Knigionline.co » Казахские книги » Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В отместку за гибель младшего брата, Бактыгуль Тектигул крадет у богатого Салмена, виноватого в гибели, лошадь. Узнав об этом Салмен избивает Бактыгула, тогда Бактыгуль обращается за помощью к Жарасбаю. Он ему не помог, не выдержав, Бактыгуль убивает Жарасбая…

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Санаттың ба? Ендеше он алты жасымнан отыз алты жасыма дейін, былтырғы күзге дейін жиырма жылдың қысында қар төсеніп, мұз жастанып, жаз жалғыз түн тыным көрмей күзетіңде, жылқыңның соңында өзім өттім. Қозың мен қойыңның соңында, қо-раңның шетінде түндер бойы көз ілдірмей, жиырма жыл бойы інім – Тектіғүл өтті. Он екі жыл бойында мынау әйелім – Қатша шешеңнің – Қызыл бәйбішенің қолында сарала етек күң болып, отымен кіріп, күлімен шықты. Сол бәріміз кеше қасыңнан кеткенде, немен шықтық? Екі қолымызды мұрнымызға тығып шыққанымыз жоқ па?

Сәлмен шытынап, жарылардай сыздап отыр еді. Мынау сөздер бетке соққан қамшыдай шабақтады.

– Өзің сөйтіп айыпкер де, құныкер де мен болғандықтан, тіліңді осылай безеп, қолыңды маған қарай осылай жұмсап отыр екесің ғой. Сен не дедің осы?! Маған дауыңды айтып, өкіміңді де айттың ғой. Тіліңмен сөгіп, қолыңмен қылып отырсың ғой қыласыңды! Енді оттағанды қысқарт, сал малымды қазір орнына!

– Малыңды ертең көлденеңнің алдына барып айтысқанда аларсың!

– Уәмәй, адыра қал! Не күшіне сенеді екен осы? Қаңғыған қу кедей!

– Мен күшіме сенген кісі емеспін. Сен күштісің. Бірақ мен төрешіден, көлденеңнен арамызды айырар әділет іздемек болдым.

– Аларсың сен, саяқ сандырақ! Қозыбак аулынан есе құмақ сенің не теңің еді? Көлденеңге бармақсың ғой. Барайық. Болсын солай! Бірақ қазір малымды шығарып бер. Бір бие емес, жүз биелік сөзің бар екен. Жеңіп ал да бәрін ал! Қазір биемді шығарып бер!

Бақтығұл бұл тұста жалтармасқа амалы болмады. Айлакер жоқшы алдап түсіргелі отыр. Тығырыққа қамап тұр.

– Биең қазір қолымда жоқ.

– Ол қайда?

– Бір іліктесіме жетектетіп жібердім бүгін.

– Жаның шықсын, өтірік!

– Шыным сол! Бар жауабым да сол! – дегенде қатуланған Сәлмен қамшысын жұлып алды.

Сол кезде төмен отырған сары кісі басын көтеріңкіреп, дүңкілдеген келеңсіз жуан дауыспен:

– Әй, Бақтығұл, жөніңе көшсеңші! Атты алысқа айдап қайтесің. Нақ осы мына қазандағы мұрынды жарып бара жатқан жас жылқының еті қайдан шықты? Осыны қалай танасың? Кәне, енді ағарып көрші! -деп кішкене қазанды Қатшаның алдынан көтеріп алып, ортаға қойып, таң қалған жұрттың көзінше ала қапты жұлып алды.

Сары сақал мұнымен қоймай, Қатшаға бұйрық етті.

– Табақты әкел! Өз малымыздың еті осы. Сен жегенде, біз жемей ме екеміз? Кел, қол жуыңдар! – деп бұйырғанда, барлық он шақты Қозыбақ жігіттері мазақтан күле түсіп, қамданыса бастады.

Қатша ұяттан жерге кіргендей намыстанып, қысылды да, табақты алып берді. Сары сақал етті өзі түсірді. Енді барлық жоқшы оқырана күлісіп, бірін-бірі қылжақпен қағыта отырып, піскен еттің барлығын табаққа өз қолдарымен салды да, қоралай отырып, қол-қолға бір-бір түйірлей үлесіп алып, жақсы піскен жас етті күйсей бастады. Араларына Бақтығұлды шақырған да жоқ. Қатша ашумен көзі жайнап, тамсанып отырып қалды. Өмірде не қорлықты көрсе де, дәл мұндай жер болғанды білмеген-ді.

Бақтығұл бабын таппай, бір нәрсе демек болып еді. Мына жұрт ендігі сөзін тыңдамастан, етті соға берді. Аяғында етті тып-типыл жеп алған соң, тасыр қара Сәлмен Бақтығұлға әмірлі дауыспен зекіп бұйрық етті:

– Тұр, қораңның ішін көрсет! Тінтеміз. Саған осы биенің етінен бір жапырақ бұйыртсам – атым өшсін! Барлық етін қазір алып кетемін. Енді жаның барыңда алдыма түс, бетіңді түзе!

Үй іші тасыр Сәлменнің ашулы сөзінен сескенгендей, жымдай қатты. Бақтығұлдың шаршаған, ашыққан бойы бұрында ашумен қатты тыртысып, зорға шыдап отыр еді. Ендігі мінез мұны да жарып жібергендей болды. Жанындағы Сәлменге суық жүзбен қайсарлана қарады. Қанталаған қызыл көзін бір қақпастан қадалта отырып, ашық, анық қып:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий