Knigionline.co » Казахские книги » Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В отместку за гибель младшего брата, Бактыгуль Тектигул крадет у богатого Салмена, виноватого в гибели, лошадь. Узнав об этом Салмен избивает Бактыгула, тогда Бактыгуль обращается за помощью к Жарасбаю. Он ему не помог, не выдержав, Бактыгуль убивает Жарасбая…

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бақтығұлдың есінде сайрап тұрған нелер арманды, өксікті күндер бар. Нағашы дегенді іздеп барып, бұлар жиен боп жетіскен жоқ-ты. Қозыбақ аулы деген Бүрген болысындағы малды-басты жуан ауылға екі бірдей малай боп, өзі қой бақты; он жасар інісі қозыға салынды. Содан міне тап былтырғы өткен күзге дейін, табандатқан жиырма жыл бойында Бақтығұл да, Тектіғұл да Қозыбак аулының кенжесі – Сәлмен дейтін сотқар байдың малайы болды. Қойшыдан асқанда, қолы жеткені жылқышылық еді. Он жеті – он сегіз жыл бойында Бақтығұл Сәлменнің мыңға тарта жылқысының сан жүзін тудырып-есіріп, сан айғыр үйірін тыңнан салғызып, әлденеше кәрі бие, ат-айғырын қартайтып, қысы-жазы байдың жылқысының соңында болды.

– Қыс – отарында, жаз – күзетінде. Қасындағы бес-алты: Жамантай, Қоқай сияқты бірі үлкен, бірі құрбы жылқышылармен үздіксіз өмір кешті. Інісі Тектіғұл болса, қойшылықпен он шақты жыл қыршын жас күнін кешіріп еді. Кейін биеші етісті. Күндіз сауында, кешке қой күзетінде оның да тынымсыз, толассыз бейнет өмірі зая кешкен.

Өзге-өзгесінен бұрын, өз малы кезіне кәрінбей, Қозыбақ аулы "барымташы", "жортуылшы" деп, малай жігіттерін кей жаздарда не ғилы пәлеге де салатын.

Бақтығұл жиырма бес – Жиырма алтыға келіп, Тектіғұл жиырмаларға іліге берген шақтарда ағайынды екі малшы алпамсадай мол денелі, ірі қайратты жігіттер боп шықты. Екеуінің бірдей бала шақтарынан өткен еңбектеріне тапқаны тұлдыр еді. Он жыл еңбек еткен Бақтығұл зорға дегенде, көрші кедей малайдың қызы Қатшаны бар ақысын беріп жүріп, әреңге алған.

Тектіғұл міне – бүгін отызда. Әлі үйленген де жоқ. Екеуін бірдей сотқар мінезді Қозыбақ аулы, кейде бір елмен барымталасса, қолдарына қара шоқпар, астарына жүйрік ат беріп, жортуыл бейнетке – соғысқа да салатын. Қозыбак аулының Сәлменнен үлкен ағасы – Сәт болыстыққа таласып, талай партия-сайлауда әлденеше қырғын-жойқын төбелес жасатты. Соларда Сәт-Сәлменнің, исі Қозыбақтың "қара сойыл, дөйір жігіттері шетінен жойқын" десіп, өзге жасақшылар сескене сөйлегенде, Бақтығұл, Тектіғұлды еске алатын. Бұларды кейде қорлай, мазақтай сөйлеп: "екі құл, қос құл" десетін.

Соқтыққыш сотқар ауыл – Қозыбақтың әрі шоқпары, әрі құлақ қақпас ырысты құлдары десетін.

Қозыбак аулы барымтамен байыды. Сондықтан да ол ауылдың басты еркек-ересек малайлары емес, қатын-қалаш, бала-шағасына шейін "білсе – барымта, білмесе – сырымта" дейтін жайларды күле түсіп, көп ауызға алысатын.

Бақтығұл мен Тектіғұл Сәлменнің қолына барғалы бай малы жыл санап төлдей өсудің үстіне, барымта-қоспадан үстей өсу де мол болған. Ағасы – болыс, інісі сотқар қорқау болса, Қозыбақ байымай, кім байысын! Сондай қосылған сырт малының талай да талайы Бактығұлдың құрығы, бұғалығы, ноқтасы да бастарына тиген, барымтамен алғызған әлдекімдердің ақ-адал малдары болатын.

Қысы-жазы ағайынды екі жігіттің еңбегі, ер қайраты кіргізетін кіріс айта қаларлық болса да, Сәлмен осы екі жігітті талай жылдар өзге малайлары тәріздендіріп, ақы бермей жұмсап жүрді. Бұлар көшпелі ел малайы алатын кесікті, дағдылы "пәлен қой, пәлен киімнен" есеп жасап, есесін алуды білген емес.

Сондықтан да Тектіғұлдың басына біткен, берекелі мал дейтін мардымды түк те болмаған. Жиырма жылғы Бақтығұл еңбегінің, он жылғы әйелінің сауын сауып, күңдік еткен қызметінің орайы да ойдағыдай болған емес. Барлығы: Бақтығұл, Тектіғұл -екеуінің ортасында осы бүгінгі жыртық қоңыр үй, төрт – бес қара, он шақты ешкі-лақ. Жиырма жыл бойында жаттың малын жан сала бағып-қағып жүрген, тепсе, темір үзетін ағайынды екі жігіт пен қара шаруаға мығым қаражон Қатшаның "құраған-сымағы" осы ғана.

Еңбегін жегені бір сөрі. Енді міне – өмірін, қыршын өмірін жегенді айтсаңшы! Бақтығұлдың көз алдынан былтырғы бір қарашаның дауылды қара суық түні қалың әлек түйіндей аударылып түсті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий