Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Көнесің. Әйтпесе, күшпен көндірем, - деп қыздың көзіне кірпік қақпай, қадала қарап тұрды да, ілгері жүріп кетті. Айғаншадан кейіндеу келе жатқан Тәңірбергеннің балдызы бұл екеуін сыртынан бағып отырған-ды. Сіңір қара кеткен бойда сұлу қыз астындағы күрең жорғаны тебініп, тайқалтып кеп Айғаншаға қатарласты.

− Құрбым, қасарып қайтесің? Шара қалмады ғой. Көнсейші.

− Өзің көнгенсің ғой?

− Қайтем?.. Қалағаныңа ти деп отыр ғой, өзім әнебір жастауының етегінен ұстаймын.

− Құтты болсын! Тойыңа шақырарсың.

− Тұтақ! Таңдағаныңа тимесең, соңыра тастағанына зар боларсың.

Кешке қонған жерде Тілеу - Қабақ байының қызы бір түрікпеннің жетегінде кетті. Айғанша екі күннен бері аузына ас алмаған-ды. Сіңір қара оған су бергізбей, қысымды қатайта бастады. Түс ауа шөл қинаған қыз ерсіз жайдақ ат үстінде отыpa алмай, белі үзіліп бара жатты. Күн кештете түрікпендер Қасқажол, Қаратамақтың деңгейіне жетті. Ұзақ жүрістен көліктің белі талғасын осы араға аялдамақ. Шың үстіндегі қотыр қара, баялыштарды құшақ - құшақ қып әкеліп, маздатып от жақты. Қыз - келіншектер ас пісіріп жатқанда мына жақта жорықтан олжалы қайтқан шапқыншылар түңгі оттың сәулесінде қауқылдасып сөйлесіп жатты. Сіңір қара түрікпен олардың әңгімесіне араласпай, кеш бойы көзінің астымен Айғаншаны бақты да отырды. Оның әмірі бойынша бұл түні де түрікпендер Айғаншаны ортаға алып, отты айнала қоршап жатқан-ды. Айғанша бүгіннен қалса аяғы алысқа түсіп кететінін білді. Мыналарға күдік туғызғысы келмеген қыз қараңғы түнде қабақ жапқызбай лапылдап жанған оттың шетіне қисайды. Жүзі суық қатал кісілер көз жазбай, аңдып жатқанын білді. Түн ортасы ауа бұны ұйқы қысты. Әсіресе, таң алдындағы тәтті ұйқы талықсырата бастағанда өз қолын өзі қанын ағыза қырқып алды.

Қанша сақ болғанмен ұзақ жортуылдан талған шапқыншылар түн ортасы ауа тегіс ұйқыға кетті. Іштеріндегі ұзақ аңдысқаны - сіңір қара еді. Айғанша да ала - бөле осыдан қорқып еді, ол қор ете қалғанда қыз сақтықты ұмытып, басын көтеріп алды. От сөніпті. Күл арасынан сақшының ояу көзіндей жалғыз шоқ қана жылтырады. Айғанша әуелі шоққа қарады. Сосын отты қоршап жатқан түрікпендерге мойнын созып қарады. Бойы мұздаған түрікпендер бұйығып, бір- біріне тығыла түсіпті. Сіңір қараға жалғас жатқан екі кісінің арасынан аяқтың ұшымен өткендей ғана саңылау көрді. Айғанша ілгері ұмтыла түсті де, дереу тоқтай қалды. Тұла бойы қалшылдап әкетіп барады. Жүрегі дүрсілдеп қатты соғып бара жатқасын қос қолымен кеудесін қысып, сәл тұрды да қайта жүрді. Екі түрікпеннің арасындағы жаңағы қыл көпірдей жерден аяғын ұшынан басып абайлап өтсе де, артына бұрылып қарауға қорықты. Мылтығын бауырына қысып, қалғып отырған күзетшіден көз қиығын айырмай, ақырын-ақырын ұзай берді.

Түн тастай қараңғы. Жұлдыздар сирек; тұңғиық түбінде қадау-қадау жылтырап, сөнер шырақтай боп діріл қағып тұр. Дала таңы әлі белгі бермесе де, бірақ тап қазір таяу қалғанын сезіп, Айғанша жүгіріп келеді. Бұта түбін қонақтаған құс бір рет аяғы астынан пыр ете қап еді. Айғанша шыңғырып жібере жаздап, алақанымен аузын баса қалды. Осыдан кейін жуық арада өзіне-өзі келе алмады. Мына жым - жырт дүние тағы да үрейге толып, екі өкпесін қолына алып, құстай ұшып келе жатқан. Бір кезде таң сыз берді. Көз жетер жер кеңейіп, шығыс жақ сарқабақтана бастады. «Олар да оянған болар?» - деп ойлады қыз. Сіңір қара бәрін аяғынан тік тұрғызып, ізіне түсіп қуып келе жатқандай көрді.

Айғанша бір жерге бой тасалай тұрғанын жөн көрді. Түрікпендерді ізінен адастырғысы кеп, теңізге жеткенше қылтанақ өспеген қызғылт тастақтың үстін басып жүрді. Шың үсті жазық, бой тасалап жасырынатын жер болмағасын, ол енді теңізге төніп тұрған көк қатпар шыңға бет түзеді. Шын қолға түскендей болса, шың басынан құламақ боп, осы ойға іштей бекіп еді.

* * *

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий