Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Байқап көр, – дедім. «Маньчжурия қыраттарын» ойнағанда аузымды аштым да қалдым.

– Мұны қайда үйреніп жүрсің? – деп едім.

– Наташа деген қыздан, – деп күрсінді. Ол сенің сабақтарыңнан да үздік үлгеріп жүр ғой. Үлгермесе бір сәрі. Түсінбеймін, неге ұнатпайтыныңды. Рас, мінезі тіктеу, қызбалығы да бар. Бірақ ретсіз, себепсіз қызбаланбайды.

– Жә, жарайды. Тірі болсақ, көрерміз. Мектепті алтын медальмен бітіргендердің өзі кейде қызметте дарынсыз болып қалады. Ал орташа деген өмір сынында озып кетеді, – деп Александра Сергеевна илікпей қалды. – Сенің Киргизбаевың да әзір «вундеркинд» болғанмен, кейін жәй көптің бірі болып қалып жүрмесін.

* * *

Қос қара жеккен трашпеңке заулатып отырып, Меркенің шығыс жағындағы Аспара болысының кіндігі – Бектен болыс ауылына тартты. Май топырағы бұрқылдаған қара жолдың түстік жағы төбеден-төбеге өрмелеп, Аспара тауына ұласады. Терістікте жасыл майдан онан ары сарғыш белдер, одан да ары бұлдыр сағым. Қос қапталда есіріп өскен сиыр жоңышқа, құрақ қамыс. Көк мойын сарыала шымшықтар шырылдайды. Махаббат маусымына мас болған бөденелер бытпылдықтап тыным таппайды.

Көк майсаны теңіздей кешіп, әр-әр жерден асауларын ойқастатып салт аттылар болыс ауылына жолсызбен жортып барады. Бектен ауылы дәл қазір алып айдаһар сияқты: жан-жақтан аттылы, жаяуларды өзіне қарай лебімен тартып жатыр. Аспандағы ақ желең бұлттар да тойлы ауылға асыққандай, көк тәңірі теңізінің кеудесінде жүзген ақ желкенді кемелер салтанатпен лек-лек ауып келеді.

Қанның иісін жердің түкпірінен сезгіш қара қарталар да топ-тобымен ұшып барады. Иә, бұл тойда мал аз сойылмайды.

Адыр-адыр қырлардан, бұдыр-бұдыр белдерден түсіп, жоғарыдан ақ күндіктері шарадай-шарадай болып, мама бие мінген бәйбішелер де теңселіп келеді. Сірә, қырғыз құдағилар шығар.

Мұрнын тесіп, өгіз мінгендер де өңкеңдеп кетіп барады. Олар сірә, көкпар тартпас, бәйгеге ат қоспас. Ақ орда сынды үйлерге еңкеймей кіріп, төрге де шықпас. Кедейдің бір тойғаны – шала байығаны, мына ағыл-тегіл молшылықтын сорпа-суына бір тойсам деген үміт жетелеп келеді оларды.

Семашко мырза желпілдек, жеңіл мінез кісі емес. Той дегенде алып-ұшып, атқа жайдақ міне шабатын әдет мұнда жоқ. Бірақ бұл да пенде. Кеңсенің қағазбасты жұлын құрттай жұмысынан бір мезгіл бұл да қол үзіп тыныстағысы келеді. Әрі десе Бектен болыс тойына арнайы шақырды. Сыйлы болыстың меселін қайтармас болар. Жазға шығып, жаны жадырап, көңілі көтерілген тергеуші Тұрарды бүйірінен түртіп қалып:

– Енді сен де жігіт болдың. Үйлендіреміз-ау осы, – деп әзілге басты.– Қалай, көз салып жүрген қызың бар ма? Бектен сияқты той жасаймыз, ә? – деді.

Қалжың да болса, бұл жайында Тұрарға қойылған тұңғыш сұрақ еді. Он төртке жасы жаңа ілінген баланың қиялына қыз сиқыр әл-әзір қона да қоймас. Бірақ Тұрар қазір сыйлы иесінің тосын сауалынан сасып қалып, құлағына дейін күрең қошқылданып шыға келді. Ол жәй жымиып, басын шайқады.

Сол-сол екен, көкірегінде бір ызың тұрып алды. Әуелі мән берген жоқ. Әлгі ызың күн суықта үйге кіріп кетіп, енді қайтып шығуға жол таба алмай аласұрған арадай мазаны алды. Әлден уақыттан кейін барып Тұрар оның әуен екенін аңғарды.

Баппен желген сүлік қаралар тербелткен трашпеңкенін ырғағы ма, жоқ әлде көкпеңбек аспанда жарыса жүзген ақша бұлттар ма, немесе айнала масатыдай түрленген жасыл, қызыл желек пе – ненің әсері екені белгісіз. Тұрар әлгі әуенді ыңылдап салып отырғанын өзі де сезбей қалды.

– Оһо, сен бунтарь поляктың мелодиясын білесің бе? – деп Семашко таңдай қаққанда ғана, кеудеде шырылдап тұрған сиқырлы шымшық кенет ұша жөнелгендей, Тұрар әлгі ызыңнан айырылып абдырап қалды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий