Knigionline.co » Казахские книги » Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В отместку за гибель младшего брата, Бактыгуль Тектигул крадет у богатого Салмена, виноватого в гибели, лошадь. Узнав об этом Салмен избивает Бактыгула, тогда Бактыгуль обращается за помощью к Жарасбаю. Он ему не помог, не выдержав, Бактыгуль убивает Жарасбая…

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Үй іші есін жиғанша, аттылар жапырлап түсе-түсе қалып, алды үйге кіре бастады. Түстері суық. Енді аңғарса, Қозыбақ аулының жігіттері. Сырт ажар, сызданған жүздерінен өңшең нығыз, асқақ содыр топтай. Әлдекімге өздері тізесін батырып зорлық қылмаса, бұл өңірдің бірде-бір қазағы өз бетімен бұл топқа келіп, соқтыға алмастай. Бір болыс бүрген ішінде анық семізсінген қарталы мықтылар. Алдыңғы кіргендер ішінде Сәлменнің тап өзі. Қасындағы Қозыбақтың өңшең содыр мырзалары. Кішкене үйдің ішіне алдыңғы келгендер толып болса да, арты таусылмай кіре берді. Соңғылардың арасында теке сары сақалды, бітік көзді, ұзын сары кісі тәйтік сөздер сөйлеп кірді. Жанындағыларды қағытып, итере келген. Бақтығұлға амандаспады. Үй ішін айнала қарап, мұрнын тартып, тыржитты да, қазанның қасынан әлі күнге кете алмай, талтайып отырған Қатшаға сүйене келіп жайғасты. Бұл үймен таныстығы бар. Қатшаның сасып отырған кескінін қу көзбен шолып қалып, арсыздау күлкімен жымиып, көзін қысты.

Келген топтың басшысы – Сәлменнің күміс белдігі бар. Өзі қиылған қара мұртты, танауы ежірейген, үлкен қара көздері шаншыла қарайтын, аласа бойлы, қара жігіт көп іркілмей сөз бастады.

– Кеше түнде біздің Дөң жайлауда жатқан жылқыға ұры кіріп, бір ту биені алып, жылқышы Жамантайдың басын жарып, соққыға жығып кетіпті. Алдырған – албырт: анасының қойнын ашады. Із шалғанда, сүйреткен сойылдың сорабы осы ылдиға қарай кепті.

Бір бозға мініп, бір бозды қосарға алып, бүгін таң сәріде осы желкедегі қарағайға келіп кірген жалғыз аттыны көрген бар. Кейін сенің қора тасыңнан жіңішкелеп шыққан түтінді де көріпті сол айтушы. Көп сөзбен арбасатын дәнеңе жоқ, қысқасы, малды сенен көріп кеп отырмыз, жөніңді айт! – деп еді.

Бақтығұл бұл топқа өңшең Қозыбақтың өрен-жараны болғандықтан, шетінен кекті; қанды мойын құныкерім де, дұспаным деп білетіндіктен, келістерінен де, мынау сызды салқын бетінен де сескенген жоқ. Ішінде "өзім ақпын, сен қарасың, саған не істесем де рауа" деген қияс кекесін, ызалы кек отыр. Жаңағы сөзге сәл үндемей, Сәлмен жүзіне қадала қарап отырып: "Бақтығұл қашан ұры болып еді? Ендігі маған етпек қиясың – ұры демексің бе?" деді.

Сәлмен шапшаң сөйлеп, ызалана түсті.

– Ұры демесем, ұрыдан құры да емессің!

Бақтығұл алғашқы бетінен қайтқан жоқ.

– Ендеше, тауып ал сол ұрыңды да, құрыңды да.

Бұдан әрі екеуі қырын отырысып, қатқыл-салқын

үндермен, қияс түспен егесе қарасып, жылдам жауап-тасып кетті.

– Мен тауып отырмын! Ол – сенсің.

– Кім айтты деп солай дейсің?

– Айтушы бар деп солай деймін.

– Алып кел айтушыңды, мойныма салсын!

– Атты алысқа айдамақсың ғой. Мені сорғалаған қан, сойқақтаған із әкеліп отыр. Сен алдың малымды. Кешегі қолымда өскен Бақтығұл ең.

– Бәсе, қолыңда өссем, мынауың қай сұмдығың? Жалаң не?

– Сен маған қастық етіп отырсың. Мен не қылған адам едім саған?

Бақтығұл енді жалтармай шынға қарай ауысқысы келді:

– Не қылмап ең?

– Неңді алып ем сонда?

– Немді алмадың? Жанымды да алғансың! Жар деген жалғыз қанатым – Тектімді тепкіңмен өлтірмеп пе едің!

– А, солай де! Ендеше құныкерің екем ғой!

– Бәсе, құныкерім екеніңді аузыңа құдай салып отырған шығар. Сенің соққыңа жығылып, сартесекболып алты ай қыс жатқанда, жиырма жыл босаған да шіріген сол Тектіғұлға тымғұрса қатқан тоқты -қалжа бердің бе?

– Е, ... санай түс ендеше, тағы бар болар менен алмағың? Тегі менің малымның қақ жартысы сенікі шығар. Қалжыраған қара мойын құл! Қалай-қалай тантисың? Жіңішкерген аурумен құдай алған ініңді әкеткен ажал мен деп пе ең? Санашы тағы. Қандай алмағың бар екен Қозыбақтан, Сәлменнен әлі де?

Бақтығұл қайнаған әділ ашу үстінде, не де болса, барын айтып қалмақ ниетте болатын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий