Knigionline.co » Казахские книги » Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В отместку за гибель младшего брата, Бактыгуль Тектигул крадет у богатого Салмена, виноватого в гибели, лошадь. Узнав об этом Салмен избивает Бактыгула, тогда Бактыгуль обращается за помощью к Жарасбаю. Он ему не помог, не выдержав, Бактыгуль убивает Жарасбая…

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Аспай сөйле, мырза! Қорқытсаң, дұрысыңмен қорқытасың. Шошаң қағып, беталды тасырлағаныңа үрейім ұшпайды! – дей бергенде, Сәлмен оң қолында бүктеп ұстап отырған сарала қамшымен Бақтығұлды бастан шапшаң тартып-тартып жіберіп, әкеден құлди-латып, шұбыртып боқтай жөнелді. Дәл мұндай жаза Бақтығұлдың қатын-бала көзінше көрмесем дейтін ажалы еді. Бір жағынан Қатшаның:

– Уа, қуарған Қозыбақ, құдай төбеңнен ұрсын! -деген намыскер айғайын естіді.

Момын баласы Сейіт бақыра жылап жіберіп: "Шошқа!" дегі айғайлап, төсектен секіре түсіп, Сәлменнің үстіне ұмтыла жығыла берді. Мұның бәрі бір-ақ сәт ісі еді.

Бақтығұл не болса да, қарсыласып өлуді тіледі. Сейіттің жан ұшырып, ара түсуі әке жанын өртеп жібергендей болды. Жан дәрмен қолына ұстап отырған қайың көсеуді жұлып ала, Сәлменнің қамшысын сол қолымен жұлқа тартып, атып тұрып, көз жұмғандай шапшаңдықпен Сәлменді қақ бастан үш-төрт рет тарс-түрс періп-періп жіберді. Бірақ Бақтығұлдың бар қайраты осы: ең соңғы қарсылық қимылы сол болды. Келесі секундте он шақты жау қолдар қамшымен, жұдырықпен бұршақтай жауып, жалғыз жігітті оттың басына шалқасынан алып соғып, керіп салды. Ашу-айғай үстінде Сәлменнің "Әкеңді... тоң мойын құл!", "ертең ғана Сәт болыстың мөрін бастыртып, баукеспе деп абақтыда, абақтыда... шірітпесем, әкемнен тумай кетейін!", "Жерге қағамын, жерсібір айдатамын!" деп, Бақтығұлды тепкілеп жүріп, төпеп сөйлеген қастық сездері жаза көруші жалғыздың жанына жаман сіңді.

Жаза тынымсыз. Тепкі мен қамшы, боқтық пен зорлық бар қорлығын өтіп жатыр. Басы мен ұлы денесінің ешбір жерін талғаған жан жоқ. Әкяеге де, бетке де етіктерінің өкшесі, бүктеп ұрған қамшы да саябырсыз, толассыз тиіп, көз алдынан дамылсыз нажағай ойнағандай, от ұшқындарын жарқ-жұрқ ұшырып жатыр. Бұл күй азғантай уақытқа ғана созылғанын сезеді. Содан әрі Бақтығұл еш нәрседен хабарсыз: қара түнде бір зынданға, я үлкен қараңғы құзға лақтырылғандай; обыр-тажал жұтып кеткендей; үлкен меңіреу жоқтыққа бір-ақ батып кетті. Ақырғы ғана рет көз алдынан бір жарық лап етіп барып, шұғылына кесіліп, сөніп қалғандай. Сол соңғы секундте шекесінен тыз етіп тиіп өткен біздей өткір шаншуды ғана сезіп қалды. Ең соңғы сезім ұшығы сонымен таусылды.

ІV

Арада қанша мезгіл өткенін Бақтығұл білмейді. Ол есін жинағанда, ең алдымен сезгені – шекесі шаншып, қатты ауырып жатыр екен. Таң атыпты. Тағы да сытырлап жүдеу жауын жауып тұр. Үй іші отсыз, сұп-сұр суық. Ыңқылдап көзін ашқанда, қасында бүкшиіп, екі көзін ыстық жаспен ісірген күйде өзіне үңіле қарап отырған әйелін көрді. Түсі сұрланып, жүдей түскен. Үн де жоқ.

Күйеуінің қанын шала-шарпы ғана жуыпты. Бақтығұлдың екі көзі ісіп кеткен. Бетінің әр-әр жері көгеріпті. Шекесі жарылған екен. Сол арасынан әлі де анда-санда шып-шып қан шығады. Үстіндегі тонына шашырап барып қатқан қара қан тамшылары әлі көрініп тұр. Сейіт жылап отыр. Қашаннан жылаулы? Үндемейді. Неге жылайтынын айтпайды. Түндегілердің дыбысы өшкен: тегіс кетіпті. Қатша мәлім етті: Бақтығұлды жайлаған соң, мұны да ұрсып-соғып, қорқытып отырып, етті тыққан жерді сұрап алады. Шаланы тұтатып, жарық етіп жүріп, қораның бар түкпірін тінтіпті.

Кеше кешке әкелген бір қап етті қой қораның төбесіне іліп қойысқан еді, оны да тауып алды; қора тасқа тыққан етті де түгел әкеткен. Таң атқанға шейін кетпей, күзетіп жүріп, таңертең ондағы ет пен теріні түп-түгел суырып, тауып алыпты. "Біздің көк бие" десіп, терісін таныпты. Содан соң жаңағы бір өзірде түндегі сары сақал қасына екі жігіт ертіп келіп, Бақтығұлдың жайын көріпті. "Және біреуіңді өлтірдік пе" деп ойлағаны шығар. Бірақ көп қарап отырып: "өлетін емес, демі бар" десіп, үйден шығысыпты. Қайта-қайта ауыздарына алғаны абақты-абақты. "Ағам Сәттің болыстығы рас болса, мөрін бастырып, осы келген он кісіні куә ғып пүртәкөлдеп, Бақтығұлға абақты кескіземін, жер аударам, Итжеккенге жіберіп, сонда шірітем!" десіпті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий