Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Шырағым - ау, құр қол емессіңдер ме?

− Ақсақал, енді біз де құр қол емеспіз.

− Бір мылтық аз ғой... Өзің біл, халықты қырып алмасаң болғаны.

− Қой әрі! Қол қатпағанда аман қалғаның белгілі. Ұл, қызың жау қолында шырылдап барады... Ал сен бұта түбіне тығылған торғайдай бас қорғап қалмақсың ба? Кәне, Тілеу -Қабақтың жігіттері, былай шығыңдар!..- деді әлгі қалың қабақ қара сұр жігіт айқайлап.

Еламан түсі басқа жігіттерге таңдана қарады. Ол әсіресе Тілеу - Қабаң жігіттеріне әмір беріп, бір сәтте оларды шоқтай екшеп жинап алған мына қара сұр жігітке сүйсініп тұр.

− Шырағым, атың кім?

− Әли.

Жау шапқан ауылдың жаңа ғана сағы сынып тұрған жігіттері еңсесін тіктеп ала қойды. Қамыс арасында қалған аттарды құрмалап ұстап ерттеп жатыр. Ер таппағандары ат арқасына тоқым, терлік салып жайдақ мініп, сойыл, шоқпарын алдына өңгеріп апты. Еламан көптің арасынан Досты көрді. Қолында Курнос Иванның қос ауызы. Өзіне қарасты жігіттерді бастап шығыпты. Еламан байқамаған болды.

− Әзірсіңдер ме?

− Әзірміз, Елаға!

− Тартыңдар! - деді Еламан айқайлап. Астында Тілеу - Қабақ байының бәйгі көгі. Кешеден бері жортуылда мүйіздей боп жарап бауырын тартып алған.

Түс ауа бергенде көз ұшынан шаң көрінді. Бұлар дереу атқа тақым басты. Сойыл, шоқпар өңгерген жүз қаралы қол жым - жырт даланы дүбірлетіп зор айбатпен түйіліп келеді. Жағадағы ауылды қызыл ала қан ғып қырып, Тілеу - Қабақ байының көк ала жылқысын алдына салып, қыздарын күңдікке, жігіттерін құлдыққа алып ырғап - жырғап қайтқан түрікпендер тіпті қаннен - қаперсіз, бейқам, жайбарақат кетіп бара жатқан-ды. Бұларды желкесіне төніп келгенше сезген де, байқаған да жоқ-ты. Тек ту сыртынан тосын дүбір шыққанда ғана жалт қарап, қуғыншылардың қарамын көріп шошып кетті. Қайсы біреулер қаша жөнелмек болғанда, өздерінің арасындағы қауқиған сең - сең бөрікті сіңір қара құрбашы: - Қайт! Қайт! - деп жолын кес - кестеді. Бес-алты түрікпен Тілеу - Қабақ байының жылқысын қиқулап, алдарына салып қуып ала жөнелді де, қалғандары тосқауылда тұрып қалды.

Қуғыншылар ат басын қоя берген. Сойыл - шоқпарын оңды - солды былғап, тастақ даланы дүбірлетіп, үлкен айбар - сүспен төніп келіп қалды. Сіңір қара тақымы астында бір орында тұрмай, шиыршық атқан арғымақты тырп еткізбей тізгінін тартып тұр. Үстіне келіп қалған қаһарлы қолдың оң бойы алдында ақ шыт орамалмен басын шорт түйіп байлап алған батыр тұлғалы еңгезердей ірі қазақтан көзін айырмай, әр қимылын бағып қапты. Жан -жақтан ұран тастап, аспан астын жаңғыртып келе жатқан мына қаһарлы қалың дүрмектің арасында тек жалғыз ол ғана тісін қайрап, үн-түнсіз түйіліп апты. Қолында мылтық. Бұлар кеше балықшылар ауылын шапқанда осы қазақ көзіне түскен жоқ-ты. Кім де болса, мынау қанын торсыққа құйған біреу. Ештеңеден тайынатын түрі жоқ; оқпен алмаса, бірме -бірден алғызбайтын, я өлем, я өлтірем деп оққа өзін байлап, астында құстай ұшқан аттың құрыштай мойнына бұ да бар бойымен ілгері ұмтылып, мылтығын кезеп келіп қалды. Сіңір қара түрікпен басындағы шаңырақтай қара құрайышты қамшының сабымен ілгері ысырып, көзіне таман түсірді де, әлгі ақ, орамады қазақ мылтығының қарауылына іліне бергенде атып жіберді. Қалған түрікпендер бір- бір атты да, сіңір қараның соңынан ат басын жалт - жалт бұрып қаша жөнелді.

Оқ Еламанның сол иығының шоқтығына тиген еді; мылтық даусынан үріккен ат үстінен түсіп қала жаздап, сау қолымен ердің қасынан ұстап, бойын әзер - әзер биледі. Онда да қасында үзеңгі қағысып келе жатқан Әли дереу ұмтылып Еламанды ауытқып бара жатқан жағынан демеп сүйей берген-ді. Еламан оған мылтығын берді де:

− Мені таста. Аналарды қу. Адам - қараны құтқарыңдар! - деді.

− Жақсы, Елаға, - деді де, түрікпендердің соңынан құйғытып ағыза жөнелді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий