Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қыз Қосанды алғаш көргенде алақанат жер әлі дегди қоймаған-ды. Малды - жанды ауылдың сәні бөлек қой Әне, тырнадай тізілген ұзын шұбақ көптің алдынан терең сай кездесті. Ауыр жүк артқан түйелер сайдан тайғанақтап, абыр - сабырлап әзер - әзер өтіп, арғы бетке көтеріле бергенде сәні - салтанаты оқшау тағы бір көшке кездесті. Иттер ырылдасып тұра қалды. Екі ауылдың ер-азаматы анадай жерде ат үстінде иіріліп, тілдесіп алды да, сосын қауқылдасып, үзеңгі қағысып бірге кетіп бара жатады.

Жас жігіттер көшке қайырылып соғып, көңілі кетіп жүрген қыздан қолүздік мүше алып, бірін-бірі шаужайлап, қау - қауласып шаба жөнелді. Ұзын шұбақ көш әлгілердің соңында жосылып қалған ат тұяғының ізімен жүріп келе жатқан-ды. Екі ауылдың ер-азаматы алысқа ұзамаған. Ілгергі жақтағы бір қырдың астында бұларды тосып қарайлап тұр екен. Сол жолы екі ауыл қатар қонып еді. Көкке тойған ұсақ малдар жедел қоңданып, алды төлдеп жіпсіз байланған екі ауыл бір жұртта ұзағырақ отырып еді. Күн санап жас төл көбейді. Сауылатын малдар мен ақүрпіленіп желіндеп тұрған аналық малдарды өріске жібермей, ауыл іргесінде, ана жер, мына жерде шұбартып жатты.

Қардан жаңада ғана арылған дала күндіз көктем айының шуағына бусанып, алыста сағым ойнап, жаз нышаны анық белгі бере бастап еді. Қатар отырған екі ауылдың бет алдындағы тобылғылы сайдың күнгей қабағындағы баурайда балапан көк масаты түктеніп қап еді. Басы бүрленіп келе жатқан көде, бетеге, жусандардың түбірінде көк қылтиып, ертең әлі-ақ дүркіреп әл бермей кететін құдіретті жас күштің алғашқы қуанышты белгісіндей кісі көзіне шоқтай басылады. Несін айтасың, қыстаудан шыққан ауыл көңілді! Түндігін ашып тастаған аппақ ақ үйлердің ішінен тыстағы көктем иісі бір сәт үзілмей, үнемі танау жарғандай тыныс ашылып, жан біткен жанның қол-аяғы жеп-жеңіл сергек. Жас жүрек лүпілдеп ілгергі, алдағы күннен әлдене аңсап, әлденеге қиялданып арман үздіге бастаған шақ қой ол! Ат тұяғы баспаған әлдебір алысқа сапар шеккің, жолға шыққың кеп ауаланып лүп - лүп соққан жүрек те алып ұшып тұрғаны! Қатар қонған екі ауыл бір-біріне ерулік беріп, кезек - кезек шақырысып, араға аяқ - табан қатынап қалған. Әсіресе, жастардың жолы болды. Екі ауылдың қыз-бозбаласы күн батса ауыл сыртындағы қара жалға жиналып, таң атқанша асыр сап ақсүйек, белбеу соқ, көрші-көрші, хан көшін ойнады. Енді бірде алтыбақан тепті. Алтыбақанға қыз бен жігіт қатар тұра қап, кезек - кезек аспандап жүріп қосылып ән шырқады. Ол күндері екі ауылдың жастарының аузында - Қыз Қосан. Бәрі ынтық. Бәрі әнін соған арнады. Сөзін соған бағыштады. Бірақ биік қабақ, ашаң бойлы, ақ сұр қыздың жүзі салқын. Со жылы Сары екінші рет қолға түсіп, Жармола түрмесінде жатқан-ды.

Бір жолы алтыбақан теуіп жүрген қыз бен жігіт аңдамай Сарының әнін шырқасын. Жаңа ғана даланы басына көтеріп жатқан жастар кенет тына қалды. Келесі кезекте ән айтқалы әзірленіп тұрған Қыз Қосан кезегіне шықпай ай сеулесі астында мұңды жүзі бозарып, алтыбақанға сүйеніп тұрып қалды. Осыдан кейін ойын - сауыққа ешкімнің зауқы шаппай, күндегіден ерте тарап еді. Ертеңіне Қыз Қосан аулы көшіп кетті... Ой, опасыз сұм дүние! Өткен күнде белгі жоқ. Сен бірақ бұл дүниеге енді қайтып оралмастай біржолата із-түзсіз өткенмен, сенің соңыңнан біз білмейтін, бізге беймағлұм тағы бір жас буын ертең әлі - ақ көктемдегі көктей қаулап келер. Бір кездегі біз сияқты олардың да ертең өздерінің қарсы алатын атар таңы, келер көктемі, өздерінің үздігіп күтер арманы, қызығы мен қуанышы болар - ау. Қыз Қосан тепкен алтыбақанға біз білмейтін басқа бір қыз бен жігіт қатар тұрып, олар да ай сәулесі астында ынтығына арнаған әнін айтып үздікпес дейсің бе?! Сүйтіп, жыл сайын жастың дәурен басына қайталап бір соғып отыратын мына қара жер сияқты, адам өмірі де дүниеге бір ұрпақтан кейін бір ұрпақ келіп үнемі жасарып отырар -ау!

Қара кемпір кенет көңілсіз тартып, ірі денесі көрер көзге кішірейіп шөгіп кетті. Шам майы таусылды. Үй іші қоңырайып, қайта жүдеп, бұрыш - бұрышта отырған кісілердің тұлғасы қарауытып, зорайып көрінді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий