Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жар басындағы балықшылар ауылы ауыр қайғыны әзер көтеріп тұр. Мөңке, Төлеу, Құлтумадан басқа тағы он бір кісі қаза тауыпты. Есі шыққан халық алғашқы жау шапқан күні өлік жайын ойламаған-ды. Ертеңіне ғана Эли мен Дос үш ауылдың ер-азаматын жинап, қаза тапқан кісілерді қара молаға жерледі. Бұларға жайшылық кездегі көп кәденің бірі істелген жоқ. Жорық кезіндегі өлік жөнелткендей топырақпен жүзін жаба салды. Өліктерді жерлеп бола бергенде, қамыс арасынан Тәңірберген шықты. Маса, сона талаған. Нар қамыс жыртқан үстіндегі киімде сау - тамтық жоқ. Беті - қолын қамыс тіліп, шиедей қып тастапты. У- шу боп жатқан ауылды көргесін бұндағы бар мән - жайды білді де, бір жанға соқпай сырғаяқтап тура жайлауға тартып бара жатқан-ды. Тілеу - Қабақ байы күйеу баласының алдын орай жүгірді:

− Тәңірбергенжан... тоқта... тоқтай кет!

Әкесінің соңынан Әли жүгірді. Бұ да қолын бұлғап айқайлап келеді. Тәңірберген амалсыз қайырылды. Ат үстінде тұрып күтіп алды. Тілеу - Қабақ байы ауыр денесін әзер қозғап, ырсылдап жүгіріп келді де, ат жалын құшақтап еңіреп жіберді.

− Тәңірбергенжан - ай, енді қайттім? Ішпей - жемей жиған малдан айырылып, сорлап қалдым ғой.

− Бекем бол! Құдай салған іс, көнбеске лажың қайсы?..

− Құдайы құрсын... Ойбай-ай, қу тақыр боп қалдым ғой...

− Қой, ата! Мал ашуы - жан ашуы. Жаның күйгесін айтып тұрған шығарсың. Бас амандығын тіле. Бас аман болса, кедейліктен өлген кісі жоқ. Мына балықшылар аулы да табылған торта - шабағын жеп күнелтіп отыр ғой.

Әли әңгімеге араласпай, әкесінің сырт жағында тұрған-ды. Жездесінің сөзінен «Менен ештеңе дәметпе», - деген ойын анық аңғарды да:

− Әй, әке, бұның сырын білгендей болып едің ғой. Бұған жылағанша, ендігі жерде не күтсең де теңізден күт. Жасыңды тый, жүр, - деп Әли әкесін жетелей жөнелді.

Тәңірберген жүріп кетті. Ыңғайсызданып барады. Бірақ сол бойда жуып - шайып: «Осының өзі дұрыс болды», - деп ойлап, қайын атасынан тез құтылғанына қуанды.

* * *

Жау шапқан ауыл азан - қазан. Қатын - бала жылап, аман қалған ер-азамат бір-біріне көрісіп, у - шу боп жатқанда, құбыла беттен бір кісінің қарасы көрінді. Қолында мылтық па, таяқ па, жерге сүйретіп, бір жығылып, бір тұрып тәлтіректеп келеді. Ауылдың шетіне іліккенде әлі құрыды ма, әлде сүрінді ме, «су - у!» - деп қолын ілгері созып құлап түсті.

− Мынау... Әй, мынау Еламан ғой?

Сыртта жүрген жұрт жапа - тармағай жүгіріп, кісі - қара жиналып қалды. Біреу басын көтерді. Біреу жүгіріп барып су әкелді. Еламан ес - түссіз. Аузына апарған суды бас салып, төгіп - шашып ұзақ ішті.

− Сорлы өлуге келіпті ғой.

− Айтары жоқ. Құдай оңдап, абырой болғанда ел шетіне жеткенін айт.

Еламан әлі де ешкімді, ештеңені сезген жоқ. Ерні суға тиер - тиместе мұздай тер маңдайынан бұрқ етті. Қолынан шелек түсіп, сылқ етіп отыра кетті.

− Үлгірдім бе?

Қасында қаумалап тұрған кісілер үндемеді. Бәрі де Еламаннан көзін алып қашып, томсарып, тұнжырап алған.

− Не болды? Неге үндемейсіңдер?

− Елаға, айтатын да ештеңе қалмады.

− Не дейді? Не деп тұрсың?

Еламан өзіне жақын тұрған бір жігітке сүйеніп тәлтіректеп әзер түрегелді.

− Не болды, айтыңдар?

− Он төрт кісіні атты. Ішінде Мөңке, Құлтума, Төлеу бар.

− Көп жігітті алып кетті. Іліп алар қыздар мен келіншектерді де әкетті.

− Әттеген-ай, үлгіре алмаған екем ғой. Өздері қанша, көп пе?

− Көп дейтін көп те емес. Тек қаруы сайлы. Бес қаруы бойында.

− Кеткендеріне көп болды ма?

− Бір күн...

«Бір күн?»... - деді Еламан ішінен.

− Айдаған малы бар, онша ұзай қоймаған болар, - деді Әли Еламанның аржақ ойын аңғарғандай.

Еламан қалың қабақ қара сұр жігітті танымады. Бірақ кім де болса оның жау қууға әзір тұрған түрін таныды.

− Жігіттер, - деді Еламан көп ішінен көзін әлгі қара сұр жігіттен айырмай, - біз де ел едік қой. Тірі қалғандарымыз, тым құрыса, жау қолында кеткен бауырларымызды...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий