Knigionline.co » Казахские книги » Запах полыни / Жусан иісі

Запах полыни / Жусан иісі - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Запах полыни / Жусан иісі» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В рассказе «Запах полыни» автор передал жизнь народа после войны. Главные герой рассказала подросток, у которого отец и брат были на войне, матери не было, а единственная бабушка умерла. Автор передал переживания и душевную боль… Это произведение расширило горизонты литературы Казахстана.

Запах полыни / Жусан иісі - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

¥шып тұрған Есікбай тағы да тап берген. Аян оны белдесуге жібермей екі қолынан ұстай алды да, жата беріс тастап ыңқ еткізді. Бірақ үстінен басып соққан жоқ. Қатты жығылған Есікбай біразға дейін тұра алмай ыңқылдап жатты. Аян болса бұлаққа барып бет-аузының қанын жуып, ақ жейдесін киіп түк білмеген, түк көрмегендей үйіне қайтты.

Осы төбелестен кейін-ақ Аянға ешкім тиіспейтін болды.

Күзде оқу басталып, жеті менен он жастың аралығындағы өңшең бірөңкей балалар бірінші класқа бардық. Бізді Иманжанов деген шашы аппақ қудай, қолы-басы тоңған адамша дірілдей қалшылдап, көзі қып-қызыл боп жасаурап отыратын қарт кісі оқытты. Бұл кісі - денсаулығының

нашарлауы себепті қаладан көшіп келген мұғалім екен. Бізге күн сайын үйінен әкелген қағазды бір-бір парақтан үлестіріп беріп, әріптерді үйрете бастады.

Аян екеуміз бір партаға отырғанбыз. Бірінші күннен-ақ ол зеректігімен көзге түсті. Мұғалімнің тақтаға жазған әріптерін айна-қатесіз қағазға түсіріп, тез жаттап алып жүрді. Тіпті келе-келе күніне бір-екі әріптен ғана өткенімізге көңілі толмай:

- Барлық әріптерді тезірек неге үйретпейді екен. Шіркін, ағама хат жазар едім, - деп күңкілдейтін.

Әрине, майдандағы әке-ағамызға хат жазу бәріміздің де көкейіміздегі асыл арманымыз еді. Сонымызды сезгендей Иманжанов та бізге тезірек хат танытуға бар күшін салып бақты. Сөйтіп, бас-аяғы бірер айдың ішінде әріптерді тегіс жаттап, бірлі-жарым сөздерді құрап, жаза алатындай халге жеттік. Ал Аян болса кәдімгідей: «Аса жаннан артық көретін аға…» деп бастап, хат жазатын болды. Ендігі оның қуанышында шек жоқ еді. Күнде сабақтан кейін үйіне келісімен төр алдына етбетінен түсіп, сиялы қарындашты тілімен жалап қойып, бет-аузын сия-сия ғып ағасына хатты үсті-үстіне жазатын да жататын. Күніне екі-үш хаттан жазады. Кейде әжесінің айтқанын жазса, кейде өз бетінше жаза беретін.

Біз, басқа балалар әлі де сөйлем құрап жаза алмайтынбыз. Сондықтан Аянға кеп:

- Хат жазуды үйретші, - деп жата жабысатынбыз.

Аян білденбейтін. Жымың-жымың етіп күлетін де:

- Мә, мына менің хатымды көшіріп жаз, тек менің ағамның орнына өз ағаңның атын жаз, - деп қоятын.

Сөйте-сөйте хат жазуды бәріміз де үйрендік. Енді біздің ауылдан күніне майданға сөзі де, мазмұны да, кейде тіпті кісі аттары бірдей жиырма-отыз хаттан кетіп жататын болды.

Дәл біздің хат тануымызды күтіп жүргендей-ақ екі айдан кейін Иманжанов қатты науқастанып, төсек тартып жатып қалды. Бір қол, бір аяғынан паралич болған. Басқа мұғалім келмеді. Осылайша біздің оқуымыз да келер жылға дейін тоқтаған еді.

Бірде Аян өрістен мал қайырып келе жатып үйретемін деп, өзінің қасқа бұзауына секіріп мінген. Семіз бұзау мөңкіп-мөңкіп жығып кетті. Сол жолы Аянның тобығы тайып бір айдай үйінде ауырып жатты. Осыдан кейін-ақ

Аянның тобығы тайғыш болып алды. Қит етіп алысса, иә секірсе тобығы тайып кететін де, Аян:

- Ойбай, ойбай, аяғым-ай… аяғым-ай… - деп жанұшыра бақырып жата қалатын.

Бірте-бірте ол алысып-жұлысып ойнайтын ойындарға араласпай, шеттеп, бар қызыққа тек анадайдан сырттай қызыға қарап тұратын болды.

Тобығы үшінші рет тайғанда, ол үйінде бұрынғыдан да ұзағырақ жатты.

Бұл кезде қыс түсіп қар жауған. Біз болсақ сырғанақтың қызығына кіріскенбіз.

2

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий