Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Кахар» повествует о победе казахского народа во главе с Абылай-ханом в XVIII веке над калмыцкими захватчиками. В книге описывается как Абылай пытался объединить казахский народ, образовать независимое ханство.

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жетім қалдық айырылып!

Екі бірдей қанатым,

Топшыдан қалды қайырылып!

Балдағы алтын ақ берен

Тасқа тиді майырылып!

Кемшілік түсті басыма,

Көрінгеннен қаймығып!

Нысанбайдың жоқтауы бітер-бітпестен, Орман мен Жанай Қоқан ханына достықтың белгісі етіп, екі арбаға тиеп көз алдымда сарбаздарымның бастарын ала жөнелді. Ішінде Наурызбай қалқамның, Құдайменді, Жеке батыр, тағы осы айқаста қаза болған екі балам мен он бес сұлтанның бастары бар... Бар басты Қоқан ханы «қырғыз манаптары Кенесарыдан қалай өшін алып бергенін көрсін», — деп Ташкент базарының дәл ортасына ағашқа кигізіп іліп қойды. Амалым не, бәрін көріп жатырмын. Ал өзімнің басымды Қалиғұл манап қоржынға салып, Үйсін, Дулат рулары да заты қазақ қой, бүлік шығарып жүрер деп, Жасыл көлдің сыртымен орағытып, Жаркент арқылы Қапалдағы Бесонтиінға алып келді. Мұнда ең алдымен көргенім Кенесарының кегін аламыз деп манаптарға қарсы аттанып бара жатқан қалың Албан, Сыбан жігіттері болды. Олардың не істегенін көргенім жоқ, бірақ алыстан құлағыма келгені: мені өлтіруге қаты-

насқан кісілердің жазасын аямай тарттырыпты. Ал Төрегелді манаптың аулын шауып, өзін ат құйрығына байлап өлтіріпті. Мұны көре алмаған себебім менің басымды Аякөз, Семей арқылы Омбыға ала жөнелген. Омбыға келген соң Аршабоқ, шоқша сақалымнан ұстап тұрып: «Он жыл ұстатпап едің, енді міне қолымда тұрсың. Не істесем де еркім бар...» деп күлді. Мен де күлдім, — «Мықты болсаң тірімде неге кегіңді алмадың? Қу басқа қайрат істеп не қыласың», — дедім. Ол «Кегімді тіріңде алған жоқпын ба? Саған Орман мен Жанай манаптарды айдап салып, сенімен қырқыстырып, ақыры солардың қолыменен басыңды кестірген мен емеспін бе?» — деді, сөйтті де жан-жағында тұрған кілең сары ала тонды жандаралдарға: «Кенесарыны құртуға қатынасқан қыр-

ғыз манаптарын тегіс Омбыға қонаққа шақырайық. Ал мына басты жуан мойнынан айырған әлібек ұлы Қалиғұлға, Россия империясына көрсеткен адал еңбегі үшін, патша ағзам атынан, мойнына қарғы бау етіп тағып жүрсін, георгий лентасына байланған күміс медаль берейік» деді. Сөйтті де менің бетіме қарап: «Міне, Кенесары, күштімен күрессең табарың осы болады», — деп кекете күлді де, есік алдында күтіп тұрған шабармандарына басымды ұстатып: «Тез Петербурға жеткізіңдер!» — деді. Олар мені қайтадан қоржынға салып ала жөнелді. Неше күн, неше түн жүргенімді білмеймін, әйтеуір шірітпейтін бір дәрі жаққан ба, күздің суығында кіші құдай — патша ағзамның өзі тұратын салтанатты қалаға жеттік. Менің сорлы басымды шоқша сақалымнан ұстап неше түрлі жандаралдар сан рет көрді. Ақырында бір күні миымды, бас терімді, кеңсірігімді сыпырып ап, маңдайыма күйдіріп «Қырдың қарақшы сұлтаны Кенесары Қасым ұлының басы» деген таңба салып, өзім секілді бастар, сан түрлі ғажайып суреттер, тас мүсіндер, патша ағзамдардың тамаша заттары тұратын кең сарайға апарып қойды...»

— Ойпырмай, Кенеке, қайдағы-жоқты айтып кеттіңіз ғой, — деді әбден абыржыған әбілғазы, — түс деген сандырақ емес пе, қайтесіз соны еске түсіріп... Қалсын пәлекет сол бетімен түс болып.

— Ләйім айтқаның келсін... Бірақ қорыққанмен жан қала ма, түсімді аяқтайын, шешуін сосын айтарсыңдар.

— Аяқтаңыз.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий