Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қара кемпір түрегелді. Келіндеріне ақылын айтып, өзі басқарып-төскеріп жүріп, тайлақ етін түгелдей көтеріп әкеп екі қазанға бөліп салды да, ауылдастарға хабар берді. Қонақтар келгенше буулы жатқан теңді шешкізіп, өздерінің әне бір болып - толып тұрған кезінен қалған көне шапан, көне ішіктерді шығарды. Ал түгі қырылған көне кілем, көне текеметтерді төр алдына жайғанда жаңа ғана жел ызғыған жүдеу үйдің іші жайнап кетті. Қара кемпірдің өзі де таңырқап қарап тұр. Әне бір қарны ашқан кезде Төлеу шіркін осы дүниелерге көз алартып тап - тап беретін. Бір жолы орта қап астыққа сатпақ боп жатқанда үстінен шығып, ақырып - жекіріп, алып қап еді. Соңыра, бұл өлгесін өздері білсін, ал көзі тіріде мына дүние - мүліктен айырылар ойы жоқ. Жер түбінен бермен қарай атадан балаға мирас боп, қолдан - қолға өтіп келе жатқан мына дүние басқаны білмейді, ал бұған көне көздей бәрі ыстық. Бұның қайсысын алсаң да баяғы құдіретті ата-бабаларының ұлылығының ізі сайрап жатыр. Мына көне кілем, көне текеметке арғы - бергі заманның талай игі жақсыларының тәні тиді, иісі сіңді. Күйеуі болыс боп, дүние дүңкілдеп тұрған әнебір бұлардың айбарлы кезінде еңсесі биік ақ орданың төрінде осы кілем, осы текемет жатып еді-ау! Ой, дүние-ай, соның бәрі, енді мінекей, көрген түстей! Айтсақ нанбайды. Өзгені қойғанда, алдымен өзінің бауырынан өрген балалары нанбайды.

Қара кемпір теңнен шыққан көне киімдерді қолына алып, бір- бірлеп қарап шықты. Жас кездегі досын көп жыл өткен соң, қартайған шағында қайта көргендей. Өзі сияқты бұлар да тозған. Жеңінің аузы қиылған. Түгі қырқылған. Бояуы оңған. Жылдар бойы жүк астында жатып, умаждалып, мыж - мыж боп қалған көне киімдер ажары тайып, әжім түскен көне беттей.

Тыстан осы үйге беттеп келе жатқан кісілердің топырлап басқан аяқ дыбысы естілді. Көңілі бұзылып бара жатқан қарт ана теп-тез бойын тежеп ала қойды да, орнына барып отырды. Басында балықшылар өз үйіне келгендей, ештеңеден именбей қауқылдап сөйлеп кірген-ді. Бірақ төрге жайып тастаған қызыл ала төсенішті көргенде тіл - жағы байланғандай тына қалды. Бастап кірген Мөңке мен Дос та күн сәулесінен қымсынғандай, көз назары төменшіктеп жалма - жан аяқ киімдеріне қарады. Кейін кіргендер де алдындағы үлкендердің тасасына тығылып, бір- бірін итермелей бастады.

− Әй, аяғыңды шеш! - деді Мөңке.

Бәрін байқап, бәрін көріп, біліп отырған кемпірдің ауру қажытқан бет өңі ажарланып кетті. Баяғы шаршысына кеп тұрғанда үйіне келген кедей - кепшік дәл мына балықшылардай төрге беттей алмай, қипақтап - сипақтап есік алдынан кететін. Ол кезде бұда ықыласы түскендерге ғана рай білдіретін...

− Неге іркілдіңдер, терге шығыңдар! - деді кемпір. Балықшылар жапырлап аяқ - киімдерін шеше бастады.

Мөңке мен Достың соңын ала төрге шыққан жас жігіттер әлі де болса бір нәрсені бүлдіріп алатындай, қол-аяғын жаза алмай берекеттері кетіп отыр. Қара кемпірдің көзін ала бере астарындағы көне кілемнің мап-майда түгін ескек қажап көк мүйізденіп қалған алақандарымен абайлап сипады.

Қара кемпір оны да байқады. Өзінің топшылауы бойынша осыдан кейін мына балықшылар бұны жапырлап ортаға алып арғы ата тегін, руын сұрауға тиіс. Көре қал, арғы-бергі тегінде батыр болған, бай, би, болыс болған кім бар деп қадалады. Ол ар сұраймын дегенше қара кемпір қай атасында қора толы қой, үйір-үйір жылқы, мыңғырған мал болғанын есіне алды. Онан өзінің күйеуі жеті жыл болыс боп, жалпақ елді жапырып билеп тұрған сонау заманда қыз ұзатып, келін түсіргенін, қалыңмал, кит, ас - тойлардағы сан түрлі сый-сыяпаттарға дейін есіне түсіріп, енді мыналар соны қашан сұрар екен деп іштей әзірленіп отырған-ды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий