Knigionline.co » Казахские книги » Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В отместку за гибель младшего брата, Бактыгуль Тектигул крадет у богатого Салмена, виноватого в гибели, лошадь. Узнав об этом Салмен избивает Бактыгула, тогда Бактыгуль обращается за помощью к Жарасбаю. Он ему не помог, не выдержав, Бактыгуль убивает Жарасбая…

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бақтығұлдың аулы жаңағы аттанған тұстан күндік жер. Таң ата Бақтығұлды ұйқы жеңді. Бірнеше күннен бері талған денесі аз тыныштықты тіледі. Бірақ орнықты нық ниетпен істелген іс мұрат қылған шегіне жеткенше, тоқтағысы келмеді. Дененің әлсіздігін жеңіп, бірқалыпты қатты жүрісті бәсеңдетпей, таң аппақ атқанша жүрді. Ендігі жеткен жерінде қыстаулар бар. Әркімнің көзіне түсіп қалуға бслады. Сондықтан таудың бір қабат ішін алып, ылғи ғана қалың қарағайды құндыздап жүрген.

Сонымен арада бір-ақ жерде ғана демалып, келесі күні түс ауа биік тау қойнында жасырына отырғанжалғыз қорасына тақап келді. Мұның жалғыз үйлі кедей аулына сапырылысып келіп жатқан кісі жоқ болса да, бөгелместен малмен келу ағат болар еді. Аулының желкесіндегі қиын тасқа боз биені торт аяғын тас қылып бекітіп тастап, өзі үйіне келді. .

Жыртық киімді, күрең жүзді Қатша балаларына шай қайнатып отыр екен. Үй іші әлі қора жанында тігілген жыртық қара киіз үйде. Тамға кірген жоқты. Үш бала бар. Үлкені Сейіт – он жаста. Қалғанының үлкені – бес жасар Жұматай. Ең кішісі – екі жасар, емшектен әлі шықпаған қара қыз – Бәтимә. Бақтығұлдың келгені үрпиіп, жүдеп отырған кішкене кедей үйге жан кіргізгендей болды, ұзын бойлы, аша-майлау келген Қатша ерінің жүзіне жылы қарап, қарсы алды.

Бақтығұл үндемей, жай қозғалып, есік алдында жатқан шырпы отыннан аттап өтіп, төрге қарай шықты. Бірақ отырмастан, маздап жатқан отқа қызығып:

– От қалай жақсы еді, тез беретін шайың бар ма, қатын? – деді.

Аз күйбеңдеп, байына таман бой соза түсіп, Қатша:

– Жол болды ма? – деп күбір етті. Оған тура жауап берудің орнына, Бақтығұл:

– Бол, шайыңды болдыр, жұмыс бар! – деді.

Қатша үйіндегі барымен шайын берді. Жаздан іркіп жүрген жалғыз сиырдың майы бар-ды. Кебежені ақтарып, ескі қарыннан сонысын да алып салды. Анда-санда түрегеліп қозғалғанда, шай құйған шақта жұмсақтау жылы денесін Бақтығұлға сүйкей өтеді.

Балалар әкесі келіп, үй ішінің шырайы өзгергенге мәз. Шеше мен әкенің жақсы қабақ, өң шырайларына бұлар да белгісіз себеппен жылынып, көңілдене бастады. Жұматай мен Бәтимә бірін-бірі түрткілеп, сықылықтап күлісе береді. Бақтыгүл үш-төрт кесе шай ішіп, қайтадан киініп түрегелді. Үй ішіне әрдәйім көп сөйлемей, сырт жаңалығын бір-ақ әкелетін тұйық мінезі бар-ды. Сол дағдысымен тек әйеліне ғана бір айналып:

– Аздан соң қабыңды алып кел, – деді де шығып кетті.

Жұматай ойнақыланып: біресе Сейіттің, бірде Бәтимөнің қолындағы ірімшік-құртын тартып алып, кейде алысып, кезек жағаласып қалып, көбінше өзі де қутыңдап, Сейітті де күлдіріп, үйде ойнап қалысты. Қатша балаларға: "Үйден шықпаңдар! Отты байқап отырыңдар; кісі келсе, "апам тезек тере кетті, деңдер!" деп жүріп кетті. Қора желкесіндегі бір жөке жақпардан асып түскенде, ар жағында үлкен қойтастың баурында боз биені жардай қылып жайратып тастаған ерін көрді. Үлкен ту биенің төрт борбайы көтерілген. Бақтығұл биені шапшаңдата сойып, терісін сыпырып тастаған екен. Бұл жартас тегі қора сияқты болып біткен. Айналасында кірер ауыз жоқ. Бұрын көл сияқты бірдеңенің орны болса керек. Келетін кісі сыртындағы бір-ақ жердегі ернеуден асып түседі. Айналасы тастан салған қабырғадай бітеу бір жасырын жер. Бұл жыраның сырты да жақсы. Маңайының бәрі де шашырап түскен үлкен-үлкен қойтас. Араларында белгі жоқ: быжырық шатқалаң. Сырт көзге де қалың бір бытқыл қиын жер боп жататын.

Қатша көк биені жұлқылап жатқан еріне көп сөз қатпай-ақ, бірге сойыса бастады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий