Knigionline.co » Казахские книги » Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В отместку за гибель младшего брата, Бактыгуль Тектигул крадет у богатого Салмена, виноватого в гибели, лошадь. Узнав об этом Салмен избивает Бактыгула, тогда Бактыгуль обращается за помощью к Жарасбаю. Он ему не помог, не выдержав, Бактыгуль убивает Жарасбая…

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Мұншалық қорлыққа жеткізді-ау! Жалғыз рет тұяқ серіпкен қарсылығым. Панасыздың көрері осындай итшілік күн болмай, не болушы еді!.. Енді сүйенетін кісі таппай болмас. Қорған таппай, тірлік жоқ болды ғой. Барыңды беріп, құл болсаң да, кешегі Сәлмен айтқан кеселден сақтап қалар біреудің қолтығына кірмеске лаж жоқ. Сондай жауыз жаумен ұстасар менде не дәрмен бар еді? Ойласам, бойымнан артық жұмыс екен! – деген.

Өмірі Қатшаға мұнша көп шешіліп сыр айта қоймаушы еді. Қатша "байғұс өліп қала ма, бүйтіп көрген жоқ еді, қалай айтқаны?" деп, ішінен күдіктеніп сескеніп отырды.

Бақтығұл жаңағы пана табамын деген сөзді нық байлау сияқты айтты да, артынан ол жайды қайта қайырмай, үндемей жауып қойды.

Арада бір жұмадай уақыт етті. Жарасынан жазылып, түрегелген Бақтығұл енді әл жиып, атқа мінетін болды.

Боз ат Қозыбақ аулына кете барса да, жақындары жылқылы ауылдың біріне қосып қойған тағы бір аты барды. Малының бары да, ажарлысы да екі аты болатын. Одан басқасы екі-үш сиыр мен бесті-онды ешкі-лақ. Жүруге жараған соң, Бақтығұл жирен жорға атын ұстап, мініп алды. Мұның жорғасы бұл өңірде жоқ, орасан қатты болатын. Өзі жаздай құр, сұлу, биік, жазаң келген, мінсіз, жақсы ат. Көп ел сыртынан қызығатын. Бір болыс Шалқар Бақтығұлдан бұрын, жирен жорға атты білді десе де болғандай.

Боздан айрылып, жаяу қалған соң, соны мінген Бақтығұл жалғыз оқты кәрі шиті мылтықты оқтап алып, сайды өрлеп тауға шықты.

Күн ұлы сәске кезі. Тауды жүндес бәстектей орай басқан көкшіл қалың қарағай; жүргінші соның ішіне келіп кірді. Тоқтаған жоқ, өрлей берді. Бірталай жүрген соң, қарағайдан шықты. Аржағы қалың-қалың заңғар биік, серейген тектүр қызыл тастар. Тылсым буғандай жым-жырт күйде, мелшиіп қатып тұр. Атты ақырындатып, қабырғалай басқызып отырып, бір үлкен құз, қиын қызыл тастың ығына жақындап келді. Бұл тұста аңнан басқа мал да, адам да болмайтын. Кезіксе, бірен-саран аңшы ғана кездесуге болады. Шатқа жақындап келген соң, бір жақпар тастың түбіне жирен аттың аяғын бекітіп, қалдырып қойып, өзі басындағы бөркін тастап, шитіні көлденең ұстап, еңкейіңкіреп, ақырын баспалап отырып, шаттың ернеуіне қарай жүрді.

Алдында үлкен құздың арғы беті ғана көрінеді. Ілгерілеген сайын тас қорған шұңқырайып, тереңдеп барады; ауданы да үлкейіп келеді. Қарсы бетте ешнәрсе көрінбейді.

Буалдыр күңгірт күздің кәзіргі күні кірлегендей болып салбырап, кіржиіп тұр. Сұр тонды, сүр түсті жүдеу мерген сұр тас пен түнерген аспанның түсіне боялып, қалың жым-жырттыққа қоса батқандай. Бұғады да, ақырын ғана қыбырлайды. Дәл ернеуге жақындап келді. Бір тастың иығына жабыса бұғып, баспалап қарады. Бұрын талай замандар шығып, үйге талшық қылмақ болып көп іздегенде, ату жерге анықтап кез келе қоймайтын арқардың бүгін орайы келердей. Дәл тамағының астындағы бір жеке шошақ басында үш арқар секиіп тұр екен. Бұлар арғы беттен бірдемеден үркіп, қашып келген тәрізді. Еліріп, көз-құлағын сол жаққа қарай қадап, қарауылдап тұр. Бірі құлжа, екеуі ешкі.

Бақтығұл көре бере: "я сәт!" деп, нысананы бетке ұстап, көздей берді. Бірақ бойын түгел жаза алған жоқ. Шектен тыс сақтығы бар, қылп еткенді көретін қырағы арқар екі қаратпайтын мінезін істеп, аңшының басы қылп еткен жерден-ақ "пыс" деп жіберіп, биік тастан ойға қарай сатырлап секірген екен. Тек бір тар жерге үшеуі бірдей қарбаласып, қақтығып қалғандықтан, алдыңғы екі ешкі секіріп кеткенде, қос мүйізі шаңырақтай қартаң құлжа енді секіргелі қамданған еді. Төселе қадалып келе жатқан қара шиті қарауылы құлжаның көк желкесіне іліне бере-ақ, гүрс етті. Тастың басында көк түтін бұрқ етті де, ырғалып толқып қалып, серпіле берді. Сол кезде ақ таңдақ қоңыр құлжаның қиралаң етіп, алдындағы тастан кеудесін асыра алмай, сүйретіле құлап түскені көрінді.

Басына Бақтығұл келгенде, шала-жансар жаны бар екен. Ұзын қара пышақты суыра сала, Бақтығұл тамақтан ыстық қанын шапшытып, орып жіберді. Ақырғы рет ышқынып қор етті де, тағының жаны шықты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий