Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Түс кезінде Захарға келдік, Захарға таянғанда, Захардың төңірегіндегі қырлардың басында түйеге мінген біреулер жүрді. Күнмен шағылысып, түйедегі адамдардың қолдарында бірдемелер жарқ-жұрқ етеді. Таяна келіп сұрастырып қарасам, Захарды күзетіп жүрген солдаттар екен. Мінгендері банағы айтқан солдаттар ұстаған, Қарқаралыдан астық алуға келген шұбыртпалы түйелері екен. Захарды күзетіп, қарауылдап жүргендері — қазақтардан қорқады.

Приставқа алып келді. Әнеугіден пристав менімен таныс. Әнеугүні қаладан келе жатқанда танысқанбыз. Пристав жүгіріп тысқа шығып, амандасып, келіс түріміздің мәнісін сұрады. Пристав күліп конвойды қайтарып, бізді босатты. Конвой приставқа ырза болмай кетті. Пристав үйіне кіріп отырдық. Сөйлестік, пристав елдің жайын сұрады. Елдің надандығын айттым. «Жолболдының» қағазын бердім. Науыт болып приставтың қолында қамаулы жатқан үш жүз түйелі қалашының жайын сұрап, босатуын өтіндім.

— Қалаға шабарманмен қағаз жіберіп қойып едім. Ертең-бүгін хабар келеді. Сол келген соң ретіне қарай көрейін, — деді.

Қалашылармен жолығуға рұқсат сұрадым. Қалашылардың бастықтарын алғызды. Қалашылар келді. Бастықтары — екеу, біреуі — Шұбыртпалы Ағыбай батырдың немересі Сейіткамал екен, көп таяқ жеп, беттеріне жара түсіп жүдеп қалған екен. Сөйлестім. Көңілдерін жұбатып сөздер айттым... Қазақтарды қайта алып кетті.

Ақмоладан келетін хабарды күтіп жаттым. Қасымдағы жолдасыма (Сатайға) приставтан қағаз алып беріп, елге, елдің бастықтарына, «ханына» хат жазып беріп қайтардым...

Захарда бір қазақ жоқ. Елдің халі қайғылы. Нақақтан-нақақ шашылып, төгіліп, қорлық көріп, көп кісісі атылып, қырдың қалашылары жатыр. Барлығы бір жерде иірулі. Күзеткен солдаттар олардың маңайынан ешкімді жүргізбейді... Ол күні жаттым... Ойымнан қалың надан елдің қазіргі халі, олардың ілгергі болашағы кетпеді. Бір өте қымбат адамым алыста қалғандай жүрек күйеді де жанады. Жүректің өзі нәзік, өзі сезгіш тамырлары шертіп қалса, үзілгелі тұрғандай. Азырақ леп берсе, қозғалып, дыңылдап жылап жібергендей. Жата алмаймын. Отыра алмаймын. Бас, ақыл қалың тұманның құрсауында. Не көптің ішінде жоқ, не қалада жоқ. Адасқан, күллі дүниеде жалғыз қалған сияқты бір жанмын. Уһ! Жалғыздық!..

Тысқа шығып, көшеде жүріп, дүкеннің алдына келдім. Дүкен Кәрім Мұқсынов деген ноғайдікі екен. Ноғайдың елуге келген қартайғандау қатыны тысқа шығып, мені көріп үйіне шақырды. Кірдім. Ноғай өзі қалада екен. Екі жігіт баласы солдатта. Қолында келіні және он екі, он үш жасар еркек баласы ғана бар екен.

Үйіне кіріп сөйлесіп отырдым. Балаларын айтып, қамықты. Екі қамыққан көңіл әңгімелесіп отырдық. Шай қойды. Шай іштік. Сөйлесіп отырмыз. Жүктің үстінде тұрған сырнайға көзім түсті:

— Оны кім ойнайды? — дедім. Бәйбіше:

— Үлкен баламның гармоні (сырнайы) еді. Қазір мына ендігі қарап отырған кішкене балам ойнайды, ойнасын тыңдағын келсе? —деді. Мен:

— Дұрыс, ойнасын, тыңдайын! — дедім.

Бәйбіше баласына:

— Қарағым, ағаң тыңдасын, бір күй ойнап жіберші! —деді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий