Knigionline.co » Казахские книги » Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В отместку за гибель младшего брата, Бактыгуль Тектигул крадет у богатого Салмена, виноватого в гибели, лошадь. Узнав об этом Салмен избивает Бактыгула, тогда Бактыгуль обращается за помощью к Жарасбаю. Он ему не помог, не выдержав, Бактыгуль убивает Жарасбая…

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қараш – қараш оқиғасы

I

Қайран, Тектім-ай!.. Алпамсадай арысым едің... Қаңбақтай жеп-жеңіл боп қаусап қалғаның-ау! Қолыма салмағың білінсеші, – деп, ауру жігітті қолына көтерген ағасы енді төсекті жайғап салған әйелі Қатшаның қасына алып келді. Ауру жанды Қатша мен ағасы жертөсекке оң жақ қырынан жатқызды.

Көтергенде қатты демігіп, өңі қуарып, әлсіреп қалған ауру жігіт, ерні қыбырлап, сыбырлай сөйледі. Аға мен жеңге оның жүзіне қатар үңілгенде:

"Ер арыса -аруақ... " деп, зорға ғана басын изегендей белгі етті.

-"... Ат арыса – тулақ", – деп, Қатша қайнысын ұққан жай білдіріп, бас изеді де, шерлене күрсініп алды.

Бірі ауру, бірі сау екі еркек – ағайынды Бақтығұл, Тектіғұл болғанда, Қатша – жаңа арман айтқан қара мұрт Бақтығұлдың әйелі.

Бақтығұл інісінің қасына жамбастай, жақындай отырып, өзінің ең алғаш жаңа ғана айтқан "арысым" деген жайында қадала ойланып, қатты қобалжып қалды. Мұның інісі Тектіғұл анығында бойы биік, кеудесі талыстай дейтін, қол-сирағы ұзын да сом біткен атан жілік азамат еді. Бақтығұл өзі де кесек, балуан денелі, иықты, кеуделі келген де, інісі Тектіғұл бұдан бойға биік, бар сүйегі балғын болатын.

Ұзаққа созылған сарауру бүгінгідей әбден мегдетіп келген шағында Тектіғұл төсек жақтырмай, жамбасы тесіліп қиналғаннан, аға-жеңгеінен сол төсекті күн сайын бір қақтырып, жұмсартып салуға тілек ететін. Жаңа інісін екі қолына балаша құшақтап алып, төсек жөнделгенше көтеріп тұрған Бақтығұл науқасты бар салмағынан айрылған қаңбақтай сезінген. Енді қасына жанаса отырғанда, інісін тағы да бір көтерген басқаша дертті шағы созыла түсіп, есіне келді.

Ел ішіне келген қалың сүзектен әке-шеше қатар төсек тартып жығылып, араларына екі-ақ күн салмай, әуелі – шеше, артынан әке өлді. Сонда он алты жасар Бақтығұл он жасар осы Тектіғұлды біресе қолынан жетектеп, біресе шаршағанда арқалап алып, әкесі айтқан нағашы деген ел болмысқа бірнеше күн итшілеп жаяу кезіп, зорға жетіп еді. Содан соңғы көтергені осы екен.

Тектіғұлдың да есіне бір күйік түскендей. "Кескен теректей құлатты ғой мені. Қу жоқшылық бір құлатты. Аямас дұспан соққы жазасы әпкетті, міне, -бар дәрменімді... Нем қалды?.. Тектіғұл ініңнің орнына кімің қалды сенің?!" деп, әлсіз жүзін Бақтығұлға зорға дегенде бұрып; аға-жеңге – екеуіне бірдей кезек көз тастап, соңғы ғана бір, қара өзекті қақ жарғандай шынын айтты. Сыры да сол. Шерлі шыны: -"Кегім... кегім кетті!.. " – деді де, екі танауы қусырылып, кемсеңдеп тұншыға жылады. Қатты қинала жөтеліп, іргеге қарай құлай аунады.

Дертті жастық нені айтып жатқанын Қатша бұлжытпай түсінген.

– Қуарғырлар, соққысы мен мазағына ұшыратып, дертке шалдықтырса да, керек десе қатпа лақ құрым қалжа да бермеді ғой!

Бақтығұл ішінде талай нәрсе кернеп тұрса да, тілге сараң боп:

– Қалжа неге берсін, оны берсе, өзге одан зорғыға да борыштар болам деп жүрген жоқ па қаскей дұспаны, – деді. Үнсіз ғана тұнжырап, қалың қара мұрты еңкейді де, сөзден тыйылды.

"Одан зорғыға" дегені түсінікті. Егер Тектіғұл осы дерттен қаза болса, қалжа берген айыпты кісі құнына да жығынды "құныкер" болар еді. Соны ойлаған дұспан әсте көнсін бе! "Ауру сенен, сенің соққыңнан болды" дегенге бас имес үшін, қалжаны да ауызға алдырмай қойған жоқ.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий