Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов
-
Название:Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:42
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
В отместку за гибель младшего брата, Бактыгуль Тектигул крадет у богатого Салмена, виноватого в гибели, лошадь. Узнав об этом Салмен избивает Бактыгула, тогда Бактыгуль обращается за помощью к Жарасбаю. Он ему не помог, не выдержав, Бактыгуль убивает Жарасбая…
Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги
Дөң жайлаудың кер белеңін өрмелеп келе жатқанда, Бақтығұлдың бойына тың қайрат жиналды. Шаршаған, қажыған, тоңған денесі ширыға сілкініп алды. Талай заман ашығып, үрпиіп, құзды қуалай жоғары-төмен шүйіп, сорғалап жүріп, аяғында жүгірген бір жемін екпіндеп келіп соғып жығып, тұяғына бүктеп басып, сығымдап отырып, қораздана сіл-кінетін Алатаудың қарлы басын мекендеген аспан тағысы бар емес пе? Қәзіргі Бақтығұл шабыты келер күннің ыстық, домді қызығына сондайлық етпеттеп алып, түрлене түскен.
Жасынан өздігінен мұндай жүрісті көсіп етпесе де, "жортуылшы, жорықшы" деп атандырып, Қозыбак аулы мұны жылқыдан басқа, түнгі жүріске көп жұмсаған. Дағды бойынша түнгі мол жылқыдан мал алып шығу бұған оңайдың-оңайы сияқтанатын. Әрқашан қандай сасқалақтық үсті болса да, жауырыны жерге тигенше айла-тәсіл істеп, біржолата жығылып түскенінше қарысып көру Бақтығұлдың ұдайы дағдыланған мінезі. Кезегінде барымта жолында жылқышысы ояу жүрген қалың топқа жақындап тұрып, енді кіремін деп қадалып келгенде, көбінесе көрінбей-ақ, орайын тауып кіріп кеткіш. Сондай ер, жырындылығы үшін мұны Қозыбақ аулы көбінше жортуыл – барымташының басы өтіп жіберетін. Бақтығұл қолына түсіріп алған малын да қуғыншы жау қолына оңай бере қоймайтын. Соғыста айлакер, ер. Шоқпар-сойылға өте жырынды. Ат үсті соғыста біреу ғана емес, екі-үш кісімен де соғыса аламын, алғызбаймын дейтін сенімі зор. Шынында солай екені рас та. Көп жылқышыдан ерекше жерлері осы мықтылық пен ептілік, ерлік болатын.
Бойы сергіп алған соң, Бақтығұл ер үстінде көтеріліп, етегін жинап, түзеліңкіреп отырды. Тықырды білдірмеуді ойлайтын мезгіл болып қалған. Өйткені бағанадан алыстағы сарынын естіген қалың жылқы осы алдындағы иекартпа бір белдің ар жағында шатта жа-тыр. Сақ, сергек жылқышысы болса, шеттей шығып, тың тыңдап, жер шалуға болады. Сондайдың кезіне түспеу керек. Ендігі тықырды білдірмес үшін, атқа да тасты жерді басқызбайды. Көптен жалғыз келе жатқан . ат қалың жылқының сарынын естіп, не кісінеп, не пысқырып жібермесін деп, тізгінді тежеп, аңдып ұстап келеді. Басын да төмен салғызбай шаужайлай түседі.
Қой торыған бөрідей енді жұтынып, қомданып алған деңгелек денесі анда-санда маңайды болжағанда алды-арты, жан-жағына шапшаң бұрылады. Барлық қозғалысына ұршықтай үйірілген жіті сергектік пайда болған. Кішкене қысық көздері жауынды түнді тіліп өткендей. Тау ішіне шаншыла қарағанда, көрсетпесін көргендей. Енді жылқыға оқ бойындай жақындап келді.
Қалың жылқы жиі-жиі пысқырып, пырылдап, анда-санда тай-құлыны, үйірсек айғыры кісіней түсіп, сайдың шебін бырт-бырт үзіп, Бақтығұл жаққа қарай сырғып, беттеп келе жатыр. Бұл иекартпадан сәл уақыт баспалап тұрды. Сыртылдаған бірқалыпты ақ жауынның ішінде қалың жылқының тыныштықпен жайылған тынысы ғана сезіледі.
Бақтығұл қарауыткқан қалың топ жылқының бар қарасын да көрді. Басынан бөркін алып, шошақ ердің қасына ілді. Бетін қырын бұрып, құлағын жылқы жаққа төсеп, тың тыңдайды. Аңдығаны – жылқышы. Бірақ өзір оның белгісі білінбейді. Ұйқыда ма, болма-са бірдеңені сезе ме – белгісіз. Жылқының шашырамай, тобымен жайылғанынан Бақтығұл сақтық ойлай-ды. Ендетіп жібермеген, топтаңқырап сырғытып, бір жайылысқа салғалы түртіп келе жатқан ояу жыл-қышылар бар тәрізді.
Енді бір сәтте Бақтығұл баспағып тұрған тұмсықшаға шашыраған селдір топ қарайып шықты. Аттың басын төмен беріп, сәл тасалап, өзі үзеңгіге аяғын тіреп тұрып, Бақтығұл иекартпадан қарады. Әлгі топ молайып, өндей бастады. Жайылып келе жатқан бос жылқы екен. Шетірек беттеп шыққан бір айғыр үйірі болу керек. Бақтығұлдың ендігі ісіне қараңғы түн, тынымсыз жаңбырдың себі тиетін болды. Жылқыны үркітпеске тырысып, ақырын ғана қозғала бастады. Елеусізденіп, боздың жалына таман жабысып алып, жылқыға қарай жүрді.