуміт ішіндегі бай құдасын шапқанын ел іші көптен бері әңгіме ғып жүрген-ді.

− Елаға, бұған не дейсіз? - деді Рейс.

− Тәңірберген мен Досқа хабар беріңдер. Тым құрыса осы тұста алауыздықты қойып, тізе қосып тірлік қылғанымыз жөн.

− Елаға, онан ештеңе шықпайды. Тәңірберген кеткелі жатыр.

− Қашқалы жатыр де! Үй іргесіне жау келсе, әркім өз басын ойлайтын ежелгі әдет. Ақтабан шұбырындыда да сүйткен. Апыр - ай, қиындықта ел басын қоса алмай, қор болдың - ау, - деп Еламан жігері құм боп қалып отырды да, - жә, қайтеміз. Кететін кісіге жол ашық. Кәне, отырмалық. Қамданыңдар. Мен бір күнге кетем. Кеудемде жаным болса, ертең кешке оралам.

Жігіттер онан жөн сұрамады. Еламан да оларға жөнін айтпай, Шалқардан мініп келген жаман тұғырды ерттеп, сол күні түс ауа жүріп кетті. Жөнеуіт ханның жігіттері дәл бір дала құйынындай, осы елге ылғи да тұтқиыл тиіп қан - жоса ғып, қырып - жойып кететін рақымсыз қатал еді. Қоңырат, Шымбайға барған астықшылар Жөнеуіт хан десе зәре -құты ұшатын-ды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий