Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Ертегі айтайын ба?.. Ертегім ертек, екі құлағы селтек, қырғауылы қызыл екен, құйрық-жалы ұзын... - дей түсті де, тоқтай қалды. Бұның көңіліне бола жас балалар жоқ күлкіні ар жағынан күшпен зорлағандай әншейін ыржиып езу тартты. Мұрындары қып - қызыл. Еріндері көгеріп, дірдектеп, қалш-қалш еткен кішкентай балалардың қылқанақ тісі тісіне тимей сақ-сақ етеді. Қыз сырт айналып, бетін бұрып кетті. «Айналайындар - ай, қор болдыңдар - ау», - деді ішінен.

Сырқат ана да күнұзын түйе үстінде ырғалақтап мазасы кетіп келе жатқан-ды. Ебейсіннің қыстауынан былайырақ ұзап шыққасын бір кезде бұлардың алдынан бөрік бас нар шоқалақтар кездесті. Селдір қамыс, қызыл сирақ түзген, жыңғыл, сораң жынысып, теңіз өңірінің кәдімгі көңілсіз бытпылдығы басталды. Бір кезде жел астында сусылдаған қамыс сыбдырынан басқа бұларға ілгергі жақтан әлдебір алып күштің ыңыранған сарыны жетті.

Түйе үстіндегілер болмаса, Төлеу оны сезген жоқ; анда-санда әлде бір қаңбақ қараңғыда қасынан қалбаңдап жосып өтеді. Ондайда түйе үріксе де, Төлеу түк сезбейді. Иығы түсіп кеткен. Үнсіз. Жағалаудың бытпылдық қалыңдығы арасынан әзер-әзер жол тауып, түйе басын жетелеп келеді. Дәл қазір оның басында ыстық ас пен маздаған оттан басқа ой жоқ; керек десе, қайда бара жатқанын, неге бара жатқанын, бағанағы имансыздан кейін тағы кімнен бір түнеп шығатын ығын сұрап «әке, көкелеп» аяғына жығылатынын бір Алла білмесе, бұл біліп келе жатқан жоқ-ты.

− Казинесі кең Құдай-ай, көрсетпегенің көп екен ғой, - деді кемпір күрсініп. Жаны қиналған ана енді бір кезде Төлеуге жыны түсіп, - сорлы бала теңіз... теңіз деп ынтықты да тұрды. Сондағы тапқан Жиделібайсыны осы ма? Адыра қалсын. Жері кең болса да, пиғылы тар ел ғой мынауың, - деп еді.

− Елге тіл тигізіп қайтесің?! Әлгі жалдаптан басқа кімге пана сұрап бардың? - деп қыз анасын қайырып тастады.

Төлеу үнсіз. Басқа үміт қалмаған соң ілгері жақтан талып естілген әлгі сарынның сырын білмесе де, әлдебір тірліктің тынысы шығар деген дәмемен түйенің басын жетелеп, бүгежектеп келеді.

* * *

Ертеңіне Ебейсін көрші ауылдарды аралап, соғымға сойған малдың тері-терсегін жинап жүр еді. Оның бұл жаны сүйетін кәсібі. Қырдан көшіп келген кісілер қораға таяу арада ғана кірген; төсек - орны жиналмай, абыр-сабыры шығып жатқан ауылдардың иттері алдынан арсылдап үріп шықты. Оған онша иманы селт ете қоймаған Ебейсін семіз сары атты сипай қамшылап ел шетіне кірді. Бұл кезде қазан - ошағын қондырып, пешін жөндеп, отынын есік алдына үйіп, соғымын сойып алған үйлердің қай - қайсысына кірсе де, қазан толы ет буы бұрқырап пісіп жатқан үстінен шығады. Ол осылай ел ішінен тері-терсек жинап жүрген үстіне бір күні Тәңірбергеннің атқосшысы ақикөз жігіт кеп:

− Мырза шақырып жатыр. Кәне, дереу атқа мін, - деп еді, Ебейсін есітпеді ме, бұрынғыдай елп ете қоймады. Соған таң қалған жігіт мынаның міз бақпағанына ызаланып:

− Әй, саған айтам... - деп даусын көтере бастап еді.

− Әкіреңдеме! Мұнда шаруа бар, - деді Ебейсін.

− Шаруаң қашпас. Мырза тез жетсін деп жатыр!

− Кете бер.

− Сен ше?

− Көрерміз дедім ғой.

Ақикөз жігіт кеткесін Ебейсін: «Барсам ба, жоқ па?..» - дегендей ойланып тұрды да, ықылассыздау атқа қонды. Жаңа ғана етке тойып, буы бұрқырап шыққан жігіт күзгі қара суыққа қыңбады. Түлкі тымағын көзіне басып киді де, қарсы алдынан қадалып соғып тұрған қатты желге тура қарап тартып кетті. Күн қанша суық болғанмен семіз сары аттың қос бүйірі тақымын қыж - қыж қайнатып келеді. Қыр басына көтеріліп, үлкен айдау жолға түскесін Ебейсін ендігі қалған жерге қам жемеді. Мына жол басқа жаққа бұрылмай тура тартып отырса, бай ауылдың дәл үстінен түсіретінін білді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий