Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Әр жерде шариғат айтатын молдалар шыққан. Бұл молдалар: «Қазақтан солдат алмаймын» деген уәдесін бұзған патшаға қарсы соғысу «күнә емес» екенін және «енді қазаттыққа шығудың күллі мұсылманға сүннәт» екенін қуаттап, елге пәтуә таратып жатыр.

«Қарқаралы уезіне қараған елдер де көтеріліп, әскер жиып жатыр дейді. Бір Күмісбек деген молда шығыпты» дейді. Елге: «Қорықпаңдар: еншалла, мұсылман жеңеді. Орыс келсе, көздерін шаң қаптар. Ата алмас қазақты. Атса да, оғы тимес депті», — дейді.

Оған жұрт әбден еліккен. Жұрт «Ой, құдай-ай, бере гөр!» —дейді...

«Қой жайып жүрген бір шал Әнуәрбекті көріпті. Аспанмен айырпланмен ұшып барады екен. Қойдың қасына келіп қоныпты. Шал шошып қалыпты, Әнуәрбек тез айырпланнан түсіп шалға келіп: «Қорықпа, мен Әнуәрбек. Елді байқауға келіп едім. Елдің бәріне айт, қорықпасын. Мен тағы да келемін. Қазір асығыспын», — деп, өзі тағы да ұшып кетіпті дейді.

«Тінәлімен хабарласу керек. Енді даярлану керек!» — деп күжілдейді.

Әлгі Ақмола губернаторының әмірі бойынша елге шыққан ақсақалдардың сөздері жұртқа өтпесін көзбен көрдім.

Мен «бұл қорқатын іс емес, бүлінбей-жарылмай қайта қазақ жастары солдатқа барып, әскердің өнерін үйреніп алып келіп, мылтықпен патшаға қарсы тұру керек», — деп айтып көрдім. Әрине, онымды тыңдайтын болмады. Бірақ табан тіреп соғысатын емес, қыр көрсетіп, көше қашатын тәрізді. Не қылса да әскер жұмысына бармасқа лаж қылатыны анық білінді.

«Қаладан әскер шығайын деп жатыр», — деп, үркуге қопаңдауда. Орыс поселкелеріне жақын кейбір елдер қырға қарай, қалың қазақтың ішіне қарай, жылжып көше бастап жатыр. Бұлардың көше бастағаны отырған елді онан сайын қопаңдатты.

«Он тоғыз бен отыз бірдің арасындағы жастардың орысқа спескесін берме», — деп ел болыстарға қыр көрсетіп қойды. Болыстарды қалаға барғызбай қойды. Спасск заводына кетіп бара жатқан біздің елдің бұрынғы ескі болысының баласын, сол жылғы болыстың інісін әлгі «ханның» бір уәзірі жолдан тосып, бір ауылда кездесіп, ұрып, ауылға қайтарды.

Уәзір болыстың інісіне: Сен қайда барасың? — деген.

Анау: Заводқа барамын, — деген.

Уәзір: Заводта не жұмысың бар? — деген.

Анау: Уат тебе рас! (вот тебе раз!) — деген.

Уәзір жігітті қамшымен салған: Мәсаған, уаттибинас!—деген.

Жұрттың гуілдесіп жиналуы да күннен-күнге өршіп көбеюде. Елдің қопаңдап, үрейленуі де күннен-күнге күшеюде. Орыс поселкелеріне жақындау отырған кейбір елдердің үркіп, алыстағы ел ішіне қарай көшуі де көбейді. Жұрт күңірене бастады. «Тінәліге әскер шықты» деген сөз жайылды. Жұрт атқа тегіс мінуге айналды. Айбалта, найзаларын жарқылдатып, жігіттер топ-топ болып шыға бастады. Қатын, бала, кемпір, шалдың бұдан да жаман жылауына және елдің науыт болуына көз жетті. Елдің өзі де оны сезеді. Бірақ жұрт өлімге бел байлап, орыстың әскерімен бір соғысып, үрікпек. Өлген өлген жерде, қалған қалған жерде жосымақ... Жұрт күңіреніп алды. Жұрт жерімен, суымен қоштаса бастады. Қолдан келер іс жоқ. Салқын қанмен елдің толқынына қарап отыруға шыдай алмай, жүрекке ас батпады. Көкірек қасіретке толды. Күңіреніп «уһ» дегенде көкірегінен жалын шығып, еңіреген ананың көз жасын көріп, дүниеден, малдан, жаннан безіп, өлімге шындап бел байлаған елдің азаматтарын көріп, елдің текке қанға боялып, патшаның солдаттарынан қатын, бала, қарындас жәбір, зорлық көретінін біліп, жалғыз басқа күндіз-түні қайғылы қара тұман үймеледі. Сезгіш жүректің нәзік тамырлары шертіп қалса, үзіліп кететіндей күйге келіп, қатты бұралған домбыраның ішегіндей жүректің нәзік тамырлары сызылып, ақырын еңіреп қалтырайды. Бір жағы үрейленіп, бір жағы меңіреу күшпен өлімге бел байлаған ел ешбір сөзге түсінбейді... Ел тұңғиық, жалпақ теңіздей қозғалды... Тұңғиық қара теңізге қара дауыл соқтықты. Теңіз шайқалып күңіренді. Тұнып жатқан меңіреу күшін күңіреніп, толқып көбігімен сыртқа шашты. Күңіреніп толқыған надан елді ақылға келтіру қиын...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий