Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Астыртын жауласу әсіресе алыс жердегі, шеткі орыс поселкелері мен қазақ арасында жаман көрінеді.

Ақмоладан оңтүстікке қарай, біздің ауылға қарай жүргенде жолда, Нұра деген өзеннің бойында, Захар поселкесі бар. Ақмоладан жүз елу шақырымдай. Захарда сол Ақмола уезінің жырақ оңтүстігін бағып отырған пристав тұрады. Сол Захарға келдім. Приставқа жолықтым. Қазаққа жаны ашыған болып отыр...

Ең шеткі поселкеден шеткі қазақ ауылына мені орыс жемшігі әрең апарды. Апарып, тез түсіріп тастап қайтты. Бұл ауыл —біздің Торқа деген елдің Жолболды деген ауылы. Маған жақын ауыл еді. Қазақтар жиналып келіп, үймелесіп, жабырласып амандасып, менен әр түрлі сөз сұрап жатыр. Мен Көпбай отағасының үйіне кіріп отырдым. Ағайын болған соң және алыс жерден келе жатқан соң, мені күтті. Қаланың хал-жайын сұрады: «Орыстар не қылар екен?» —дейді... «Әскер шығайын дегені рас па?» — дейді. «Қалай болар екен?», «Не қылар екен?» — дейді.

Бұл шеткі жердің қазақтары жиналысып, едәуір күпілдеп, қозғалып алған көрінеді. Орыспен соғыспақ. Әр жігіт атын байлап, сойыл, найза, айбалталарын сайлаған. Ауыл араларында келе жатқан, кетіп бара жатқан топ-топ атты кісілер. Қолдарында, тақымдарында сайғақ. Шошайған сайғақтарының ұштары күнге шағылысады. Жасына, үлкеніне бір меңіреу күш біткен. Бәрі де тәуекелге бел байлаған. Нұраның өлкесіндегі ел Әлсен қажыны өздерінің ортасынан хан сайлап алған.

Айтқан уайым сөз ешкімнің құлағына кіретін емес... Винтовка, пулемет, зеңбірекке қарсы қолдарындағы құлаш төс ағаштың найза, шоқпардың күшін бір сынамай, жиналған жұрттың тоқтайтын түрі жоқ.

«Жерімізді, суымызды алып, енді өзімізге ауыз салған орыспен соғысып, шейіт кетсек, арманымыз жоқ!» — деседі.

Киіз үйде қабаттасып, дөңгелей айналып отырып, гуілдеп сөйлеп, судай тасиды. Еш сөзге табан тіреп, ақылға келетін түрі жоқ сияқты.

Онда қонып, ертең ерте өзіміздің елге қарай жүрдім. Кешке елге жеттім. Біздің ел тіпті мықтап көтерілген. Жұрт жиналып сөйлесуде. Шаруада ешкімнің жұмысы жоқ, өзі бұрын да салақ, жалқау ел, оның үстіне, кәрі-жасы түгел көтеріліп алыпты. Хан сайламақ. Хандыққа Әмет қажыны лайықтаған. Және бір-екі қажыны оған уәзірлікке лайықтаған. Жастардың көбі найза, қанжар, айбалта соқтырып жатыр. Ауыл араларында топ-топ болып ат үстінде жүрген жігіттердің найза, айбалталары жарқ-жұрқ етеді. Жұрт гуілдеп әбден көтерілген.

«Германияға, Керманға барып өлгенше, өзіміздің кір жуып, кіндік кескен жерімізде өлгеніміз жақсы», — деседі.

«Не болса да тәуекел», «Қазаттыққа шығамыз», «Ниеті қазат», «Қазаттыққа шыққан сауап», «Қазатта жүріп өлген кісі шейіт», — деседі.

Қатын-бала, кемпір-шал еңіреп жылауда. Әсіресе еңіреп, көзінің жасын көл қылып отырған — жігіт балалары бар сорлы аналар. Ана сорлының қайғысы қара тұман, іштен шыққан баласы — көзінің ағы менен қарасы. Германға барса да, жоқ бармай, сол жерде орыспен соғысып шейіт болса да, сорлы анаға оңай тимейді. Ана сорлы күндіз-түні баласын ойлап уһлеп, аш өзегі өртеніп, көз жасын көл қылып төгеді...

Біздің елмен жапсар ағайын Қареке деген екі болыс ел Қияштың Нұрланын хандыққа белгілепті. Нұрлан көп жыл болыс болған кісі еді. «Ел адамдары» соны лайықтапты. «Тінәліде он бес мың әскер жиналыпты. Қырық дүкен құрып, мылтық соғып жатыр» дейді. «Оқ өтпейтін киім жасапты» дейді. «Дәрі жасап жатыр» дейді. «Қуыныш қажы хан болыпты» дейді. «Біздің жаққа жиналыңдар деп сәлем айтыпты» дейді. «Тінәлі жаққа пәленше, түгенше ат салыпты» дейді. «Тінәліден бергі өзіміздің «Қарағаш» елі сарбаз жинапты» дейді. «Шоңекеңнің (Шонның) Оспанын хан көтеріпті» дейді. «Оспан біздің елге кісі салыпты» дейді. «Тінәліден Ғалауытдин деген молда шығыпты. «Кәпір жеңіледі. Мен әскердің алдында боламын, ешкімге оқ дарымайды депті», — дейді деп, халық гу-гу етеді. «Тінәлінің ар жағында, Торғай дуанына қараған елдер де хан сайлапты. Атбасарға қараған елдер де хан сайлапты», — дейді.

Қайтсе де ел Германға бармасқа бет алған. Бір үрпиген, бір көтерілген ел, бірдемеге соқпай қайтар емес.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий