Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Кахар» повествует о победе казахского народа во главе с Абылай-ханом в XVIII веке над калмыцкими захватчиками. В книге описывается как Абылай пытался объединить казахский народ, образовать независимое ханство.

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Заты Кіші жүз, Табын руынан шыққан, он бес үйлі кедей болғанменен, зор денелі Бұқарбай батыр ат жалын тартып мінгелі бар өмірі жауынгершілікпен өткен. Ол әсіресе Қоқан хандығының зекетші, барымташы сыпайларына ерекше қас. Өйтуіне себебі де бар. Табын руы тәрізді, қыс Сырдария бойында көшіп жүрген Шөмекей аулының бір қызын азын-аулақ қалың малын төлеп, «әне алам, міне алам» деп жүргенінде Ташкент құшбегі Мәмет әлімнің шабармандары «мал санын жасырып, зекетті аз төледің» деп сылтауратып Шөмекей аулын шауып жиырмаға тарта көрікті қыз-келіншектерін алып кеткен. Соның ішінде Бұқарбайдың қалыңдығы да бар екен. Осыдан кейін Бұқарбай да Саржан мен Кенесарыға еріп Қоқан шабарман сыпайларының талайын қырды, Мәмет әлімнің жігіттерінің де бері шыққандарын есірей етті. Бірақ күштілерге деген кегі қайт-пады. Өз басының өшпендігіне енді жер-суынан айырыла бастаған ел өшпендігі қосылды. Сол себептен Бұқарбай батыр өз өмірін бүтіндей жауынгершілікке арнаған. Қоқан шапқыншылары айдап бара жатқан малын соңынан қуып барып қайтарып беріп, Шекті руының Күреш деген байының қызын алған. Қызын қалың малсыз бермеймін деген байға, айдай сұлу қызы «Бұқарбай қайтармағанда Қоқанның бір бегінің күңі болып жүрер едім, осы батырға тием», — деп безеріп отырып алған. Сараң әкесі қызын кедей батырға амалсыз берген. Жау десе қорқуды білмеген осы Бұқарбай батыр, баладай аңғырт, ақ болатын, әсіресе ол өлең-жырды жақсы көретін. Өзі де әрдайым, рабайсыз жуан даусымен ән салатын. Әсіресе құла дүзде келе жатқанда Бұқарбайды тыңдау бір ғанибет қызық дәурен. Қандай жыр-қисса болсын бәрін тек Ұлы жүз бен Сыр бойын мекендеген Кіші жүз елі айтатын «Бойым талдай» әуеніне келтіріп айтатын, «Жырдың бұл әнге буыны жетпесе оны «әлеуләйләй» не болмаса «қалауләйләй» мен толықтырып, ал буыны артық болса, сөз ұйқасымын былай қойып, оны екі бөліп, әйтеуір «бойым талдай» сарынына келтіріп соға беретін. «Ау, осы «бойым талдыдан» бөтен әндерің жоқ па, бөтен бір әуенге салсайшы», — деп серігі Ағыбай әжуа етсе, оған: «елімнің бар білген әні осы болса қайтейін», — деп қымсынбай жауап беретін.

Осы Бұқарбай бір күні Үйсін, Дулат, Алшында «Бойым талдыдан» бөтен әуен жоғы жайында бір ел арасында тараған аңызды айтқан-ды...

«ән, деген Бұқарбай, құс тәрізді бүкіл жер-жаһанды кезіп ұшып жүріпті. Кей елдің үстіне тоқтап, ұзақ уақыт қалықтай шырқап әнін үйретсе, кей жұрттың үстінен қасқырдай ұлып өте шығып, ал кей ауылдардың төбесінен тіпті үндемей ұшыпты. Сол ән Жетісу, Сыр бойының тұсынан өткенде, жұмған аузын ашпапты, тек Арқа жеріне жеткенде ғана сан түрлі әуенге салып, ұзақ кідіріпті. Ұлы жүз бен Кіші жүз Орта жүздей әнші болмауының себебі әннің орнына, тек еміс-еміс сарынын ғана естіпті. Сол сарын «бойым талдай» деседі. Сондықтан да біздің білетініміз осы сарын. Ән ордасы — Арқа. Ал бірақ ән қонған Арқадан үйреніп, қазір біз де әжептәуір әнші болып қалдық», — деп Бұқарбай ыржия күлген. Сондағы «әнші болып қалдық» дегені де баяғы бір «Бойым талдай».

Кенесарының да езу тартқан себебі де осы аңқау Бұқарбай сөзі еді. Кенесары кенет, әнді де, Бұқарбайды да ұмытып, қайтадан ой теңізіне сүңги жөнелді. «Иә, Арқа жері құр ән жері ғана ма? Бұл мың жылқы суарылса лайланбайтын айдын көлді, көк толқынды өзенді, ұшы-қиыры жоқ жасыл шалғынды. Жерұйық... Сол Жерұйықпен қоштасуға тура келіп тұр. Мүмкін бұл жолғы қоштасуымыз мәңгілік қоштасу болар». Хан Кене ауыр күрсінді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий