Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бала гармоньды алып ойнатты. Гармонь екі қатар тілді — двух-рядка. Баланың өзі гармоньнан үлкен де емес. Бала гармоньды алып қозғағаннан-ақ мұңды, қасіретті күй сарнап жылай бастады. Бала гармоньды ойнатты. Күй қасіретті. Күй жалынды... Дірілдеп сызылған нәзік дыбыс. Дірілдеп жылаған, күйінген сарын біресе күйініп зарлады. Біресе еңіреп жылады. Біресе қалтырап, жүректің мұңды қасіретін шақты. Біресе елжіреп, былқылдап, үзіліп-үзіліп өксіді... Бала гармоньды ойнап отыр. Мойындарымызды салып, жылаған күйді тыңдап, екі қамыққан қасіретті біз отырмыз. Жылаған күйге қосылып, еріп, елжіреп, ақырындап жүрек те қозғалды. Жүректің не нәзік сезгіш тамырлары ақырындап еңірей бастады. Көңіл де еріді. Жан қорғасындай балқыды. Бірте-бірте жылау күшейді. Бәйбіше де жылады. Мөлтілдеп аққан көздің жасын жеңімен сүрте бастады. Елжіреген, күйінген жүрек менің де барлық жан-тәнімді билеп алып кетті. Көзіме ыстық жас келді, біраз шыдадым. Кернеген қасірет қоймады. Еңіреген күй мені де қосып алып кетті. Меніңде көзімнен ыстық жас ағып қоя берді... Біраздан соң тұрып, бәйбішеге қарамай шығып кеттім...

Қалын бұқара, езілген елге қорқыныш кіргенде, сорлылардың қасында бола алмадық. Күш қайда?.. Көкірек күйеді...

Ертеңінде Ақмоладан приставтың шабары келді. Қаладағы бастық ұлық «тұтылған қалашыларды Ақмолаға әкелсін» депті.

Қалашылар қалаға айдалмақ болған соң, ендігі жәбірленгенін көрейін деп артыма қарамай, тез Ақмолаға жүріп кеттім.

Ақмолаға келдім. Бұғылыдағы ауылдық школаға шықпақпын. Біраз ғана күн өтті. Қалада жүрмін. Қалашыларды әкеліп бір суық подвалға қамап тастады.

Қырға лек-лек әскер шығып жатыр. Талай елді шауып, талай қазақты әкеп түрмеге жауып жатыр. Алыстағы ел үріккен. Мал таланған. Жан тонауға түскен. Жазасыз жан атылған. Екі-үш «хан» болған надан сорлыларды әкеп түрмеге қамап тастады. Ұсталып, абақтыға жабылған «хандардың» бірі — Әлсен қажы. Бір-екеуі Шоң балалары. Қазақтар түрмеге сыймай, подвалдарға да қамап жатыр. Түрмедегілерден хабар алынады: «Бунт бастықтарын» түрменің ұлықтары күнде дүрелейді. «Хандардан» күнде жауап алып, ұрып қояды дейді. Әлсен қажыны ұрумен түрмеде өлтірді. Қалаға әскер, офицерлер толып кеткен. Жақындағы ел қорқып, «адам бермек» болған.

Қалаға жақын, «адам бермек» болған елдердің билеушілері қалаға келіп жатыр... Таланған қазақ елдерінің тәуір, асыл нәрселері орыс поселкелеріне толып кеткен. Киіз, текемет, кілем, самауыр, шылапшын, ішік, күміс ер, жүген, құйысқан, күміс білезік, сақина, жүзік, тоқым және басқа осындай нәрселер поселкелерге, одан Ақмолаға толып кеткен.

«Он бес мың әскер жинап жатыр» деген Тінәліге әскер шығып, автомобиль шығып, автомобильмен біраз әскер қайтып келді. Тағы да көбейіп шығып жатыр, Қарағаштағы Шоң елінен әрі Көнек елі деген, біздің ағайын, бір болыс Тоқа болатын. Елінің мықтысы Тақыр Омар деген кісі еді. Қатардан қалмайтын малы аз болған соң ел «Тақыр Омар» атаған. Сол Тақыр Омардың ауылына бір бастығы мен жеті солдат барыпты. Омар бәрін алдап үйге түсіріп, жетеуін де өлтіріпті... Біз санаққа шығатын Қанжығалы деген елге әскер шығып, елін шауып жатыр. Әскерді ертіп жүрген біз көрген болыс Олжабай деп естиміз. Партия уақытында өшіккен ауылдарын патша әскеріне аралатып жүріп, қыстауларын өртетіп, нақақ адамдарын аттырып жатыр деп естиміз. Қырдағы ел қиратылып, әрмен қарай үркіп жатыр. «Үріккен елдің жұрттарында бесіктегі жас балалар, аурулар, кемпір-шалдар қалып жатыр» деп естиміз. «Дүние, мал-мүлік шашылған. Кейбір жерлерде көше қашып бара жатқан ел жасау мүліктерін, үй саймандарын молаларға тығып жатыр» деседі. Бұл хабарлардың бәрі де шын болып шықты. Жер қазып, нәрселерін өлген кісінің қабыры тәріздендіріп қойып кетеді екен. Солдаттар талай моланы бұзып, қоймай тауып алған. Талай шын молаларды қоймай іздеп, талқандап бұзған.

Солдатқа кез болған ел туғалы көрмеген жәбірін көрді. Атылған адам... қып-қызыл дүре. Жәбір-зорлық көрген қыз-қатын, жылаған бала. Асты-үстіне келген ел... Қысқасы, қырға қара пәле тигендей болды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий