Knigionline.co » Казахские книги » Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В отместку за гибель младшего брата, Бактыгуль Тектигул крадет у богатого Салмена, виноватого в гибели, лошадь. Узнав об этом Салмен избивает Бактыгула, тогда Бактыгуль обращается за помощью к Жарасбаю. Он ему не помог, не выдержав, Бактыгуль убивает Жарасбая…

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұл өзі жылқының бір үйірін ауылға айдап келсе, ауыл шаң-шұң айғай, Сәлменнің боқтығы басымдап тұр екен. Біле келсе, боқтап жүргені – Тектіғұл. Оны сол дауылда ығып кеткен қойға жалаңаш-жалпы тез шықпадың деп, Сәлмен қатты сабапты. Тектіғүл "азынап тұрған қара суық дауыл мынау! Берген киімің жалғыз ескі шекпен болса, оның қолтығы, жоны жыртық. Жауын мен дауылға не кием? Тымғұрса бір өң киім бер!" деп сұрағанға жазықты бопты.

Сәлмен ақырып: "Қой күзеті – сенікі, қойдың жарымы ығып кетсе, сен ақы-пұлың ды тілеп, әбігер саласың!" дейді де, боқтықтың астына алады. Тек қана жылы киім сұраған жайын ұғындырып айтам деген Тектіғұлды сыбап боқтай береді. Тектіғұл соған ыза-ланып: "Он жылғы еңбегім бір жылы киімге татыма-са, малыңның құлағын... Мені қырып ал, өлер жайым жоқ!" дейді.

Соған долданған Сәлмен бай Тектіғұлды бес жігітке алып-соққызып, өкпеге тепкілеп, бауыр-сыртын дүрелеп жазалайды. Қара түнде, қаскөй дауылға лыпасыз саламын деп, далаға айдап жібереді. Бақтығұл жылқыны иіріп келгенде, Қатшаның әліге дауыс айтқандай боп үн салып, қайнысы Тектіғұлға жаны ашып жылағанын естіген. Бақтығұл аттан түспестен, айналаны шарлап, шапқылап айғай салып, Тектіғұлды іздеген. Бірақ таң атқанша таппаған. Ауылда иіруде қалған жылқы дауылдан үркіп -ол босып, иен далаға шашырай жоғалғанды. Бақтығұлдың малды тастап, інісін іздегенін; тағы Тектіғұлдың ұшып өлгелі жатқан жерінен тауып алып, артына міңгестіріп әкелгенін білген Сәлмен Бақтығұлды және де әке-бабадан боқтап, қамшының астына алған. Бақтығұл Сәлменнен тілін тартпай, Тектіғұлды ақтап: "Жанымнан садаға кетсін сенің арамнан жиған малың! Құлағын ұрайын. Мен де айтамын соны" деген тілін тартпаған-ды.

Ағайынды екі жігіт қолшыл, қатал Сәлменнің дүре жазасына солайша бірдей ұшыраған. Осының арты Қозыбақ аулынан бұлардың ажырап көшуіне әкеліп соққанды; Бүгін сол Тектіғұл мынадай боп, сарауру жеңген сорлы күйде жатыр. Арада алты айдай уақыт өтті. Әрі өкпеден өткен тепкі-соққы жарасы бір ықсып, жалаңаш етке сары суық – ол қадалып, сол түннен кейін Тектіғұл дертті болды. Сәлменмен араздасқан Бақтығұл інісін лашығына алып, үш күн ішінде көшіп кетіп, көршілес Шалқар болысында, осыдан жиырма жыл бұрын әкелері өлген соң тастап кеткен жаман қораға келіп паналаған-ды.

Қыс бойы ауырған Тектіғұл міне – бүгін кеуде жарған арманын айтты. "Қатын-балам, әке-шешем, аға-жеңгем" демейді, "кегім" ғана дейді ыза кернеген шер кеуде, шерменде! Қысқы соғым кезінде Бақтығүл Сәлменнің соққысынан төсек тартып, дертті болған інісін айтып, Сәтке шағып, Сәлменнен калжа сұрап еді. Сәт бұның арты ұлан-ғайыр құн сияқты пәлеге де соғып кететінін сол жерде-ақ қолма-қол есіне алған. Бақтығұлдың аузына бұл сөзді енді қайтып түсірмес үшін, сол сәтте арыла сөйлеген.

– Інің соққыдан өлер болса, осыдан үш ай бұрын соққы тиген күні өлер еді. Одан кейін жіңішкерген, сарғайған ауру болды дейсің. Ол аурумен кім ауырмай-ды? Құдайдың жаратқан дертіне Сәлмен жазықты ма? Сенің інің түгіл, тілесе Сәлмен мен ағасы мен – Сәт екеуімізді тапқан шешеміз, аузынан ақ майды ағызып отырып-ак, сол жіңішкерген науқастан қаза болған. Арылғаным осы, айтпасымды айтқызып отырсың. Ендігәрі тағдырдың жазасын Сәлменнен аламын деген дайыны жоқ сөзді ауызға алма, – деп, аяғына отырғызбай қайтарып жіберген. Інісінің жаңағы "кегім" деген арылмас арманын түсінгенде, Бақтығұл осындай тас қамаудың бар тынысты тарылтқан кесір кескіндерін еске алды. Бұл шақ көктем кезі еді. Арада тағы бір-екі жұма өтер-өтпесте, Тектіғұлдың қатал тағдыры маңдайына жазған қазасы жетті. Ол қайтыс болды. Артында: "Қанатым едің, арыстандай арысым едің, не жазығың бар еді? Сен не көрмедің? Мен тірі қалғанша, бірге неге өлмедім" деп, өксіп-өксіп көп жылап, Бақтығұл қалды. Көз жасы інісінің қырқына жеткенше тыйылмады. Міне соның қырқын жыртық үйлі азғана жамағайын Сарыны жинап атқарды да, енді Бақтығұл жұрттан бөлек басқа бір сыңайға мінді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий