Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ебейсін таяу арада ғана Шалқардан қайтып келе жатып, жолшыбай мырзаға соғып, базарға қосқан малының пұлын беріп кетіп еді. Енді неге іле-шала іздеу сап, соңынан кісі шаптырып жатқанын түсінбей, бергі жағынан дал болғансыса да, бірақ арғы жағында өзі ғана білетін бір күдік маза бермеді. «Сұм неме біліп қалмаса не қылсын?..» - деп ойлады. Сосын тон киген ауыр денесі ат үстінде шайқалақтап келе жатып: «Қап, не қыласың, - деді ішінен, - із - тұзын білдірмей алысқа көз асырып жібергенде болады екен ».

Ауылда адам - қара көп екен; қашанда келім-кетімі үзілмейтін бай ауыл, әсіресе Жасағанберген ауруға шалдығып, оқуын тастап келгеннен бері қонақтан көз ашпай қойып еді.

Тәңірберген күндізгі қонағын әдетте бәйбішенің үйінде қабылдап, кіші әйеліне тек жатарда баратын. Тұтынған дағдысын қатты ұстайтын мырзаның осы қазір де қонақтар арасында отырғанын білген Ебейсін ат басын үлкен үйге туралады. Қырда жайылған дуадақтай төрде бір-.бір жастықты қолтықтап, теңкиіп - теңкиіп жатқан жуандар үстіне сәлем беріп, Ебейсін кіргенде бастарын көтеріп алды:

− Ә, Ебейсін... Е, бәрекелді, бері кел! Мында отыр.

− Ал, бала, ауыл-аймақ аман ба?

− Бала-шағаң сау ма?

Ебейсін шұрқырасып жатқан мына жуандарға онша омырауын аша қоймады. Қайсысы қай елдің байы, қай рудың «қара сақал», «ақ сақалы» екенін түстеп таныды. Бас-басына қолдасып амандасып жатып мыналардың май жаққан етіктің қонышындай жылтыраған сақал-мұртына қарап, бұл үйдің сыбағалы қонақасын жеп алғанын біліп, ішінен мықтап бір боқтады.

− Ебейсін қарағым, таяуда қалаға барып қайтыпсың ғой. Базарға түскен боларсың. Ол жақта мал сыңайы қалай екен?

− Мал арзан...

− Апыр - ай, ә?! Арты жақсылық болса жарар еді... - Бұлардың үстіне Тәңірберген кірді. Амандаспақ болғалы қос қолын соза түрегелген Ебейсінге ол көз қиығын да салмай, киімшең бойымен төрге шықты. Ебейсін бұған онша зәбірлене қойған жоқ. Онан гөрі, қайта қонақтар ыңғайсызданып, тымақтарына жармаса бастады.

− Тәңірбергенжан, біз енді жүреміз. - Тәңірберген жай ғана басын изеді.

− Бауыр сенікі болғанмен Жасанжан бәрімізге ортақ, жөні басқа бала ғой. Сары жамбас боп жата бермей, біздің ауылға да кеп, бой жазып қайтсын.

Тәңірберген бұл жолы да үндемеді. Қонақтар бір- біріне қарап, ымдасып алды да, жапырылып түрегеле бастады. Олар шыққасын да Тәңірберген үй ішіндегі жандарға түсін бермей, жаңағы қонақтардың ауыл итін шулатып ұзап бара жатқан дыбыстарына құлақ сап отырды да, кенет есіне шаруасы түскендей Ебейсінге бұрылып:

− Әй, алаяқ! Бірге тумасаң да осы ауылдың бір адамындай боп жүруші едің. Сүйтсе, кісі хақын жеуге келгенде, сен қара бетке алыс-жақынның бәрі бір екен ғой, - деп еді, Ебейсін мырс етіп күліп жіберді. Онда да бөккен балшықтай тобарсыған беттің бір жері бүлк етпей, тек бір танауымен мырс етті.

− Сен енді басқаны қойып, бізге ауыз салмақ екенсің ғой. Ар қайда?

Ебейсін оған таңдана қарады. Өңінде: «Не деп отыр мынау? Ары не? » - деген сұрақ бар. Ол әдетте ел ішінен жүн-жұрқа жинап, қала шығып базар базарлап қайтқанда, жол бойы келе жатып алған, бергенін есептеп, мынау «пайдам», мынау «залалым», немесе «ұтқаным», «ұтылғаным» деген екі ауыз сөзбен тоқетерін түйіп, бүйірінің бір жағына тыға салушы еді. Өзі өз болғалы өмірден түйгені осы: Ұту, Ұтылу. Ұтсаң - өрісің тола мал. Қазаның тола - ас. Қатын қойныңда. Ал, ұтылсаң?.. «Ой, оның жайы белгілі ғой», - деп ар жағына бармай, қолын бір сілтейтін.

Ебейсін бас-аяғы екі ауыз сөзбен айтылатын осы бір оп-оңай нәрсені мынаның қиындатып, адамның миына кірмейтін қайдағы бір «армар» дегеніне түсінбей: «Ақымақ екен ғой мынау!» - деді ішінен. Көзін көтермей, басын бауырына тығып отырып, артының іздеушісі мықты малдарды сол жолы Жем бойы мен Ырғыз, Торғайдан келген Шөмекей саудагерлеріне сатып, алысқа көз асырып жібермегеніне ғана өкінді.

− Не қылса да... менен бір қате болды, - деді міңгірлеп.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий