Knigionline.co » Казахские книги » Запах полыни / Жусан иісі

Запах полыни / Жусан иісі - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Запах полыни / Жусан иісі» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В рассказе «Запах полыни» автор передал жизнь народа после войны. Главные герой рассказала подросток, у которого отец и брат были на войне, матери не было, а единственная бабушка умерла. Автор передал переживания и душевную боль… Это произведение расширило горизонты литературы Казахстана.

Запах полыни / Жусан иісі - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

- Әй, жетпегірлер, тұрыңдар! - деп ақырғанын естисің. Қозғалуға шамаң жоқ, өне бойың езіліп көзіңді аша алмайсың. Сол кезде Тұржан әрқайсымызды әке-шешеден түк қалдырмай сыбап, сирағымыздан дырылдата сүйреп, барактың аузынан сыртқа қарай атып жібереді… Тағы да арқасы пышақтың қырындай, өзі жауыр өгіздің үстіне жарбия жабысасың. Тағы да жақ жаппастан, «цоп, цобелеп», қарың үзілердей боп тынымсыз қамшылау… Түске жақын өзегің талып, әлің кетіп, қалғи бастайсың. Кейде өгіздің үстінен домалап түскеніңді де білмейсің. Бусанып жатқан қара парға бұрқ ете қаласың. Көзіңді уқалап атып тұрып, соқа ұстаған әйелдің көмегімен өгіздің арқасына қайта жарбиясың. Осылайша күніне әрқайсымыз өгізден екі-үш реттен домалаушы едік…

Аянның тобығы осындай бір өгізден домалап түскен кезінде тағы тайды. Ол қара парға бұрқ еткен күйде… «Аяғым-ай!» - деп баж етті де бүктеліп жатып қалды. Жүгіріп-жүгіріп жанына бардық. Ол жыламауға тырысып тістеніп, көзін жұмып, көкпеңбек боп сазарып жатты. Аяғындағы көннен тігілген шоқайын шешпек боп едік, қинала ыңырсып, онан «ағатайлап» бебеу қақты. Көтеріп баракқа алып бардық. Ауылға апаруға көлік болмады.

Сол түні денесі қызып, таң атқанша сандырақтап сөйлеп шықты. Ертеңгісін біз жұмысқа кетерде ғана көзін ашты. Мен басқалардан жырылып бір сәтке оның жанында қалдым. Өзімше ақыл айтпақ едім оған. Сөзді неден бастарымды білмей қипақтап отырғанымда, ол өзі бастады.

- Ой, кеше аяғым қатты ауырды, - деді дірілдеген үнмен. - Тура өлгім-ақ кеп еді, тағы ағамды ойлап қана тоқтадым…

Онан соң біраз үнсіз жатты, түймесі ағытылған күртесінің омырауына тұмсығын тықты.

- Қарашы, жусанның иісі… - деп қойды. - Енді аяғымды ағам келгенде бір-ақ салғызам. Ағам қалаға апарып, ендігәрі шықпастай етіп салғызады, әлі…

Ол тәтті ойға шомған күйде, ағасы келген соң не істеп, не қоятынын тегіс тізбелеп айтып шықты. Оның сөзіне қарап мен ағасының жуықтағы күндердің бірінде қайтатынына титтей де шек келтіргем жоқ.

- Сағындым ағамды, - деді ақыры күрсініп.

Мен жұмысыма кеттім. Күні бойы өгіз үстіндегі жалғыз тілеуім: «Шіркін-ай, Аянның ағасы тезірек қайтса екен» - деу болды.

Аян баракта төрт күн жатып қалды. Тек бесінші күні кешкісін ғана тұқым тартқан арбамен ауылға жібердік. Осыдан кейін Аян тобығын қайтып орнына салдырған жоқ. Сол аяғын көлденеңінен сүйрете басып жүретін болды…

Қу соғыстың бесіктен беліміз шықпай жатқанда-ақ біздің жүрегімізге салған жарасы қаншама еді. Сол жараның тыртығы өмір бойы удай сыздап, жанға батып өтер-ау. Еш уақыт ұмытылмас. Асыр салар балғын шағымызда таңдыр біздің қабырғамызға да бар зілін салды ғой. Сонда да болса басқамыздан гөрі Аянға қатты батып еді. Тағдыр оған дегенде ештеңесін аямады.

Үлкендер «жау шегінді» десіп, күн сайын бір қуанышты хабар айтып жүрді. Мұның өзі біз үшін «ертең соғыс бітеді» дегенмен бірдей еді. Іскерден біртіндеп ер-азаматтар қайта бастады. Бәрі жаралы боп қайтқандар: бірі қолынан, бірі аяғынан, бірі қабырғасынан, бірі көзінен айрылғандар.

Бірақ, сөйтіп, жарымжан боп қайтса да олардың әрқайсысының келуі ауыл үшін үлкен мереке еді. Солардың бірде-бірі Тұржанға ұқсап: «Қан көріп қайттым, қаным бұзылды», - деп есірген жоқ.

… Қаралы қағаздар да келіп жатты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий