Knigionline.co » Казахские книги » Запах полыни / Жусан иісі

Запах полыни / Жусан иісі - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Запах полыни / Жусан иісі» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В рассказе «Запах полыни» автор передал жизнь народа после войны. Главные герой рассказала подросток, у которого отец и брат были на войне, матери не было, а единственная бабушка умерла. Автор передал переживания и душевную боль… Это произведение расширило горизонты литературы Казахстана.

Запах полыни / Жусан иісі - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сыбырлай шыққан даусында өз айтқанына қалайда қалтқысыз сендіретіндей керемет бір күш бар. Біз тым-тырыс боп тына қалдық. Бір сәтке дәл астымыздан - қораның ішінен жылқылардың күтір-күтір шөп жеп тұрғаны, пысқырғаны, тарпығандары, қасынғандары естілді. Бірақ біртіндеп Аянның ертегісі қызған сайын, әлгі дыбыстардың бәрі құлақтан шет қалып, төңіректі - бүкіл Ешкіөлмес баурайын, төмендегі терең құзды ғажайып бір тыныштық басты. Бұл дүние - ертегі қиял дүниесіне, сиқырлы дүниеге айналып, біз өзіміздің бар-жоғымызды да ұмытқандай болдық.

Сол күннен бастап күнде кешкісін ат қораның төбесіне жиналуды әдетке айналдырдық. Екінші күні тағы да әлгі Садық бір пәлені шығарған: үйінен алақандай газет жыртындысы мен темекі ұрлап алып кепті, әлгісін кәдімгідей ешкі сирақтандырып ұзын етіп орады да, қалтасының түбінен әзер тапқан сіріңкенің жалғыз шиімін тұтатып, сонысын насаттана сорып қойып отырып, ертегі тыңдады.

- Ей , әкеші бір сорайын, - деді ақыры Садықтың жанында отырған Қосым шыдай алмай. Садық шылымын оған бір сорғызды. Қосым қомағайлана түтінді ішіне тартамын деп қақалып-жөтеліп тұншығып қала жаздады. Біз, бәріміз оны мазақтап, өзін біраз жерге апарып кеу-кеулеп алдық.

- О, маубас, тарта алмасың бар сұрап неғыласың-ей, - деп табаладық.

Онан Есікбай:

- Кәне, Садық, мен сорайыншы, - деді.

Садық шылымын оған да бір сорғызды. Есікбай қақалған жоқ, түтінді аузын толтыра сорып алды да, ақырындап танауынан бұрқ-бұрқ еткізіп шығара отырып, «міне, қалай тарту керек» дегендей мақтанып қойды. Онан кейін темекіні мен де сұрап бір сордым, менен кейін тағы біреу. Ақыры Садықтың ұзын темекісін барлығымыз бір-бір сорумен-ақ тауыстық.

Келесі күні қораның төбесіне жиналғанымызда көпшілігіміз үйден қағаз бен темекі ұрлап алып шыққан екенбіз. Енді бір-бір шылым орап, темекіні жарыса тартатын болдық. Темекі тартып отырып тыңдағанда Аянның ертегісі де әлдеқайда қызық сияқты көрінді. Бір күндері кейбіреулеріміздің үйіміз темекі ұрлап жүргенімізді біліп қойып, енді аналарымыз темекіні қиындау жерге тығатын болды. Бірақ біз бұған да амал тауып кеттік.

- Осы анау, мақау Тұрдағүл ылғи, жылқының кепкен тезегін шылым ғып тартып жүреді ғой, - десіп, біз де енді, күндізден қалтамызға

жылқының кепкен тезегін жинап салып жүрдік. Сөйтіп, Аянның ертегісін тыңдаған кезде, кейбіріміз ішіне жылқы тезегі салынған ешкі сирақ темекіні бұрқырата сорушы едік.

Ғажап ертегілер еді… Дүниедегі жақсылық атаулының бәр-бәрі: ерлік те, ізгілік те, сұлулық пен ақылдылық та, әйтеуір адамға тән не бір асыл қасиеттің барлығы да сол Аянның ертегілерінде болушы еді. Аян батырлық туралы ертегі айтқанда, біз - алым-жұлым киінген қара борбай балалар бір сәтке жадау қалпымызды ұмытып, шетімізден: көк семсерді жарқ-жұрқ еткізіп, ат ойнақтатып жауға қарсы арыстанша шабатын нағыз қас батырдай сезінуші едік өзімізді. Өмірімізде қос ауыз мылтықтан өзге ештеңені көрмесек те жарқ-жұрқ еткен көк семсер тұрғанда зеңбірек, пулемет дегендер айтар сөзге, көңілге олқы түсіп, ойыншық сияқты боп қалатын. Өйткені Аянның ертегілеріндегі батырлар сілтеген көк семсерге қызығып иланатынымыз сонша, оны қару біткеннің құдайы көретінбіз.

- Ух, шіркін, сондай семсерім боп мен де соғысқа барсам, фашистерді тура бауша қияр едім, - деп тістенетін Есікбай.

- Ал мен бар ғой тек бастарынан ғана шабар едім, - дейтін Садық арман еткендей даусын соза сөйлеп, құшырланып. - Көк семсерді жарқ-жұрқ еткізіп келе жатқанымда, алдымнан көкем шыға келсе… Ой, керемет болар еді-ау, э?

Мұнан әрі соғысқа баруды, фашистерді қыруды, сөйтіп әке-ағаларымызды тауып алуды әрқайсымыз өзімізше сөз етіп, тәтті арманға шоматынбыз…

Өзі жетім болған соң ба, кім білсін, Аянның ертегілері көбіне жетім бала туралы болушы еді. Жетім баланың тағдырына байланысты үрейлі ертегіні бастаған кезде, ауылдың шетіндегі сай-саланы, жыра-құзды тегіс: жалмауыз кемпірлер, жезтырнақтар, жалғыз көзді дәулер, дию-перілер жайлап кеткендей болушы еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий