Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Кахар» повествует о победе казахского народа во главе с Абылай-ханом в XVIII веке над калмыцкими захватчиками. В книге описывается как Абылай пытался объединить казахский народ, образовать независимое ханство.

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ең алдымен Арқаға қайтпақшы елдер көтерілді. Бұларды қыстың аязымен бірге ақ патша аға сұлтандарының қаһары қарсы алды. Әсіресе Қоңырқұлжа қарамағынан қоныс алған жұрт қатыгез қанды балақ аға сұлтаннан зар жылады. Ол Кенесарыда кеткен өшін қайтып келген елден алды. Бірақ оның да аға сұлтандық өмірі ұзаққа созылмады. Қиянаты тыстан асқан кезде бұның қылмысын тексеруге Омбыдан комиссия шықты. Сол комиссияның ішінде әділетті арман еткен жас офицер Есіркеген де бар болатын. Ол былтыр ғана Петербург кадет корпусын бітірген-ді. Және өткен жылы сол қалада Күміске үйленген. Қазақ елінің келешегі тек ұлы орыс халқымен ғана бірге болса көгеретініне әбден көзі жеткен жас офицер Қоңырқұлжалардан құтылу керек екенін де ұққан. Сондықтан өзінің демократшыл орыс офицерлері арасындағы қадірін пайдаланып, комиссияның сатылған өзге мүшелерінің пікірін аяқсыз тастатып, Қоңырқұлжаны орнынан түсіртті. Сөйтіп аз да болса елі-жұрты мен Күмістің өшін қайтарды.

Ал Кенесары соңынан қуғыншы шықпасын деп отырған жерінен қыс түсе көшті. Кенесарының соңынан мың қаралы үй ерді. Қалған қалың бұқара қаны қарайған ханнан іргесін аулақ салып, өз қоныстарына тарады.

Көш алды қара құрымданып ылдиға түсіп кеткенде, Кенесарымен бірге төбе басында тұрған Досқожа ақын шыдай алмай, домбырасын қағып-қағып жіберіп, көзіндегі жасын іркіп алды да, қарлыққан дауыспен жыр тоғытып қоя берді.

Қалдың деп қайран елім, кең қонысым,

Қамығып тұрды Кене жұртын ойлап.

Кене хан енді көшті «я, құдайлап!»

Тұрған соң хан қамығып, ел жабығып

Досқожа толғай берді кегін қайрап...

Көш ұзаған сайын, жыр да ұзай берді, Шыдай алмаған Кенесары алға қарай асыға шаба жөнелді.

Ағыбай, Бұқарбай, Жеке батыр, Иман, Құдайменді, Наурызбай, Бопай, Таймас, әбілғазы, тағы бір топ кісі аттарын борбайлай қамшылап соңынан ерді. Осыдан жеті жыл бұрын, көтеріліс басталған сәтте-ақ Кенесарыға қосылған бұл батырлардың ішінде, ел билігін қайтадан қолына алған Жоламан сұлтан ғана жоқ еді.

Кенесарының бұл асыға көтерілуі ажалына асығуы болды. Екі жыл өтпей биылғы көрген түсі дәл өңіндегідей келіп, ол Кекілітауының бауырынан ажал тапты.

Ал мынау көш Шыңғысхан шабуылынан бастап, алты жүз жылдан астам өзінің жері, суы, тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ атты көшпенді көкжалдардың ең соңғы ұлы көші еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий