Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Құлтума жан - жақтан үңірейген мылтық аузына көз тоқтатып қарай алмай, қолымен бетін басып алды. Төлеу үнсіз. Көзін жерден алмай тұрса да, құрбашының қамшы ұстаған қолын кенет қаһарлана көтеріп алғанын басқадан бұрын көрді. Түрік пендер де, қазақтар да демін жұтып тынып қалды. Бәрі де құрбашының жоғары көтеріп алған қолына қарап, түс жоқ, өң жоқ қатып қапты. Құрбашы қолын сілтеп қалғанда бірнеше мылтық тарс-тарс атылды. Төлеу өзін атқан сіңір қараға жалт қарады. Оң тигенін білді. Тек қай жеріне тигенін білген жоқ. Ол өзінің жас екенін, өлгісі келмейтінін ойлады. Тек оны мына сіңір қараның неге білмейтініне түсінбеді.

− Жауыздар!

Сіңір қара бір атқаннан құлата алмағанына ызаланды ма, аппақ тісі ақсиып кетті. Ол екінші рет атқанда Төлеу қос қолымен кеудесін баса қалды. Бірақ сонда да құламай, қос тізесі бүгіліп тұрған жеріне шөгіп отыра қалды. Қолына іліккен жусандарды қармалап, осқылап жерді тырналай бастады. Көз алдында жаңа ғана шалқып жатқан теңіз, Бел -Аран, өзін атқан жаңағы сіңір қара түрікпен бұның өзімен бірге түпсіз меңіреу құрдымға із-түссіз батып бара жатты. Төлеу басын астына ала гүрс етіп жерге құлап түсті. Құлтума оң тиген бойда жан тапсырды. Жаны шығар алдында басын көлегейлеген қолын бір серіпті де, отырған жеріне жантайып жығыла кетті.

Тілеу - Қабақ руының бір жігітіне оң қағастау тиген еді. Жігіт қаша жөнелді. Құрбашы атын тебініп қалды. Құтыла алмасын білген жігіт жалт етіп артына қарағанша болмай түрікпен сыпыртып кеп машықты қалпынша шабатын жағына қисая берді. Зырқырап бара жатқан жігіт кенет қалшиып тұра қалды. Омырауы ашылған ақ көйлектің жағасынан шыққан қылша мойнының сағағын ала сермеген қылыш күнге шағылыса жарқ етті. Жөнеуіт ханның жігіттері бұған да мәз бола қарқ - қарқ күлді.

Қалған он бір кісіні түрікпендер бір- бір оқпен жайғара салды. Сонан кейін мұндағы түрікпендер шапқыласып мал басына кетті. Кейінірек қалған қыз - келіншектерді осылай қарай айдады. Қыз-келіншектер көш жерден аңырап дауыс салып келеді. Көп еліктің арасынан ағасының алпамсадай ірі денесін бірден таныған Айғанша қол - аяғынан әл кетіп, қасындағы бір әйелге асыла кетті. Бір жан жұбатқан жоқ. Айғанша жүгіріп барып ағасының өлігін құшақтай алды.

− Бауырым... Аға - екем!..

Түрікпендер қалған қыз - келіншектерді алдына салып, айдап әкетіп барады. Ішінде Төлеудің кіші әйелі мен Тәңірбергеннің балдызы - бай ауылдың сұлу қызы бар. Құрбашы Айғаншаны күтіп, қарайлап тұр. Айғанша кенет құрбашының көзін ала бере атып түрегелді. Құрбашы жалт қарады. Қыздың қолындағы кездікті көрді.

− Жақындама!..- деді Айғанша. Құрбашы табан жерден тап берді. Көзді ашып - жұмғанша қамшымен кездік ұстаған қыз қолын қақ білегінен тілдіріп өтті. Қыз шыр етіп отыра қалды. Кездік түсіп кетті. Құрбашы күлімсіреді де, ат үстінен созылып, жерде жатқан кездікті іліп әкетпек боп еді, Мөңке осы сәтті тосқан екен. Атылып барып кездікке қолының ұшы тие берген құрбашының желкесіне қонжиып отыра кетті. Енді бір қимылмен оны жерге ат үстінен жұлқып түсірді де:

− Атты ұста! - деді.

Айғанша шылбырға жармасты. Мөңке арғымаққа бір- ақ ырғыды. Айғанша да Мөңкенің таралғысынан ұстап қатарласа берді. Мөңке қызды іліп алды да, ат басын Бел - Аранның кезіне туралап ағыза жөнелді. Үш түрікпен ілесе қуды.

Төлеуді ататын сіңір қара түрікпеннің көк қасқа арғымағы салған жерден суырылып шықты. Ол бірақ боз арғымаққа жете алмасын біліп, иығынан бес аттарын алды. Ағызып келе жатып, жалғыз қолымен көздеп атып еді, оқ Мөңкенің басын жалап өтті. Қарт балықшы ат жалына еңкейіп, бұғып келеді. Қайта - қайта көз қиығын қуғыншыларға тастап жалтақтай берді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий