Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Қор болдың-ау! - деді Рза тістеніп.

* * *

Түрікпендер жылқыларды үйір-үйірімен айдап әкеп, Бел - Аранның бет алдындағы кең жазыққа иірді. Малдарды айдап апару үшін сақадай он жігітті таңдап алды. Көшкен -қонғанда жүк артатын кісілер өз алдына. Оларды басқаларға қоспай, өз алдына бөлек алып шығып, алдарына салып айдай жөнелгенде қатын-балалар у-шу болды.

− Санай бастады! - деді Құлтума сыбырлап. Мөңке жаңа байқады: бір сызық бойына тізіп қойған үш ауылдың ер-азаматын түрікпендер басынан түсіп санап келеді екен. Тоғызға дейін санап, оныншы кісіні саптан сүйреп алып шығып жатыр.

Әли Төлеумен қатар тұрған-ды. Бай мырзасының әзір қыры жығыла қоймапты. Етегін шалулаған боз шекпеннің белін бумай, сыртынан желбегей кие салған екен. Қамшысы да қолында. Ондыққа ілігем бе деген оймен үрейлі халық арасында түрікпендіктерден көз қиығын айырмай тұрған-ды. Қатер өзінен кетіп қасында тұрған Төлеу оныншы болғанда жүрегі орнына түсті.

− Бауырларым - ай!..- деді Төлеу сасқалақтап. Қатар тұрған кісілер оған көз салмауға тырысты. Төлеу құдды мойнына бұғалық түскен асаудай, өзін саптан алып шықпақ болған түрікпеннің табанын жерге тигізбей сүйреп ала жөнелді. Қауқиған сеңсең бөрік астынан айнала төңіректі қапысыз бағып тұрған түрікпендердің ішінен біреуі атын ытқытып жетіп барды да, Төлеудің арқа - жонын остырып тартып - тартып жіберіп еді, төртпақ палуан денелі жігіт басын иығына тығып бір уыс боп бүрісе қалды да, жыландай ысқырған қамшы астында қайқаңдап жүгіре жөнелді.

Түрікпендер мәз боп қарқ - қарқ күліп жатыр. Тек бағанағы құрбашы күлген жоқ. Уысында қысып алған қамшы сабымен басындағы ақ сеңсең құрайышты көзіне таман ысырып қойды. Қалақтай қыр мұрны сопақша бетінде жалданып тұр. Имек мұрынның үш жағы үстіңгі ерніне тиер - тимес. Күнге күйген қайыс қара беті жыбыр етпей, шүңірек көзімен қазақ жігіттерін қыбырсыз бағып қапты. Әсіресе, қамшы астында қайқаңдап қоя берген жаңағы ірі қара жігітті көргенде, Хиуада тұратын ағылшын офицер есіне түсті. Сыртынан «сары сайтан» деп атайтын ағылшын офицері әнебір жолы өздеріне қару -жарақ беріп, қазақ жеріне жөнелтіп жатып: «Қарудың мықтысы - қаталдық», деп ескерткен. Сосын өзінің тәжірибесін айтып: «қараңғы халық қара күшті сыйлайды. Қазақ па, қарақалпақ па, өзбек пе, шапқан аулыңның он адамнан біреуін атып кет. Онан халықтың ештеңесі кетпейді. Қорыққан ел қарсы тұра алмайды», - деп кеңес берген-ді. Құрбашы есік пен төрдей арғымақтың үстінде қамшы ұстаған қолымен бүйірін таянып апты.

Құлтума:

− Келіп қалды. Енді қайттік? - деп қасында тұрған Мөңкеге тығыла түсті.

Түрікпендер жақындаған сайын Құлтума жаны дызығып, балдағымен ырғып, Мөңкенің бір ана, бір мына жағына шыға берді. Еңгезердей сіңір қара түрікпен жарық ернін жалап қойып, қамшы сабымен қазақтарды кеудеге түртіп санап келеді. Мөңкеге үш кісі қалды. Қыпылықтап тұрған Құлтума бір ырғып Мөңкенің арғы жағына шықты. Сіңір қараның суық жүзі жалт етіп, қадала қарап еді, жерге кіріп кете жаздаған Құлтума қол-аяғынан әл кетіп, сілейді де қалды. Сіңір қара екі бүктеп алған қамшымен Мөңкенің кеудесін қаттырақ нұқып:

− Тоғыз, - дегенде, мына жақта тұрған Құлтума шыңғырып жіберді. Екі түрікпен оны сүйрей жөнелді. Құлтуманың қолынан балдағы түсіп кетті.

− Ағажандар - ай... бауырларым - ай... құтқарыңдар - р!.. - деп артына жалтақтап, жалғыз аяғымен демеп баса алмай, сүйретіліп барады. Оған қараған түрікпен жоқ. Келесі ондықтарды сүйрелеп алып шығып ауыл үстін у-шу, азан - қазан қылды да жіберді. Құрбашы қасындағы кісілеріне бірдеңе деп тіл қатып еді. Олар аттарын тебініп, жаңағы ондықтарды жан - жағынан қоршап тұра қалысты. Бәрі де бір қолымен мылтығын кезеп, шүріппені басқалы әмір күтіп тұр.

− Ойпырым - ай, мынау сұмдық қой.

− Жауыздар - ай...

− Сорлыларды...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий