Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов
-
Название:Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:42
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
В отместку за гибель младшего брата, Бактыгуль Тектигул крадет у богатого Салмена, виноватого в гибели, лошадь. Узнав об этом Салмен избивает Бактыгула, тогда Бактыгуль обращается за помощью к Жарасбаю. Он ему не помог, не выдержав, Бактыгуль убивает Жарасбая…
Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги
Түрген суының төмен құлап кеткен жолында Назардың солтүстікке, ойға қарай салбыраған тұмсығында қарауытқан шұңқыр сияқтанып тағы да қалың қарағай көрінеді. Ол көк сағымға оранып, жеңіл, көк жібектей перде жамылған.
Бағана көрінген көп жүргіншіні тосып отырғанда, Бақтығұл көзбен айналаның осындай көрінісін шолып шықты. Енді күткен топтың көрінетін де шағы болып қалды.
Көп күткізген жоқ. Аздан соң Орта Қараштың Асы жақтағы кезеңінен асып келе жатқан 10-15 атты көрінді. Көбінің мінгені – жорға, баран мен қылаң. Жүрістері – сол жорғаның орта жүрісі. Кісілерінің ішінде бірен-саран болмаса, толық-жуандары жоқ. Көпшілігі жіңішкелеу келген жас сияқты. Араларында жақсы киінген әйелдері бар. Ақ күміс ер-тоқым-дар жарқ-жүрқ етеді.
Қызыл-жасыл салылар, ақ көйлектердің етектері желбірейді. Анық төрт-бесеуі әйел.
Аттылар Орта Қараштың төменгі жолымен қапталдап, оралып келеді. Даурығып сөйлеген сөздері, күлкілері естіледі. Қызықты, көңілді, көрікті топ. Жүргіншілер кейде екіден, үштен қатарласады да, кейде жол тараған уақытта жалғыз-жалғыз шұбап кетеді. Үлкен топтың қалың ортасында ақжал шабдарға мінген толық денелі біреу келеді.
Бақтығұл демін ішіне тартып, көзін алмай, соған қарайды. Әйелдер осының артында келеді. Бірен-сараны қайта-қайта бұған жанасып келіп, бірдеме айтып күліп, күлдіріп, әзілі жарасып келе жатқан сияқты.
Жүргіншілер жақындап қалды. Жолмен бірге оралып келіп, Бақтығұл жатқан ернеу жолға таман алдыңғылары өрлеп кетерілуге айналды.
Осылай бұрылатын жерде сайда қарақаттың бөлек-бөлек ұсақ түбірлері бар еді. Соған келгенде, кісілердің түсі анық танылмады.
Тықылып жатқан сары ағаштың жапырақтары да көзге қаға беріс болып, бөгет қылады.
Тек жүргіншілер қарақаттан бері қарай жоғарылап, кішкене көгалды бетте шашырап шыққан он шақты түп қарағайдың қатарына келгенде, Бақтыгұл к-рек кісісін әбден көріп, белгілеп алды.
Енді азғантай ғана уақыт қалды. Әлденеден денесі тоңазып, демі дірілдеп, қабағын түйіп түксиіп, Ожардыңқарады. Суық түсті, мұзды биік ақ бұлттай сәлдесін жазып, құлаш сілтеп нұсқағандай болды. Мұз тау мұның ішіне мұздай қайрат кіргізді. Асыққан қол дайындап, ұстап отырған қаруды сығымдап қысып қойды. Күздің салқын күнінде тоңазып, көк темір суық күйге тіл қосқандай болды. басына
Аттардың алды сары ағашқа қатарласып тақыр жер, тастақ бетті тасыр-тасыр, тықыр-тықыр басып етіп бара жатты. Бақтығұл демін ішіне қарай сіміре артып, бар қайратты кеудеге жиып алды. Сол секөнтте тастай түйілген қабақты бір жазбастан, қалың қара мұртты, шоқша сақалды иегін бердеңкенің құндағына әкеліп жатқызды. Көк жөтелдей тиетін сенімді бердеңке бұл уакқтта кұлағы қайрылып, нысанаға құрылып қалып еді, Осы шақта көз алдынан бір боз жорға аяғы тайпалып жыбыр-жыбыр басып өтті де, соның артынан басын шұлғып тастап, талтақтап, аяңдап келе жатқан бәйгі шабдар көрінді. Үстіндегі: Қалыштай жас тоқалын ұзатып алып келе жатқан белгілі зор, жуан денелі болыстың қызыл-күрең жүзінде бақытының шегіне жеткен ырзалық, жұбаныш сәулесі бар сияқты... Алдынан тоса жіберсе, артындағы қабаттала кетеді. Бақтығұл аз бөгелді. Шабдар қатарға келіп, енді ырғалып қиыс өте берді.
Сол уақытта асығып тұрған саусақ жіңішке суық темірді нығыздап қысып қалғанда, қарғыс оғы күрс етті. Бақтығұл басын жұлып, көтеріп алды. Көк шұғамен тысталған түлкі ішіктің жонында теңгедей жерде селдір көк түтін үйіліп, бықсып қалды. Шабдар мылтық даусынан үркіп, атып кеткенде, үлкен денелі болыс шіреніп барып, шалқасынан құлап түсті.
Аттылар шошынып, улап-шулап үйіліп қалды. Жалғыз Бақтығұл болыстың құлағанын көріп қалып, енді шапшаң төмен түсе бергенде, артта келе жатқан әйелдің:
– Ойбай! Бақтығұл!.. – деп саңқ етіп қалған даусын естіді...
"Қап!" деді де, шың-шыңнан төмен шапшаң-шапшаң, секіре-секіре, құлай-құлай түсіп кетті. Жоғарыдағылардың дауыстарын тыңдай отырып, атының қасына келсе, тастаған орнында тұр екен: қарғып мініп алды да, жортып жүріп кетті.