Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Кахар» повествует о победе казахского народа во главе с Абылай-ханом в XVIII веке над калмыцкими захватчиками. В книге описывается как Абылай пытался объединить казахский народ, образовать независимое ханство.

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Таймас бір ретте «Сұлтандар жиылып ел болғанын да көрдік қой, енді құлдарға да кезек берейік», — деп қала жаздады да, Кенесарының салбырап кеткен қабағына қарап, дер кезінде тоқтады. «Қанына тартпағанның қары сынсын» дейді ғой халық, бүкіл қазақ елін әлде де хан тұқымының абыройынан төмен санап отырғанын қарашы, хан иемнің».

Таймас енді алыстан орағыта сөйледі.

— Түс жоруына қарасам, алдымызда күткен тек ажал бар. Әлі де болса ойлансақ, Кенеке...

— Арманыма жету үшін орта жолда ажалым тұрса, одан қорқып, бас тарт-

пан. Он сегізімде найза ұстап, жауға шапқанымда, түбі жау қолынан өлетінімді білгем. Несіне ойлан дейсің маған?

— Артыңызда ерген жұртыңыз бар ғой. Оның тағдырын қайтесіз?

— Мақсатына жете алмаған жұрт енді маған ермейді. Ал ере қалғаны мен не көрсем, о да соны көреді. Бір қайыққа мінсек, енді ажалымыз да, амандығымыз да бір болады.

Таймастың іші мұздап кетті. «Япырмай, бар халық қырылып қалса да Кенекең жартастай мызғымас. Мұндай да тастай қатты адам туады екен!» Бірақ Кенесары өзінің сөзінен шықты. Осыдан екі жылдай өткен соң, Кекілітау баурында бар қолын қырғыз, қоқан, орыс әскері қоршап алып, құтылу жолы жал-

ғыз ғана қоршауды бұзып шығу болғанда, ол: «Аттарымыз мықты, біз қоршау-

ды бұзып шығармыз, ал аттары нашар өзге жұрт не істейді? Жоқ, соңымнан ерген серіктерімді тастап, ажалдан құтылмағаным-ақ болсын!» — деп өзі қолға түскенше әскерімен бір болды, оларды тастап бас сауғалап қашпады.

Дәл осы сәтте Таймас Кенесарыға көршілес елдерден де, соңынан ермеген қазақ руларынан да рақым болмайтынын анық түсінді, Оған кенет хан Кене жан-жағын тасқын қаптаған жалғыз бәйтерек тәрізді көрініп кетті. «Ұзаққа шыдай ала ма сол жалғыз бәйтерек? Бұл сұраққа жауапты тек уақыт ғана бере алатын тәрізді. Таймас Кенесары басына төнген қара бұлтты еш дауыл сырғытып әкете алмайтынын тағы анық сезінді. Ол жараланған қасқырдай неден болса да тайынғысы келмей тұрған қолбасшысын аяп кетті. Ең болмаса соңғы ақылын айтып жәрдем бергісі келді.

— Егер жұрт, туған жерінен айырылғысы келмесе қайтеміз? — деді Таймас. — Оларды сойылдың күшімен көшіре аламыз ба?

— Ондай қаталдықтың енді керегі қанша? Ергені ерсін. Ергісі келмегені қалсын. Халқымның жеткен жері сол болса, өкпелегеннен не табасың...

Ертеңіне мәжіліс ашылды. Кенесары бар жағдайды ашып беріп, Шу мен Іле бойына көшуден бөтен жол жоқ деп сөзін бітіріп: «Ал енді қандай кеңестерің бар?» деп, отырғандарға көз тастады. Отырғандар еш жауап бере алмай жерге қарады. Осылай бірталай мезгіл өтті.

әлден уақытта барып Тәуке батыр:

— Атта жал, адамда қам жоқ, — деді ауыр күрсініп, — біз қозғалып Шуға жеткенше қыс болады... Қыс та бір, жау да бір, босып барып қырылғанша, ажалды ата-мекен жерімізде тосып алған жөн. Ең болмаса көмусіз қалмайық. Көшудің қажеті жоқ.

Тағы да ешкім үндемеді. Тек от тісті, орақ ауызды қызу қанды Қыпшақ Иман батыр орнынан атып тұрып:

— Не малтаңды езіп отырсың. Тәуке батыр? — деді даусы дала қыранындай, шаңқ етіп, — жерінен, суынан айырылған халқына, Кенекең «әлі де болса жауыңа жеңгізбеймін, соңымнан ер» деп отырғанда, ел басына бүгінгі туған ауыртпалықтан қорқып, кейін шегінейін дедің бе? Атта жал, адамда қам жоқ, қыс көзі қырауда деп елдің қамын ойлаған боласың, Тәуке! Айдаһардай жұтайын деп келе жатқан жауыңнан соңынан ерген аз елін басқа жаққа әкетпек Кенекеңнің шешімі ел қамы емей, ненің қамы? Маған салсаң, қарамағымдағы елу ауылды ертіп Шуға қарай бүгін көшуге бармын. Туған жерім деп ақ патшаға кеткен қайырсыз қонысқа жабыса берер жайым жоқ.

Бұл мәжіліс екі күнге созылды.

Ақырында, қарамағындағы елдің азғанасы ғана Кенесарыға еріп, қалғандары өздерінің тастап кеткен жеріне қайтпақ болды.

Күздің қара суығында бір тайпы ел екі бөлініп көшті. Қоштасқан найзагер достар, бірін-бірі қимай әзер айырылысқан сүйіскен жүректер, жылаған бала, жоқтау айтқан әйел, қайғы-қасіреттен адамның төбе шашы тік тұрарлық...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий