Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

СЕРГЕЛДЕҢ (ІІ КІТАП)

БІРІНШІ БӨЛІМ

Жалғыз түйелі шолақ көш күн кештете Көлқораның құлауына ілікті.

− Ау - ыл!

− Ауыл! Ауыл көрінді! - деп түйе үстіндегілер шулап қоя берді.

Түйе жанында екі келіншек, екі жігіт жаяу-жалпылап келе жатқан-ды. Оқшау хабарға олар да еңсесін тіктеді.

− Ауыл дейсің бе, әй? Қара-құра көріне ме?

− Жайылып жүрген мал кеп. Бай ауыл болу керек.

− Ендеше Құдай берді! Адаспай, дәл тапқан екенбіз.

− Мынау соның аулы деп ойлайсың ба? Ол өзі малды жігіт пе еді?

− Ойбай, малды. Тоғы шайқалмаған жігіт. Тері - терсек жияды, табыскер. Жарықтың, жері де жақсы екен. Әй, Қалау, байқайсың ба, алабұтасы, ашылып сорақы кілк - кілк етеді. Нағыз түйе ұстайтын жер екен!

− Қазаны қандай екен иттің?

− Тіл тигізбе...

− Ой, енесін... асқа тойғызса болды.

− Не көрініпті...

Екеуінің де қасы - кірпігі шаң. Жақ жүндері үрпиіп кеткен. Ылдиға құларда жұлығынан шұлғауы шыққан қайыс етікпен борбас кебірді бұрқылдатып, сырғанақтап сөйлей түсті. Әсіресе, иықты, ірі қара жігіт ауыл қарасын көргелі жағы тынбады. Мына елдің жері, суы, шөбінің реңі жайында неше түрлі топшылау айтып, сөйлеп келеді. Олардан кейініректе екі келіншек түйеден қалмай, кебежеде бастары қылқиған балалармен қатарласып келе жатыр. Әлсін-әлі ас сұрап қыңқылдаған жас балаларды алдарқатып: «Шыдаңдар! - деп жұбатады, - әне, Ебейсін ағаңның үйі көрінді. Кішкенедесін жетеміз. Ой, сосын, несін айтасың, отты маздатып жағар. Ыссы астың буын бұрқыратып алдарыңа қояр. Сен же, мен же болармыз».

Бұлар ауыл шетінде мал қайырып жүрген кісіге жолығып, Ебейсіннің қыстауын сұрап алды. Мұржадан түтін будақтаған ығы мол, үлкен үйді көргенде, балалар кебежеден мойнын созып, қып-қызыл тұмсығымен ілгері жақтан аңқып қоя берген малдың, қидың, көң-қоқырдың иісімен дем алды.

Бұлар бөтен үйдің қорасына баса-көктеп кіруге именді. Көш басындағы ер-азамат келген бойда хабарлас қылды да, сыпайылық сақтап сыртта иіріліп тұр. Ірі қара төбет қора түбінен бой көрсетіп үріп келеді. Әлі шам жаға қоймаған үлкен үйдің терезесінен кешкі оттың болымсыз қызғылт сәулесі жылтырады. Есік ашылды. Іштен қара киімді, жатаған төрт паң кісі шықты. Бұлар Ебейсінді тосырқап таныды. Бұрынғыдай емес, ел ішінің тері -терсегін жинап, қалаға қатынап, сауда басындағы кісілермен араласқалы татар байларына еліктеп бойын күтіп ұстайтын бопты. Қара мақпал тақия, қара зегірен бешпент киіп, тыраштанып алған тақуа Ебейсін үй алдында иіріліп тұрған жұпыны, жүдеу кісілерге жатырқай қарады:

− Көрмеген кісімсің ғой.

− Мені білесіз... Мен Төлеу...

− Кім?

− Тө - леу. Төлеумін.

− Төлеу... Жоқ, білмеймін.

− Құдай - ау, не дейді?.. Өткен қыста Құдайменде болыстың оқудағы інісі екеуің біздің үйге қонып кеткенсің... Содан кейін де талай - талай қонғансың... Шұқырда отырған жалғыз үй...

− Шұқыр?.. Қай шұқыр?..

− Апыр - ай, қалай десем екен? Қырда... шұңқырда, жалғыз үй.

− Жоқ, есімде жоқ.

− Не дейді?! Аға - еке - ау...

− Ии - и, пақыр, қой әрмен! Халық үстінде жүрген азаматтың бір түнеп кетпейтін үйі бар ма? Соның бәрі есіңде тұра ма? - деді де, Ебейсін бұрылып жүре берді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий