Knigionline.co » Казахские книги » Запах полыни / Жусан иісі

Запах полыни / Жусан иісі - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Запах полыни / Жусан иісі» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В рассказе «Запах полыни» автор передал жизнь народа после войны. Главные герой рассказала подросток, у которого отец и брат были на войне, матери не было, а единственная бабушка умерла. Автор передал переживания и душевную боль… Это произведение расширило горизонты литературы Казахстана.

Запах полыни / Жусан иісі - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

- Әй, мен сендерге бір қызық айтайын ба, - деді ол сүйінші сұрағандай қуанышты үнмен. - Мен бүгін таң алдында түсімде ағамды көрдім. Рас айтам. Түнде жатарда ағамның пальтосын басыма жастап, көпке дейін иісін иіскеп жатқам. Ағамның иісі сіңіп қапты. Бір түрлі жусанның иісі сияқты жақсы иіс. Мен бүйтіп жағасына мұрнымды тығып алдым да ұзақ-ұзақ иіскедім… Әжем ылғи: «ағаңды анау Жусантөбенің үстінде, мал қайырам деп жүргенде, айдалада тапқанмын» дейтін… Менің ағамда жусанның иісі содан қалған… Сөйтіп жатып ұйықтап едім, түсіме кірді…

- Мен де ылғи көкемнің пальтосын жамылып жатамын. Менің көкемнің пальтосынан да жусанның иісі шығып тұрады - деді бір бала.

Сөйткенше болған жоқ, тұс-тұстан жамырай дуылдап соғыста жүрген әкелеріміздің, ағаларымыздың үйде қалған киімдерін еске алып, олардан шығатын иісті сөз етіп кеттік. Және бір қызығы - көпшілігіміз ол иісті жусанның - дәл өзіміздің ауылдың іргесіндегі жусанның иісіндей дестік. Онан бір кезде Аян:

- Менен де жусанның иісі шығып тұрады, ағама тартқанмын. Міне, иіскеп көріңдерші, - деп өз омырауына тұмсығын тықты. Біз дереу кезектесіп оның омырауын иіскеуге кірістік. Өзі айтқаннан ба, әлде шынымен солай ма, әйтеуір, Аянның омырауынан бұрқырап жусанның иісі шығып тұрғандай көрінді бізге.

- Рас-ей, жусанның иісі шығады.

- Қандай сүйкімді-ей, жусанның иісі… - дестік бір ауыздан. Онан соң әрқайсымыз өз омырауымызға тұмсығымызды тығып, өзіміздің иісімізді өзіміз иіскеп, жаңалық ашқандай:

- Әй, менен де жусанның иісі шығады-ей.

- Менен де… Міне, иіскеп көрші… тура жаздыгүні Жусандытөбенің иісіндей… - десіп жан-жақтан шулап кеттік.

Сәлден кейін басқа сөздің бәрі тыйылып, Аян ертегі бастауға

кірісер сәтте Есікбай тұрып:

- Бүгін түнде Аянға шанасын кезек бойынша Қосым беруі керек, -

деді.

- Иә, саған, менің шанам сынып тұр, - деді Қосым.

- Әй, осы әлгінде ғана сынған ештеңесі жоқ еді ғой.

- Сынып тұр… Түнде тебуге жарамайды. Керек болса өзің бер шанаңды.

- Мен беріп жүрмін, ылғи беремін, ал сен неге бермейсің?

- Бермеймін со… - деп күңкілдеді Қосым. - Сынып тұр.

- Жарайды, қойыңдаршы, - деп сөзге Аян араласқан. Бірақ осы кезде Есікбай Қосымның бас киімін жұлып ап, лақтырып жіберді.

- Кет, тырнауық мысық, әйтпесе көресің, - деп кінжіді.

- Жарайды, қойшы-ей, Есікбай, - деген Аян тағы да басу айтып.

- Не қоятыны бар. Кетсін. Қане кет, - деп Есікбай мелшиіп отырған Қосымды теуіп қалды.

Қосым жер-көкті басына көтере азан-қазан қып бақырып үйіне кетті. Есікбайды сыбап боқтап:

- Қазір Тұржан ағама айтам, бәлем… - деп бара жатты.

Бұл күні Аян жалғыз көзді дәу туралы ертегісін бастады. Бұл оның бұрынғы ертегілерінен де әлдеқайда қызықты еді. Түнерген аспан, ат қораның іргесінен әрі қарай үңірейіп жатқан қорқынышты терең құз, бәр-бәрі күннің ерекше бір нұры құйылып жарқырағандай боп, басқа бір дүниеге - ертедегі күлкіге толы қызық дүниеге айналды.

«…- Біраз жер жүргеннен кейін жетім баланың қотыр тайына тіл бітіпті, - дейді Аян. - Қотыр тай тұрып оған: «Мынау алда тұрған асқар таудан күндіз құс ұшып өте алмайды, қанаты күнге күйіп қалады. Тек түнде ғана ұшып өтеді. Сондықтан да біз түнді күтуіміз керек. Түнде маған да қанат бітеді. Сен тек жығылып қалмай, көзіңді тарс жұмып, менің

жалымнан мықтап ұстап отыр. Мен: «көзіңді аш!» дегенде бір-ақ аш. Сонда, мына асқар таудың арғы жағында, мұнан гөрі аласа, шошайған қоңыр тау тұрады. Ол жалғыз көзді дәудің мекені», - дейді. Жетім бала қотыр тайдың айтқанын түгел орындайды. Түнде қотыр тайға қанат бітіп, асқар таудан ұшып өтеді… Бір кезде қотыр тай: «Енді көзіңді аш!» - дегенде, жетім бала көзін ашса, дәл алдында ақырын теңселе қозғалып шошайған қоңыр тау тұр екен…»

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий