Запах полыни / Жусан иісі - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков
-
Название:Запах полыни / Жусан иісі
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:16
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
В рассказе «Запах полыни» автор передал жизнь народа после войны. Главные герой рассказала подросток, у которого отец и брат были на войне, матери не было, а единственная бабушка умерла. Автор передал переживания и душевную боль… Это произведение расширило горизонты литературы Казахстана.
Запах полыни / Жусан иісі - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги
Біз үйге кірдік. Асылбектің кемпірі бізді төрге отырғызып баурсақ пен айран әкеп берді. Сәлден кейін жуынып-шайынып Асылбектің өзі де кірді. Сырт киімін шешініп, кемпіріне көрпе салғызып, әлгінің үстіне Аянды жатқызды.
Онан соң қойдың құйрық майымен Аянның тобығы тайған аяғын сылауға кірісті. Ұзақ сылады. Өзі де тынымсыз сөйлеп, Аяннан да әр нәрсені бір сұрап үнемі сөйлетумен болды. Бір кез Аян:
- Ойбай! - деп баж ете түскен, Асылбек:
- Шыда, балам, шыда… - деп оның бұлқынғанына қарамастан тырп еткізбеді. Аян құлындағы даусы шығып, ойбайлап жатты да, Асылбек оның аяғын уқалап, сылай берді. Онан соң кемпірі әкелген шүберекпен әдемілеп таңып тастады да:
- Ал болды, тобығыңды енді шығарып алма… - деді.
Бірақ, амал не, Аян мұнан кейін де тобығын тайдырып алды. Ол - көктем кезінде еді. Көктем шыға колхоз жұмысына біз де араласқанбыз. Ортасына сым темір салып өртеген бір-бір дойыр қамшыны қолымызға
алып, өгіз жеккен соқаның басына міндік. Жесір әйелдер мен бой жеткен қыздар соқаның артын ұстайды. Арайланып таң білінгеннен бастап ымырт қараңғысына дейін жер жыртамыз. Жер құйқасы майға бөккендей туырылып жатады. Соқа тісі сәл тереңдесе бөкпе топырақ қалыңдап, өгіздер мықшиып тұрып қалады. Ала қыстай шөп тарту, тұқым тартумен титықтап шыққан арық өгіздердің аузынан сілекей шұбырып, аяқтарын шалыс басып күн ұзын соқа тартуға дәрмендері зорға жетеді. Онда да арқасын қайыстырған қамшының күшімен жетеді. Өгіз біткеннің сауыры қызыл ала қан, арқасы шоқпыт-шоқпыт жауыр болатын. Ертеден кешке дейін өгіз үстінде жұлынып «цоп, цобелей» бергеннен тамағымыз жыртыла ауырып, дойыр қамшы қарамызды талдырып, біз де әбден титықтайтынбыз. Таңдайымыз кеуіп, қаңырығымыз түтеп, қарнымыз ашып, қамшы сілтеуге әліміз құрып, бас айналып, көз қарауытып, қалғып-мүлги бастаған кезімізде соқа ұстаған әйел баяу үнмен:
- Әй, ұл, айдасаңшы өгізіңді, - дейді. Бойыңдағы бар күшіңді жиып, қамшыны құлаштай сілтейсің. Арық өгіздер арқаларын құр қайқаңдатып қыржыңдағаны болмаса, жүрісіне жүріс қоса қоймайды. Ақырында өзіңнің қолың ауырып сырқырап кетеді. Сондайда өгізден домалап түсіп жер тепкілеп жылағың келеді. Сенің сол мүшкіл халіңді сезгендей соқа артындағы әйел өзі кеп қолыңдағы қамшыны ала сап, өгіздерді шықпыртып-шықпыртып жібереді де:
- Жығылып қалма, - деп қояды. Шама шарқыңның сол екенін ұғады ғой, жақсы ұғады. Әлден уақытта әйелдердің бірі қалжырай шыққан зарлы үнмен сызылтып қана:
Көкше бір таудың биігі-ай.
Алыстағы бауырдан хат алудың қиыны-ай, - деп ән салады. Ән емес-ау, жүректегі ауыр шердің лықсып шыққан бір күрсінісі сияқты. Әнге екінші соқадағы әйел, онан үшінші соқадағы бойжеткен қыз қосылады. Үшеуі де зарлатады-ау кеп. Үшеуінің көзінен де жас парлайды. Біз өгіз үстіндегі балалар көзімізге мөлт-мөлт етіп жас үйіріліп, тамағымызға өксік тығылып, бас көтере алмаймыз. Әйелдерге қосылып жылауға «еркектік» намысымыз жібермейді. Өйткені алғаш соқаға шыққан күні Аян:
- Жылауды әркім біледі. Мықты болсаң нағыз еркектерше қиыншылықта жыламай бақ, - деген. Сондықтан «жасық екенімізді» білдірмеуге тырысамыз.
Кешкісін жерден қазылған баракқа келеміз. Іші ұп-ұзын қап-қараңғы, үңгір сияқты. Астына сабан төселген. Жалғыз май шамның өлеусіреген жарығында, не ішіп, не жегенімізді ажыратпастан, талқаннан жасалған атала көже сияқты бірдеңені қалғып-мүлгіп отырып ішеміз. Онан соң киімімізбен отырған орнымызда қатар-қатар сұлай кетеміз. Өне бойың салдырап қозғала алмайсың. Қанша ұйықтағаның белгісіз әлдебір уақытта Тұржанның: