Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов
-
Название:Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:117
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.
Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги
Қара кемпір іште жалғыз. Жаңа қонысқа орналасып жатқан балаларына әркездегідей көңілін аққа ұйытып, Тәңіріден тілек тілеп отыр. Тілі - дұғада. Құлағы - сыртта. Әне, тайлақ бақ етті. Иттер ырылдады. Іле-шала Қалау мен Төлеу ырсылдап, жылы буы бұрқыраған етті ішке көтеріп кіріп келе жатты. Әйелдер тайқазанға толтыра ет салды. От жақты. Ет піскенше шыдамай, өкпе - бауырды турап қуырдақ қуырды. Көңірсіген ет иісі қапелімде үй ішін алып кетті.
Көңілді кісілер даусын жарыстырып қауқылдасып жатыр. Үлкен - кішінің қолында бір-бір қасық; майлы қуырдақ быжылдап жатқан қара қазанның маңында үңіреңдеген сойдауылдай екі жігіттің өздерімен бірге көлеңкелері де серең - серең етіп, ашқарақтана ұмтылады. Үй сыртындағы ұлыған жел, сүйегіңнен өткендей суып, өкірген теңіз осы қазір мыналардың бірде - бірінің ойын бөлген жоқ. Кешегі қара суықта ығы жоқ мидай жазық даламен күн - түн қатып көшкендері, онан безбүйрек Ебейсіннен көрген зәбір - жапа мыналардың қазір бірде - бірінің есінде қалмаған. Майлы қуырдаққа керелеп тойып алған екі еркек жиі-жиі күліп, әзілдесіп, алдындағы асты бір- біріне ысырып «сен же», «мен же», мәре-сәре.
Ертеңіне кеш оянды. Түндегі еттің тоғы басылмаған. Бойлары ауырлап, сүлесоқтанып, ұйқы қыстап, қайта - қайта есіней береді. Асқа да, іске де ықылассыз. Төлеу қатындарына:
− Тұрыңдар, етті тұздаңдар, - деп еді.
− Сабыр ет, балам, - деді кемпір.
− Неге, әже?
− Қалған етке көршілерді шақырып жібер.
− Ой, атасына нәлет! Шақырмаймын.
− Ақылыңды шашпа, балам. «Көп тілегі - көл». Батасы тиер.
− Батасының әкесінің аузын... - деп Қалау боқтап жіберді.
− Батасын бастарына шайнап жақсын. Ертеңгі күні өзіміз аш отырамыз ба? - деді Төлеу.
− Әй, ақылсыз немелер! Сендердің ертеңгі күндеріңді ойлағасын айтып отырмын ғой. Адам күні - адаммен...
Қалау мен Төлеу көнбеді. Қалау шешесіне сыртын беріп түсініксіз бірдеңелерді міңгірлеп отыр. Ал, Төлеу қаһарын қатын-балаға төгіп, үйдің ішіне бықпырттай тиді.
Қара кемпір ішінен тынып, шөгіп қалған. Ақылының жеткен жері осы болғасын ұрыс -ұрыспа, онан не пайда?! Құлқынның қамынан басқа уайым-қайғы жоқ. Ертеңгі күн есіне кіріп шықпайды. Тайлақ еті таусылған соң қайтем дейді екен бұл пақырлар? Ел ұлтаны -балықшылар. Мал-дүние болмаса да, іргесі ажырамай, басы бүтін отырған жандар. Жөн білген кісіге ендігі жерде мына тас бауыр дүниедегі жалғыз жанашыр жақының да, тума -туысқаның да осылар. Жан бар жерде қаза бар. Ертеңгі күні үй ішінен біреу ауырса, кіріптарлық көріп қиындық іс басына түссе жер басқан пендеде көзіне көрінетін қасындағы қара да осы балықшылар ғой. Сол миына кіре ме екен мына шіркіндердің? Кешегі күні ошағыңа таған қылып қақсаң да қасыңнан орын бер, босағаңа паналат деп қысылып келгенде, осылар құшағын ашып қарсы алмады ма?! Ер-азаматы жабылып үй салып берді. Енді, әне, балығын бөлісіп жатыр. Хан бол, қара бол, әркім сыйлағанның құлы. Орайы келіп тұр. Себеппен отбасыңды көрсет, таныс, біліс, жылы-жылы сөйлесіп, ыңғайы келіп тұрғанда бір-бірімен жүздерін жылытып алмас па.?! Соны да білмеді - ау мына мұндарлар.