Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап

Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Второй книгой романа Шерхана Муртазы романа «Красная стрела» о Тураре Рыскулове является книга с лозунгом «Будь тюркоязычным, будь целым!»

Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қараптан-қарап жүріп, күбірлеп өзімен-өзі сөйлескенін де байқамай қалды. Ақыры «бұл жүрісім сезікті болар», – деп үйіне қайтты. «Мүмкін, ол тентек үйге кірген шығар» деп босағадан аттап әуелі сенекті шолып шықты. Капуста тұздалған кеспектің артына үңілді. Қабырғада ілулі тұрған қамыт пен белорақты да ұстап-ұстап қойды. Ішкі бөлмеге еніп, әдетте балалар жататын пештің үстіне мойнын созды. Темір кереуеттің астына еңкейді.

– Не жоғалттың? – деді ыстық пештің көмейіне қамыр толы қара табаны сүңгітіп жатқан Марфа күйеуінің абыржыған түрін көріп шошынып.

– Жәй, қайрақ тас, – Қара Иван.

– Қайрақтас неге керек? – Әйелі тақақтады.

– Иә, ол пышақ қайрап, Зойканы соймақшы, – деп кемсеңдеді Федька.

– Мен соярмын сені. Сойып көр! – деп Марфа пештің қаңылтыр қақпағын тарс жапты.

Қара Иван қолына бос құмыра ұстаған күйі қалшиып тұрды да қалды.

***

Сол күні сұрғылт іңірде Верныйдың облыстық түрмесінің сұрғылт қақпасын үсті-басы ұсқынсыздау, киім-басы жадау, ескі киіз қалпағына шөп-шалам жабысып қалған, қалқан кеуделі, жазық жоталы, екі көзі ашулы арланның көзіндей ызғарлы бір адам келіп қақты. Бұл қақпа оған бұрыннан таныс еді: адаспастан оңай тапты.

Үйіңді таба алмай адасуың мүмкін, ал түрме оңай табылатын заман. Бұл адамға түрменің есігі де жеп-жеңіл ашылады, зарықтырмайды. Ар жақтан қарауыл келіп, қақпаның құлыбын салдыр-гүлдір ашып, аяқ басы алба-жұлба адамды көріп:

– Не керек саған, аулақ жүр! – деп ақырды.

Оның ақырғанынан әлгі адам айылын жиған жоқ, қайта қасына келіп, қаһарлы үнмен:

– Мені нашандигіңе алып бар! – деді.

– Начальник сен сияқтылардың ермегі емес, аулақ. Арыз айтып келуші қаңғырған киргиз аз емес, бар айда! – деді қарауыл қақпаны жаба бермекші болып.

– Ей, ақымақ, мен кісі өлтірген адаммын. Тез нашандікке алып бар! – әлгі бұйрық түрінде.

Қарауыл қалбақтап қалды. Дереу мылтығын кезенді.

– Алдыма түс! – деді.

Рысқұл осылайша абақтыға екіншілей енді. Ол бағана Иванға Кузьма көршісінің айтқанының бәрін есітіп еді. Аз ойласа да, ары ойлап, бері ойлап, ақыры тапқан шешімі осы болды.

* * *

Шолақ Шабдар өз үйінің есігінің алдына келіп тұрғанын көргеннен кейін, пристав адамдарын дереу аттың ізіне салған. Аттың иесі аман-есен бір жерде жасырынып жатқаны белгілі болды. Тізгін, шылбыр ерге байлаулы. Демек, бұл ат иесін оқыстан тастап келген жоқ. Әдейі босатылған.

Қашқынның қайда жатқанын ауылдастары білмейтіні рас екеніне көзі жеткендей болған пристав алтыбақанда асулы тұрғандарды босатуға бұйрық берді.

Анарбай мен Таубай бастап, болыстың адамдары да ауылдарына қайтты. Тұрарды ала кетті. Мақаш баланы алдына өңгеріп жатқанда пристав тағы да қатаң ескертті:

– Ақымақтық жасамандар. Балаға бастарыңмен жауап бересіңдер. Оны өлтіру – торғайды өлтіруден де оңай. Мәселе – әкесін қолға түсіруде. Көрдіңдер ме, ол ұзаған жоқ. Алысқа ұзап кетпейді де.

Топалаң тиген ауыл есеңгіреп:

– Құдай-ау, құтқарғаның рас па, жоқ па? Иә құдай, иә аруақ! Ақсарыбас! – деп бірін бірі құшақтап, талықсып жатқан Молдабек, Шыныбек, Қорғанды көтеріп үйлеріне кіргізіп, ауыздарына су тамызды.

Дәу Омар:

– Айттым ғой, айттым. Мен байғұстың сөзін сөз дедіңдер ме? – деп селкілдеді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий